- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
Адалдық, сенім және ерікті ынтымақтастық – бұл жай ғана қатынас немесе мінез-құлық емес. Бұл - түртіп көруге болмайтын капитал. Егер сенім бар болса, адамдар бір-бірінің ниеттеріне немесе әрекеттеріне қатысты анағұрлым сенімді болады. Егер адалдық бар болса, олар компания мүддесі үшін жеке мүдделерінен бас тартуға дайын болады.
Егер сіз көгілдір мұхит стратегиясын жасап, оны сәтті жүзеге асырған кез келген компаниядан оның табыстылығының себептері туралы сұрастыратын болсаңыз, менеджерлер, ең алдымен, осы түртіп көруге болмайтын капиталдың баға жеткіліксіз рөл ойнағаны туралы айтып беретінін көресіз. Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыра алмаған компаниялардың менеджерлері де сіздің назарыңызды осындай капиталдың жеткіліксіздігіне аударып, дәл осы себептен табысқа жете алмағанын айтады. Бұл компаниялар стратегияны қызметкерлердің сенімі мен адалдығы жетіспегендіктен ауыстыра алмады. Жұмыскерлердің адалдығының, сенімінің және ерікті ынтымақтастығының арқасында компаниялар басқалардың арасында стратегияны жүзеге асыру үдерісінің жылдамдығымен, сапасымен және келісімдігімен айрықшалануға мүмкіндік алады. Дәл осылар стратегиялық бағытты жылдам және ең аз шығынмен ауыстыра алады.
Барлық компаниялар шешімін табуды қалайтын сұрақ мынадай: ұйымның терең қойнауында сенімге, адалдыққа және ерікті ынтымақтастыққа қалай қол жеткізуге болады? Стратегияның жасалуын оны жүзеге асырудан бөлектеп қол жеткізуге болмайды. Көптеген компаниялар мұндай әдісті қолдануға тырысқандарымен, бұл бәсең, сенімсіз енгізудің және алға қарай мехникалық қозғалудың белгісі болады. Әрине, дәстүрлі ынталандыру әдістері: билік пен ақша (бірде марапаттау, бірде жазалау) көмектесуі мүмкін. Дегенмен бұлар адамды жеке басының қызығушылықтарын қанағаттандырудың шегінен асатындай рухтандыра алмайды. Мінез-құлықты анық мониторингтеу мүмкіндігі жоқ жерде жалқаулық пен саботажға есік кең ашылады.
Әділ үдерісті қамтамасыз ету бұл дилемманы айналып өтуге мүмкіндік береді. Стратегияны әділ үдерістің қағидаларына сәйкес ұйымдастырып, бастапқыдан-ақ сіз стратегияға кіріктіре аласыз. Әдетте, әділ үдерістің арқасында адамдар жасалған стратегияға, тіпті, ол ең жақсы болмаса да, олардың нақты бөлімі үшін стратегиялық дұрыс деп саналатын түсініктеріне қарама-қарсы келсе де, оған адал қолдау көрсетеді. Адамдар мықты компания құру үшін ымыраларға және ұтылыстарға бару қажет екенін түсінеді. Олар корпорацияның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мүдделеріне жету үшін қысқа мерзімді жеке ұтылыстар қажеттігін қабылдайды.
Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асырудың себебі қандай болмасын, мейлі ол толымдаушылар өндірісінің аутсорсингі мақсатымен біріккен кәсіпорынның серіктесімен жұмыс болсын, сатуларды қайта бағыттау, өндіріс үдерісін трансформациялау болсын, қоңырауларды өңдеу орталығын Құрама Штаттардан Үндістанға көшіру болсын – біз талай рет байқағанымыздай, бұл динамика жұмыс істейді.
9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
Көгілдір мұхиттың жасалуы – бір реттік жетістік емес, серпінді үдеріс. Көгілдір мұхитты жасап жұмыс тиімділігіне тигізетін қуатты ықпалын зерттеген соң, компания көкжиекте еліктеушілердің пайда бола бастағанын анықтайды. Сауал мынадай: олар қаншалықты тез (немесе кеш) пайда болады? Басқаша айтқанда, көгілдір мұхит стратегиясына ұқсату (имитация жасау) қаншалықты оңай немесе қиын?
Компания мен оның алғашқы еліктеушілері табысқа жетіп, көгілдір мұхитты кеңейте бастаған кезде, оған толып жатқан компания бұзып-жарып ене бастайды. Осы жерде бірінші сауалға байланысты екінші сұрақ туындайды: компания келесі көгілдір мұхитты қашан жасауы қажет? Осы қорытынды тарауда біз көгілдір мұхиттың тұрақтылығы мен жаңартылуы мәселелерін қарастырамыз.