Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы

Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, тілдерді қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті. Осы Заңның ережелерін іске асыруды кадрлар, материалдық-техникалық, қаржы, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарыға жүктеледі.

Жаңа сөздер:

заң – закон

дамыту – развивать

құқық – право

өкіл – представитель

жергілікті – местный

ереже- положение

Тапсырмалар:

1. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойыңыз:

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкіл... және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасы... мемлекеттік тіл... барынша дамыту..., оның халықаралық беделін нығайту...;

Қазақстан Республикасы.... барша азаматтары... мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі... қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар... жасау...;

Қазақ диаспорасы... ана тілі... сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсету... міндетті.

Осы Заң... ережелері... іске асыру... кадрлар, материалдық-техникалық, қаржы, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы... Үкіметі... және өзге де мемлекеттік органдары... жүктеледі.

2. Екі қатардан сөз тіркесін құрастырыңыз.

І. ІІ

Мемлекеттік тегі

Жергілікті негіздері

Атқарушы білімі

Заң тіл

Материалдық шығару

Құқықтық жағдай

Шығу орган

Тіл өкіл

3. Кестені толтырыңыз

Сөз

Сөз тіркестері

Сөйлем

Мәртебе

Дәстүр

Мәдениет

4. Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Тіл – (қандай?) құрал. Тіл арқылы біз (не істейміз?). Қазақ тілі – (қандай тіл).

5. Келесі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз: национальность, народ, родной язык, государственный язык, изучать язык другого народа, уважать родной язык, знать родной язык.

6. Үлгі бойынша бір-біріңмен сөйлесіңдер.

- Сенің ана тілің қай тіл?

- Менің ана тілім – орыс тілі.

- Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

- Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

- Сен қандай тілдерді білесің?

- Мен орыс тілін жақсы білемін, қазақ, ағылшын тілдерін үйреніп жүрмін.

- Сен қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсің?

- Мен қазақ халқы туралы көп білгім келеді, қазақтармен қазақша сөйлескім келеді.

7. Мәтінді түсініп оқып, есте сақтаңыз.

Тіл құдіреті

Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын, қадірлі де құдіретті. Қандай ұлттың болмысын, ұлылығын, кісілік келбетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш бар ма? Тіл және оны құрастыратын сөздер қасиетінің қалай бағаланатыны жөнінде кім не айтты, оның бәрін тізіп көрсету мүмкін емес. Тіл зерттеуші ғалым В.И.Ильич – Свитыч: «Тіл – уақыт деген өзеннің өткелі, ол бізді өткен бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі; бірақ судың тереңінен қорыққан жан оған жете де алмайды» дейді. Тіл тарихының тамыры тұңғиық тереңнен ғана табылатындығы осыдан-ақ белгілі.

Француздың ұлы жазушысы Оноре де Бальзактың «Сөздердің өмірі туралы қандай тамаша кітап жазуға болар еді» деп армандауы сөз құдіретін және тарихын білуге құлшыныс.

Қай халықтың болмасын тілі - өзіне тән қымбат та қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз. Осы орайда қазақ тілі туралы өзге ұлт өкілдерінің кейбір ой-пікірлерін мысалға келтірейік.

Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А.Жорри де Манси: «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» десе, түркі тілдерін зерттеуші орыстың әйгілі ғалымы В.В.Радлов: «... ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Еуропада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса, сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда, шешен де тапқыр» деп тұжырым жасайды. 1926 жылы Қазан қаласында басылып шыққан кітабында татар ғалымы А.Саади қазақ тілі жөнінде: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол да қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек» - деп атап көрсеткен (Ә.Нұрмағанбетов).

Жаңа сөздер:

парасат-интеллект

бағалау-ценить

тұңғиық-глубокий

қазына-богатство

маржан-коралл

гауһар- бриллиант

тапқыр-находчивый

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздермен сөз тіркесін жасаңыз.

2. Мәтіндегі етістіктерді құрамына қарай талдаңыз.

3. Көрсету, білу, армандау, байқау, тұжырымдау сөздермен осы шақта сөйлем құраңыз.

4. Сөз құдреті, тіл туралы мәтіндегі аталған ғалымдардың ойымен үндес қанатты сөздер жазыңыз.

5. Тілдің дамуы, тілдің аясының тарылуы, тілдің шұбарлануы тіркестерімен сөйлем құраңыз.

6. Сөйле сөзін жіктеңіз, тәуелдеңіз.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:1]; [1.7:6]

Қосымша әдебиет: [1.7:9]; [1.7:12]

ІҮ апта. Кредит 10-12.

Тақырып: Күн тәртібім. Уақытыңызды қалай пайдаланасыз? Уақытты үнемдей біл.

Грамматика: Өткен шақ. Жедел өткен шақ.

Мәтіндер: Күн тәртібі

Уақытты үнемдеу үшін студенттің күн тәртібі болғаны ыңғайлы. Менің Ажар деген құрбым бар. Мен оған үнемі таң қаламын. Ол уақытын бос өткізбейді, себебі ол өзіне күн тәртібін жасап алған. Әсел сағат сегізде тұрады, содан соң дене шынықтыру жасайды, жуынады, киінеді, тамақ ішеді. Кішкентай сіңілісін балабақшаға апарады. Ол ешқашан сабаққа кешікпейді.

Күн сайын ол сағат 16.00-де музыка мектебіне барады. Аптасына екі рет драма үйірмесіне қатысады. Кешке үйге азық-түлік әкеледі. Үйде тамақ пісіреді. Сағат 20.00-де босайды, сабақ оқиды. Оның ең жақсы көретін ісі – кітап оқу. Сондықтан да ол ұйықтар алдында үнемі кітапты қолына алады, ол көп оқиды. Ажар – үздік студент. Ажардың айтуынша, ол мектеп кезінен өзіне күн тәртібін жасауды әдетке айналдырған. Ол әрбір іске уақыт табады. Өйткені, өз уақытын жоғары бағалайды.

Жаңа сөздер:

күн тәртібі-распорядок дня

қай сағатта?-в котором часу?

сағат алтыға таман-к шести часам

кеш-вечер

күндіз-днем

түн-ночь

дәл-точно

қай сағатқа дейін?-до которого часа?

нешеге дейін?-до какого времени?

көңілді-веселый

көпшіл-общительный

құрбы-подруга

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді оқып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.

  2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  3. Тәуелдік жалғаулы зат есімдерді көрсетіңіз.

  4. Мәтінді оқыңыз, өз күн тәртібіңіз туралы айтыңыз.

  5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз таңертең нешеде тұрасыз?

Сіз сабаққа нешеде барасыз?

Сіз сабақта нешеге дейін боласыз?

Сіз түскі үзіліске нешеде шығасыз?

6. Мәтіндегі етістіктерді жедел өткен шақ түрінде жазыңыз.

7. Кішкентай сіңілісін балабақшаға апарады.

Ол ешқашан сабаққа кешікпейді сөйлемдеріне қарсы пікір айтыңыз.