Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Менің бөлмем

Біздің пәтер тоғызыншы үйдің екінші қабатында. Үйіміз үш бөлмелі. Менің бөлмем сол жақта. Бөлмеме күн сәулесі түседі. Бөлмем шағын, жарық және ыңғайлы. Бөлмемді таза ұстауға тырсамын. Күнде таңертең терезені ашып, ауаны жаңартамын. Бөлмемде өзіме қажеттінің бәрі бар. Оң жақта кереует және компьютер үстелі, сол жақта шкаф және айна тұр. Қабырғада кітап сөресі, онда оқулықтар, көркем әдебиеттер, дәптерлерім тұр. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Еденде кілемше жатыр. Терезе алдында гүл өсіп тұр. Менің достарым маған қонаққа келіп тұрады. Олар менің бөлмемде отырады. Біз бірге сабаққа дайындаламыз, ән тыңдаймыз. Бөлмем маған ұнайды.

Жаңа сөздер:

сол жақта-на левой стороне

ыңғайлы-удобный

кілемше-коврик

перде-штор

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, сөздіксіз аударыңыз.

2. Тәуелдеңіз: бөлме, компьютер.

3. Жіктеңіз: қонақ, дос.

4. Бөлмеңіздегі ең қажетті затыңыз туралы айтыңыз.

5. Асты сызылған сөздерді құрамына қарай талдаңыз.

6. Жалпы зат есімдерге жалқы зат есімдер жазыңыз.

Оқулық:

Үй жиһаздары:

Сан:

7. «Менің бөлмем» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

Жатақхана

Қаламызда студенттер жатақханасы көп. Біздің жатақхана Оңтүстік-шығыста, университет көшесінде орналасқан. Жатақханамыз тоғыз қабатты. Данияр екеуміз бесінші қабатта, 513 - бөлмеде тұрамыз. Бөлмеміз шағын, ыңғайлы. Бөлмені таза ұстауға тырысамыз. Бөлменің сол жағында және оң жағында кереует, ортада бір үстел, екі орындық бар. Қабырғада кітап сөресі және сағат тұр. Еденде кілемше жатыр.

Жатақхананың бірінші қабатында асхана, студенттердің бос уақытын өткізетін демалыс бөлмесі бар. Демалыс бөлмесінде үлкен теледидар және музыкалық орталық тұр. Мұнда студенттер шахмат, дойбы ойнайды, газет-журналдар оқиды. Осы бөлмеде оқытушылардың, студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен кештер өтіп тұрады.

Жатақханаға жақын жерде студенттерге қызмет көрсету кешені орналасқан. Студенттер үшін монша, шаштараз жұмыс істейді. Біздің жатақханада студенттерге жақсы жағдай жасалған.

Жаңа сөздер:

ыңғайлы-удобный

орналасқан-расположен

демалыс бөлмесі-комната отдыха

сөре-полка

кереует-кровать

кешен-комплекс

монша-баня

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, сөздіксіз аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Сіз жатақханада тұрасыз ба?

ә) Сіздің бөлмеңіз нешінші қабатта?

б) Жатақханада тұру сізге ұнай ма?

в) Жатақханада кіммен тұрасыз?

3. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: жатақхана, бөлме, есік, үстел, оқулық.

4. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз: студент, бөлме, оқулық, орындық, үстел.

5. Мәтіндегі зат есімдерді көпше түрде жазыңыз.

6. Мәтіннің соңғы абзацының әр сөзіне сұрақ қойыңыз.

7. «Жатақханада» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:6]

Қосымша әдебиет: [1.7:30]; [1.7:13]

ІІІ апта. Кредит 7-9.

Тақырып: Тіл - қарым-қатынас құралы. Мемлекеттік тіл мәртебесі. Тіл туралы заң. Тіл құдіреті.

Грамматика: Етістіктің шақтары. Осы шақ. Нақ осы шақ.

Мәтіндер: Мемлекеттік тіл мәртебесі.

Мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы - қазіргі қоғам талабы.

Ежелден, атам заманнан тіл – елдің мәдениеті, әдебиеті өсіп-өніп, отбасындағы тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениеттің арнаулы құралы – ғылымның атаулы саласы екендігі даусыз... Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры.

...Тіл байлығы – елдің елдігінің айғағы, көркем және ғылыми әдебиеті, өнеркәсібі, мәдениеті, қоғамдық құрылысы, салт-санасы, жауынгерлік дәстүрі, тағы басқа мұрасы қай дәрежеде екенін көрсететін, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Әр тілдің өз ырғағы бар.

...Қазақ тілі еш уақытта өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. ...Біздің тіліміз көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал. ...Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.

Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Ол Қазақстанда 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.

Жаңа сөздер:

қажет-нужно

талап-требование

заман-эпоха, время

дау-спор

айғақ-доказательство

мұра-наследие

екіталай-сомнительно

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, сөздікпен жұмыс жасаңыз, сөйлем құрастырыңыз.

2. Мәтіннің негізгі мазмұнын сақтап, қысқартыңыз.

3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды есте сақтаңыз, мысалдар жазыңыз.

Дауыссыздар

қ ғ һ ң

дуыстылар

ә

ө

ұ

ү

ы

і

4. Мәтіннен зат есім+етістік тіркестерін теріп, сөйлем құрастырыңыз.

5. Бос орынға тиісті дыбыстарды қойып, сөздерді орыс тіліне аударыңыз..

м

а

 

с

а

т

с

 

б

а

қ

а

 

а

м

а

т

б

 

й

о

 

у

д

ә

с

 

ү

р

к

ө

ң

 

л

б

і

 

і

м

қ

а

ж

е

т

т

 

л

і

к

6. Мәтіннен өткен шақтағы етістіктерді теріп жазып, нақ осы шаққа айналдырыңыз.

7. Мәтіндегі тұйық етістік формалы сөздермен сөйлем құраңыз.