Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Туған өлкенің өзен-сулары

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.

Сусыз тіршілік жоқ. Егер бейнелеп айтсақ, суды жердің қаны деп атауға болады. Жаралы адамға қан жоғалуынан өлім қаупі жиі төнеді. Тағы бір жағы қан өзінің негізгі қызметін орындау қабілетінен айрылғанда тіпті қауіпті.

Қазір су мәселесінде де осындай жағдай байқалып отыр. Біріншіден, кейбір аймақтарда жеткіліксіз, екіншіден ластанудың түрлі формаларының ықпалымен су «дертке» ұшырайды, сөйтіп қолдануға жарамсыз болу қаупі арта түседі.

Жер шарындағы судың жалпы көлемі орасан көп - 1,5 миллиард текше километрдей. Бірақ мұның 94,2 проценті мұхиттарда шоғырланған. Жер шарының үштен екісі - су. Оның 97 проценті ішуге жарамсыз тұзды суынан тұрады. Демек, ішуге жарамды су ресурстары көп емес.

Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр.

Елді мекендер, фабрика, зауыттар мен егістікке жақын маңнан ағатын өзендер өндіріс қалдықтары, канализация және егістік дәрілерімен ластанады. Мұндай су түрлі жұқпалы ауруларға жол ашып, өлімге себеп болатынын айтпаса да түсінікті.

Қазақстан жер асты су қоры 7 триллион текше метрге тең. Былайша айтқанда 25 Азов теңізінің немесе 70 Балқаш көлінің суының қорындай су бар деген сөз.

Қазақстанның байтақ жерінде көл саны - 4900, жалпы ауданы 4500 шаршы шақырым. Балқаш көлі - жер үстіндегі табиғи тұйық су қоймаларының бірегейі.

Республикамыздың жер асты суларының ішінде адамның денсаулығына шипалы және термальды (ыстық) сулар мол. Атап айтқанда, Сарыағаш, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының қойнауларындағы Алма-Арасан, Қапал-Арасан бұлақтары адам денсаулығын шыңдауға көмектеседі. Сондай-ақ, Орталық Қазақстандағы Жосалы, Шалқия, Мойылды, Шалқар, Маңқыстау минералды су көздері, шығыстағы Рахман бұлағы денсаулыққа өте пайдалы. (Баспасөз беттерінен)

Балқаш көлі. Балқаш көлі оңтүстік шығыста орналасқан. Ұзындығы - 614 шақырым, ені -74 шақырым.

Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды.

Балқаш көлінің орташа тереңдігі - 6 метр, кейбір жерлері - 27 метр.

Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байқал көлі туралы» заң бар. Парламент «Балқаш көлі» туралы заң қабылдаса, артық болмас еді. Себебі Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды.

АҚШ үшін Мичиган, Ресей үшін Байқал, Қырғыз үшін Ыстықкөл, ал біз үшін Балқаш соншалықты қасиетті, теңдессіз ұлттық және табиғи байлығымыз.

Балқаш көлінің ластану себептері көп:

а) Техногендік ластану жоғары;

ә) Балқаш кен-металлургия комбинатының қалдықтары Балқашқа ағып келеді;

б) Сарышаған әскери полигонының да әсері көп.

Көлді апаттан құтқару үшін қоғамдық қор құру керек, аймақтық бағдарлама жасау керек. Экологиялық мәселені шешу үшін қаржы керек, сондықтан заң жобасын талқылау кезінде осыған ерекше назар аудару керек.

Жаңа сөздер:

қазіргі таңда - на сегодняшний день

өзекті мәселе - актуальная проблема

жауапсыз қарау - отнестись безответственно

бүлдіру - портить

тіршілік - жизнь

бейнелеп айтсақ - если сказать образно

қауіп - опасность

ластану - загрязнение

дерт- болезнь

тұзды су - соленая вода

апаттан құтқару - спасать от катастрофы

қаржы керек - нужны финансы

аймақтық бағдарлама - региональная программа

комбинат қалдықтары - выбросы (отходы) комбината

су тапшылығы - дефицит воды

1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) Сусыз тіршілік бар ма?

ә) Жер шарындағы су көлемі қандай?

б) Қанша проценті жарамсыз?

в) Су тапшылығы бар ма?

г) Қазақстандағы қандай көлдерді білесіздер?

ғ) Балқаш қайда орналасқан?

д) Балқашқа қандай өзендер құяды?

е) Балқаш суы таза ма?

ж) Балқашта балық көп пе?

з) Балқаш көлі тұзды ма?

2. Су сөзіне анықтауыш сөздер жазыңыздар.

Үлгі: тұщы су, суық су...

3. Балқаш көлі сөз тіркесін септеңіздер. Сөйлем құраңыздар.

4. Салалас құрмаластың түрлеріне назар аударыңыздар:

а) Ол әжесінің Балқаш туралы аңызын сүйсіне тыңдады, оның әңгімесін қайта-қайта есіне алды (Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем).

ә) Мен бүгін балық аулауға барамын, сондықтан үйде болмаймын (Себеп-салдар с.қ.с.)

б) Біз оны суға түсірмек болдық, бірақ ол оған көнген жоқ (Қарсылықты с.қ.с.)

в) Табиғатта тыңайтқыштың екі түрі бар: бірі - органикалық тыңайтқыш, екіншісі – минералды тыңайтқыш (Түсіндірмелі с.қ.с.)

г) Егер көлге түсуші болсаң, менен жақсылық таппа (Шартты с.қ.с.)

ғ) Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар (Салыстырмалы с.қ.с.)

д) Біз не көлге барамыз, не тауға шығамыз (Талғаулы с.қ.с.)

5. Антуан де Сент Экзюперидің су жайында жазған шағын мәтінін жаттап алыңыздар.

«Су, сенде дәм де, түс те, иіс те жоқ, сені бейнелеп жазудың өзі қиын. Сенің не нәрсе екеніңді білмей тұрып-ақ жан рахатын табасың. Сені өмірге қажетті нәрсе деп қана қою жеткіліксіз: сен өзің өмірсің, тіршіліксің».

6. Мәтінге 5 сұрақ дайындаңыздар. Мәтінді әңгімелеңіздер

7. Мәтіннен және бесінші тапсырмадағы сөйлемдерден шылауларды тауып, қай түрі екенін анықтаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:13]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:24]; [1.7:30]

Х апта. Кредит 28-30.

Тақырып: Қазақ зиялылары. Әлихан Бөкейханов. Жүсіпбек Аймауытов. Мағжан Жұмабаев.

Грамматика: Сан есім, оның түрлері.

Мәтіндер: Әлихан Бөкейханов

Қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына өз үлесін қосқан қазақ зиялыларының бірі Әлихан Бөкейханов.

Әлихан Бөкейханов – Санкт-Петербург орман технологиялық институтының экономика факультетін 1894 жылы бітірген. Мемлекет, қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы, ғалым. «Алашорда» үкіметінің басшысы, көсемі. Баспасөз жұмысына 1880 жылдардан бастап араласады.

Ә.Бөкеханов 1922 жылдан бастап Мәскеуде тұрады. Жазу жұмысымен шұғылданып, үздіксіз еңбек етеді. Ә.Бөкейханов Мәскеуде «Ер Тарғын» - 1924, «Потаниннің өмірбаяны» - 1923, «Мақардың түсі» - 1923, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - 1924 жылдары баспадан жариялайды.

1925 жылы Л.Н.Толстойдың «Кавказ тұтқыны», «Жұмыртқадай бидай», «Жеті қарақшы» атты тағы үш шығармасын аударып, бастырып шығарды.

1926 жылы Ә.Бөкейхановтың «23-жоқтау», «Шестаков», Т.Утковтың «Жердің қысқаша тарихы» атты түпнұсқалы және аударма кітаптары шықты. Ә.Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған.

Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл – бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә.Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары – қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының ролі ерекше болды.

1917 жылға маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті – автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр.

Жаңа сөздер:

ұлттық мәдениет-национальная культура

зиялы-интеллегент

қоғам қайраткері-общественный деятель

көсем-вождь

шығарма-произведения

тупнұсқа-оригинал

өкіл-представитель

бағдарлама-программа

мүмкіндік-возможность

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтінде берілген сан есімдерді сөзбен жазып, сан есімдермен бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

3. Мәтін бойынша оқытушының сұрақтарына ауызша жауап беріңіз.

4. берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: ұлттық мәдениет, қазақ зиялылары.

5. Әр абзац бойынша сұрақтар дайындаңыз.

6. Болжалды, топтау, жинақтау сан есімдерімен сөйлемдер құрастырыңыз.

7. Сандарға байланысты мақал-мәтелдер жаттап, мағынасын түсіндіріңіз.