Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Еуразия университеті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылы 23 мамырдағы Жарлығымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің негізі қаланған. Бұл Қазақстан Республикасының жылдан жылға қенейе беретін халықаралық байланыстары мен әлемдік жаһандануға ықпалдастығын ескере отырып, Еуразия идеясы негізінде жүзеге асырылды. Астанамен қатарлас дүниеге келген бұл білім ордасының құрылуы – ел болашағы үшін маңызды бастамалардың бірі еді. Еуразия аталуының өзінде көп мән жатыр – қос құрлықтың біліми, ғылыми, саяси және мәдени-рухани байланысы мен әлемдік өркениетке қойылатын талаптардың үлесінен шығу міндеті жүктеліп отырғандай.

Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және шетелдік таңдаулы оқу орындарымен байланыс орнатып, тәжірибе алмасу ісі жолға қойылды. Ондағы таңдаулы мамандарды шақырып, дәріс оқыту бүгінде дәстүрге айналған. Бұл өз кезегінде дарынды жастарымыздың болашағына кең жол ашады. Соның бір дәлелі, 2005 жылы Елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы бойынша университетіміздің 70 талантты студентіне әлемнің жетекші оқу орындарына жолдама берілді.

Мемлекет тарапынан қарастырылып отырған мүмкіндіктер мен университеттің ішкі әлеуетін арттыруға бағытталып жүргізілген жұмыстардың арқасында қазір университет еліміздегі ең таңдаулы оқу орындарының біріне айналды. Мемлекеттік деңгейдегі қатынастар бойынша келіп жататын Астананың ресми қонақтарын қабылдауға лайық білім ордасы болғандықтан және әлемнің жетекші оқу орындарымен жүргізілген сәтті келісімдердің нәтижесінде елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де танымал болып отыр. Еуразия Ұлттық университетінің болашағы мен білім сапасына деген жұртшылықтың іс жүзіндегі көзқарасы мен сенімі нық. Оның дәлелі ретінде, мысалы, 2003 жылы 56 «Алтын белгі» иегері осы университетте оқуға тілек білдірсе, олардың саны 2004 жылы 129-ға, 2005 жылы 357-ге жеткен. Дарынды жастарға білім беру ісінің жауапкершілігі де жоғары, осыған байланысты ЕҰУ-не біліктілігі жоғары ұстаздар тартылуда және жыл өткен сайын олардың саны артып келеді. Қазір 120-дан астам ғылым докторы, профессор, 370-тен астам ғылым кандидаты, доцент қызмет етеді. 2005 жылы ҚР БҒМ анықтаған 200 оқытушының ішінде ЕҰУ-дың 20 маманы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие болды.

Жаңа сөздер:

қатарлас-в одно время

бастама-начало

мән-значение

үлес-доля

дәстүрге айналған-вошло в традиций

деңгей-уровень

ресми-официальный

дәлел-доказательство

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқу, аудару.

2. Мәтіннен мына сөз тіркестерімен берілген сөйлемдерді табыңыз.

а) президенттің жарлығымен ______________________

ә) ел болашағы ______________________

б) қос құрлық ______________________

в) шетелдік оқу орындары ______________________

г) «Болашақ» бағдарламасы ______________________

д) мемлекеттік деңгей ______________________

е) сәтті келісім ______________________

ж) «Алтын белгі» иегері _______________________

з) мемлекеттік грант _______________________

и) қамтамасыз ету _______________________

к) тегін пайдалану ________________________

3. Мәтіндегі сан есімдегі мағыналық түріне қарай ажыратып жазыңыз.

4. Әр абзацтағы негізгі ойды айтыңыз.

5. Мәтіннен шылауларды табыңыз.

6. Қызмет етеді, ие болды тіркесін жіктеңіз.

7. Мәтін негізінде сұхбат құрастырыңыз.

1 қыркүйек - білім күні

Тамаша жазғы демалыс аяқталған соң, жаңа оқу жылы да келіп жетеді. Оқушылар, студенттер білім ордалары мектеп пен колледж, университетке баруға, білім алуға асығады.

1 қыркүйек – білім күні барша халықта үлкен мереке. Еліміздің нұрлы болашағы жоғары парасатты жастар қолында десек, олардың бойына осы қасиеттер білім арқылы егіледі. Сондықтан да бұл күннің барлық білім ошақтарында зор қуанышпен аталып өтіліп, оған ерекше маңыз берілуі бұлжымас заңдылық. Күнтізбедегі 1 қыркүйек – барша халыққа ерекше мереке, әрбіреуімізге қатысы бар жаңа оқу жылының басталған күні.

Біз осы күні жердегі ең қайырымды іс – жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өз ұстаздарымызға деген құрметімізді білдіреміз. Біздің республикамыздың болашағы педагогтардың қолында. Олар өздерінің білімдерін, тәжірибелерін, шеберліктерін мектеп сыныптарында, студенттік дәрісханаларда, ғылыми зертханаларда ұрпақтан-ұрпаққа беріп келеді. Ұстаздарға мың алғыс!

Жаңа сөздер:

қыркүйек-сентябрь

білім күні-день знаний

барша халық үшін-для всех народов

нұрлы болашақ-светлое будущее

шеберлік-мастерство

сондықтан-поэтому

жастар-молодежь

қуаныш-радость

күнтізбе-календарь

дәрісхана-аудитория

зертхана-лаборатория

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

3. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

Заңдылық, күнтізбелік, ұрпақ, ғылыми, қыркүйек, тәрбие, болашақ, дәрісхана.

4. Нақыл сөздерді жаттап алыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

а) Ғылым – теңіз, білім – қайық.

ә) Білімдіге дүние жарық,

Білімсізге дүние кәріп.

б) Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

в) Халық пен халықты, адам мен адамды

Теңестіретін нәрсе – білім.

б) Жас шағыңда білім жина

Кітап оқып үңіле,

Дүниенің бар байлығы білімде.

5. «Алғашқы ұстазым» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз.

6. Ұстаз сөзіне синонимдер жазыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:6]

Қосымша әдебиет: [1.7:30]; [1.7:23]

ХІІІ апта. Кредит 37-39.

Тақырып: Студент – болашақ маман, іскер басшы, мемлекет қызметкері. Менің елімнің патриотымын.

Грамматика: Көптік жалғаулары.

Мәтіндер: Білімді жас – ел болашағы

ХХІ ғасыр – білім мен жаңалықтың ғасыры. Қоғамның дамуымен жаңалықтар өмірімізге күн сайын енуде. Осыдан он-он бес жыл бұрын компьютер, интернетте арнайы мамандар ғана жұмыс істесе, қазір оқушыларға дейін жұмыс істейді.

Білім – ескірмейтін байлық. Жоғары оқу орнында оқитын әрбір студент елінің тарихын, тілін, өнері мен мәдениетін, ұлы тұлғаларын білуге міндетті. Сонда ғана ол жан-жақты, зиялы, мәдениетті адам болады. Алдыңғы қатарлы 50 елдің ішінен орын алу үшін сіздер, бүгінгі студенттер, мықты, талапты және талантты болуларыңыз керек. Шын мәнінде білімді жастар ғана – Қазақстанның болашағы.

Жаңа сөздер:

даму-развития

арнайы мамандар – специалисты

жан-жақты – разносторонный

ұлы тұлғалар – знаменитая личность

зиялы – интеллигентный

Ү л г і :