Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегия_В типографию.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз

Нью-Йорктің қалалық көлік полициясының Брэттоннан бұрынғы жетекшілері метродағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр торап бойынша бір полицей жүруі керек, ал кіре беріс пен шыға берісте патруль тұруы қажет деп сендіретін. «Пайданың» артуы (қылмыс санының азаюы) «шығынның» (полицейлердің) сан жағынан артуын білдіретін, ал бұл қолда бар бюджет шеңберінде мүмкін емес еді. Мұндай амалдың қисыны анық-тын: ресурстарды үйлесімді түрде өсірудің есебінен тиімділікті арттыруға болады. Осыған ұқсас қисын көптеген компаниялардың қызметтің жақсырақ көрсеткіштеріне қалай жетуге болатынына қатысты пікірін анықтайды.

Брэттон көлік полициясының бүкіл тарихында қылмыс, қорқыныш пен тәртіпсіздіктер деңгейінің рекордты төмендеуіне полицейлердің санын көбейту арқылы емес, оларды қызу нүктелерге орналастыру жолымен қол жеткізді. Жасалған талдаудан - жер асты жүйесі тораптардан, кірер берістер мен шыға берістерден құралған лабиринт болып табылса да - қылмыстардың басым бөлігі бірнеше станция мен бірнеше торапта ғана орын алатыны анықталды. Оған қоса, Брэттон осы қызу нүктелер қылмыс істеудің жалпы көрсеткіштеріне лайықсыз әсер етсе де, оларға жеткілікті көңіл бөлінбейтініне, ал тәртіп бұзушылық туралы ешқашан баяндалмайтын тораптар мен станцияларда полицейлер саны олардан кем еместігіне көз жеткізді. Шешім ретінде қылмыс істеуді азайту мақсатында полиция күштерін қызу нүктелерге шоғырландыру арқылы оларды қайта үлестіру ісі жүзеге асырылды. Қылмыстар саны күрт азая бастады, ал полицейлердің жалпы саны өзгерген жоқ.

Дәл осындай жағдай Брэттон NYPD-ге келгенше, есірткімен күрес жөніндегі бөлімде де қалыптасқан еді. Бөлім сағат тоғыздан беске дейін және тек жұмыс күндері істейтін, онда полиция басқармасындағы адами ресурстардың 5 пайызы ғана істейтін. Ресурстарға байланысты қызу нүктелерді анықтау мақсатымен, NYPD бөлімшелерінің басшыларымен өткізген алғашқы мәжілістердің бірінде Брэттонның қылмыстық іспен күресу стратегиясы жөніндегі орынбасары Джек Мэйпл үстел басында отырғандарға мынадай сұрақ қойды: олардың пікірінше, есірткімен байланысты қылмыстардың саны қанша? Көпшілігі 50 пайыз деп жауап берді, кейбіреулері 70 пайыз деді; ең төмен болжамды көрсеткіш 30 пайызды құрады. Мэйплдың айтуынша, осы сандарды басшылыққа алса, құрамында NYPD қызметкерлерінің 5 пайыздан кемі жұмыс істейтін Есірткімен күрес жөніндегі бөлімде қызметкерлер саны жетіспейтіндігін мойындау керек.

Сонымен қатар, есірткілердің басым бөлігі демалыс күндері сатылатынына және оларға байланысты қылмыстар да әдетте сол күндері орын алатынына қарамастан, есірткімен күрес жөніндегі жасақтардың көбі дүйсенбіден жұмаға дейін ғана жұмыс істеген. Неліктен олай? Өйткені бұрын да солай болған; бұл ешкімнің күмәнін туғызбаған дәстүрлі modus operandі еді.

Осы деректерді баяндап, қызу нүктелерді анықтаған соң, Брэттонның NYPD қызметкерлер мен ресурстарды түбегейлі түрде қайта үлестіру туралы ұсынысы тез қабылданды. Сәйкесінше, Брэттон қызметкерлер мен ресурстарды қызу нүктелерге қайта бағыттады, нәтижесінде есірткімен байланысты қылмыстар саны күрт төмендеді.

Қажетті ресурстарды ол қайдан алды? Сонымен қатар Брэттон өз ұйымының суық нүктелеріне баға берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]