Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Астаналар тарихы

Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі – ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалары мен орталықтарының болуында. Бұл қалалардың саяси-экономикалық, әскери-шаруашылық, сауда, ең бастысы ел басқаруда маңызы зор.

Орынбор

Орынбор – тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын.

1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген. Сөйтіп, Орынбор бекінісі Ресейдің бүкіл Орталық Азияны басып алуының кілті болған. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары аталған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» жорналы осы қалада басылып шыққан.

Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқаев және тағы басқа қазақ зиялылары жұмыс істеп, еңбектер жазған.

Қызылорда

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов осы Сыр өңірінде еңбек етті.

Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты бой көтерген.

Қазіргі Қызылорда – ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны, газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы.

Алматы

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

Алматы – көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан екі мың жыл бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-ақ Алматы деп аталған.

1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға «Верный» («сенімді» деген мағынада) деген ат берілді.

1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.

Қазіргі Алматы - өндірістің, ғылым мен мәдениеттің, өнердің аса ірі орталығы. Қазіргі кезде миллионнан астам көп ұлтты халқы бар.

Республика тәуелсіздігінің белгісі – Алтын адамның биік бағана үстіне орнатылған мүсіні алыстан көз тартады.

Жаңа сөздер:

ант-клятва, присяга

бекініс-укрепление

зиялы-интеллегент

тоқшылық-сытость, достаток

елес-признак

лайық-подходящий, соответствующий

Тапсырмалар:

1. Мәтіндерді кезекпен оқыңыздар.

2. Мәтіндер бойынша бес сұрақ дайындаңыз.

3. Мына сөздерді аударңыз және осы сөздермен сөйлем құрастырыңыз: ақындар, өнер, әскери, азамат.

4. «Әуежайда» тақырыбына шетелдік досыңызбен сұхбаттасыңыз.

5. Мәтіндерден тәуелдік жалғауынан кейін келген септік жалғаулары бар сөздерді талдаңыз.

6. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.

7. «Менің қалам» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:27]

Қосымша әдебиет: [1.7:30]; [1.7:13]; [1.7:25]

ІХ апта. Кредит 25-27.

Тақырып: Қазақстан табиғаты. Қазақстан экологиясы. Туған өлкенің өзен-сулары

Грамматика: Шылаулар.

Мәтіндер: Қазақстан табиғаты

Қазақстан Республикасының табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала, тау, орман, өзен, көлдер кездеседі.

Жетісу өңірінде ақ басты таулар мен одан басталатын сарқырамалар, жидегі мол сайлар мен көгалдар көршілес жатыр. Орталық Қазақстан жазық даласын, ұсақ қыраттарын, әдемі де сирек құстар мекені – Теңізді мақтан етеді. Солтүстік пен Шығыста қарағайлы ормандардың әдемілігі көз тартады. Қазақстан Республикасында сирек жан-жануарлардың 305 түрі, өсімдіктердің 87 түрі кездеседі.

Маңғышлақ бұғазында теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия ойпаңы бар. Елімізде бірнеше табиғат қорығы бар, олар мемлекет қамқорлығына алынған.

Қазір Қазақстанда табиғат байлығын қорғау, оны арттыру үшін «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істеуде. Ол дүниежүзілік «Гринпис» қозғалысымен үндес. «Жасыл ел» жастарды табиғатты қорғауға, сақтауға шақырады.

Жаңа сөздер:

сарқырамалар – водопады

сайлар –ущелья

көгалдар – луга

қыраттар – мелкие сопки

бұғазы - полуостров

ойпаңы - впадина

қорық - запаведник

қамқорлық - забота

қозғалыс – движение

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, бірнеше сұрақ дайындаңыз.

2. Қорықтарды атаңыз, сурет бойынша әңгімелеңіз.

3. Сөйлемді жазып сын есімдерді көрсетіңіз:

Орталық Қазақстан ең биік нүктесі – Қызыларай таулары. Қарқаралы туралы әдемі аңыздар бар. Көкшетау туралы ең атақты шығарманы С.Сейфуллин жазған. Балқаш көлінің суы екі түрлі: бір жағы ащы, бір жағы тұщы. Маңғышлақ бұғазында атақты украин ақыны Т.Шевченко айдауда болған.

4. Мына сөз тіркестерінің баламасын жазыңыздар: встречается редко, сосновые леса, обилие ягод, всемирное движение, ниже уровня моря, обитают редкие птицы.

5. Алайда, егер, дейін, үшін, туралы шылауларын қолданып сөйлем құрастырыңыз.

6. Мәтіннен жалғаулықты шылауларды табыңыз.

7. «Табиғатты қорғау» тақырыбына шағын ақпарат дайындаңыз.