Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Автокөлік өнеркәсібі

Америкалық автокөлік өнеркәсібі 1893 жылы ағайынды Дюреалар АҚШ-та алғашқы цилиндрлі автомобиль шығара бастағанда пайда болды. Ол кезде Құрама Штаттарда негізгі көлік түрі - ат арба еді. Елде автомобиль пайда болғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, Америка бойынша жүздеген өндіруші тапсырыспен авто жасайтын болды.

Ол кездегі автомобильдер керемет таңғаларлық нәрсе болатын. Кейбір үлгілерде артқы орындыққа кіріктіріп орнатылған электр бигудилер де болды. Бұл машиналар сенімсіз әрі қымбат болды: әрқайсысы шамамен 1500 доллар тұратын олар орташа статистикалық отбасының жылдық кірісінен екі есе артық еді. Оған қоса өздері тым аз данамен тараған болатын. Белсенділер – автомобильдердің қарсыластары жолдарды бұзып, тұраққа қойылған машиналарды тікенді сыммен орап тастайтынды шығарды және автомобильмен жүретін бизнесмендер мен саясаткерлерді шетқақпайлауға шақырды. Автокөлік халық наразылығын тудырғаны соншалық, болашақ президент Вурдо Вильсонның өзі оған қосылып: «Байлардың менмендігінің бейнесі... автомобильден асқан социалистік көңіл-күйлердің қуатты ордасы жоқ» деп мәлімдеді2. Literary Digest «кәдімгі «жылқы жегілмеген арба» бүгінгі күні байлар үшін салтанат белгісі болып табылады және келешекте, мүмкін, бағасы төмендеп кетсе де, автомобиль велосипед сияқты кең тарай алмайды» деп болжады3.

Қысқасы, өнеркәсіптің бұл саласы шағын әрі тартымдылығы аз болды. Алайда Генри Форд осылай болу керек дегенге сенген жоқ.

Т Үлгісі

1908 жылы Американың бес жүз өндірушісі тапсырыспен жаңа автомобильдер жасап жатқанда, Генри Форд нарыққа өзінің Т Үлгісін шығарды. Ол оны «ең жақсы материалдардан құрастырылған, көпшілікке арналған машина» деп атады. Ол тек бір (қара) түспен және бір үлгіде шығарылса да, Т Үлгісі сенімді, төзімді болды, оны жөндеу де оңай болатын. Оның бағасы америкалықтардың осы тауарға төлей алатындай мөлшерде болды. 1908 жылы Т Үлгісінің құны 850 долларды құрады, яғни басқа автомобильдерге қарағанда екі есе арзан тұрды. 1909 жылы оның бағасы 609 долларға, ал 1924 жылы 290 долларға төмендеді1. Салыстыру үшін, жылқы жегілетін күйменің - яғни, сол кезде автомобильге ең жақын баламаның - құны шамамен 400 долларды құрайтын. 1909 жылы жарнамалық кітапшада: «Қараңыздар! Ford – жоғары сапалы автомобильдер төмен бағамен» деп жарияланған болатын.

Ford-тың табысқа жетуінің себебі пайдалы бизнес-үлгіде жатқан еді. Стандарттаудың жоғары деңгейі мен опциялардың шектеулі ғана санын ұсынудың және өзара алмастырылатын бөлшектердің арқасында, Фордтың революциялық конвейері қолөнерші-шеберлерді әрбір ұсақ операцияны тезірек әрі нәтижелірек орындайтын, қарапайым, оқымаған жұмысшылармен алмастырды. Сөйтіп Т Үлгісін жасау уақытын сала үшін дәстүрлі болып есептелетін жиырма бір күннен төрт күнге дейін азайтты және жұмыс уақытының көлемін 60 пайызға қысқартты5. Шығынды азайту нәтижесінде Ford-ты сатып алушылардың көпшілігі үшін қол жетімді болатын баға тағайындады.

Т Үлгісін сату көлемі күрт өсті. Ford компаниясына тиесілі нарық үлесі 1908 жылы 9 пайыздан 1921 жылы 61 пайызға артты, ал 1923 жылға қарай америкалық отбасының басым көпшілігінің өз автомобилі болды6. Ford фирмасының Т Үлгісі орасан зор көгілдір мұхит жасау арқылы автокөлік саласының көлемін күрт арттырды. Және ол мұхиттың зор болғаны сонша, Т Үлгісі барлық арбаларды ығыстырып, АҚШ-тағы басты көлік түріне айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]