Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы және зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған. «Шоқан» деген ат - әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.

Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.

Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады.

Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықтарының тарихын, өмірін зерттеді. Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар.

1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П.П.Семенов, Тян-Шанскиймен, Ф.М.Достаевскиймен дос болды. Ф.М.Достаевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыс зерттеушісі Е.И.Ковалевский Шоқанды «қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы», - деп атады. Потанин оны «шығыстың құйрықты жұлдызы» деді.

Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Ұлы ғалымның құрметіне Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

Жаңа сөздер:

еркелетіп қойған аты-уменьшительно-ласкательное имя

парасатты-смышленный

әжесінің бауырында-у бабушки

хат тану-обучиться грамоте

әуелде-вначале

тыйым салынған-запрещенный

аймақ-окрестность

асыл мұра-ценное наследие

хатқа түсіру-записать

озық ойлы-прогрессивно мыслящий

туған бауырындай көрді-относился как к родному

мемлекет мүддесін қадір тұтушы - защитник интересов государства

құйрықты жұлдыз-комета

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді абзац бойынша оқып, әрбір абзацқа тақырыпша қойыңыз.

  2. Жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.

а) «Шоқан» деген ат (ласкательное имя, данное ему родителями), оның шын аты – Мұхаммедқанафия.

ә) Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде (родился).

б) Ол өте (умный, смышленный) бала болып өсті.

в) (Воспитываясь у бабушки), ол арабша хат таныды.

г) Шоқан Уәлиханов 12 жасында (Омский кадетский корпус) оқуға түсті.

  1. Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерімен сөйлем құрастырыңыз.

  2. Берілген сөздермен бірнеше сөйлем құрастырыңыз: қоғам, ғылыми, зерттеуші, мұра, ел, зиялы, ұлт.

  3. Мына сөйлемдерді орын тәртібімен орналастырыңыз.

а) Шоқан ұрпаққа Уәлиханов 30 жыл өмір қалдырды сүріп, аса бай мұра.

ә) Шоқан кезінде парасаттылығын бірнеше тілде, өз сөйлеп таныты.

б) 12 жасында Шоқан түскен Омбыдағы корпусына оқуға кадет.

в) 22 жасында Орыс қоғамына болған мүше география.

г) Шоқан туған армандайтын халқының тұрмысқа жақсы жетуін.

  1. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.

а) Шоқан әжесінің бауырында өсті.

ә) Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.

б) Шоқан Уәлиханов қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықтарының тарихын, өмірін зерттеді, бірнеше тілдерді білген.

в) Ол қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді.

г) 1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды.

  1. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, Шоқан Уәлиханов туралы шағын шығарма жазыңыз.