Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Нидерландтар корольдары

Батыс Еуропадағы мемлекет, солтүстігінен және батысынан Солтүстік теңіз қоршайды. Теңіз жағалауымен есептегенде шекарасы 1 мың км шамасында. Оңтүстігінде Бельгиямен, шығысында Германиямен шектеседі. Батыста Фриз аралдары да Нидерланды құрамына жатады. Жері 36,9 мың км (ішкі суларын есептемегенде) немесе 41,2 мың км (ішкі және территориялық теңіз суларын қоса есептегенде). Астанасы – Амстердам қаласы, парламенті мен үкіметі – Гаага қаласында орналасқан. Әкімшілік жағынан провинцияларға (олар қауымдарға) бөлінеді. Нидерландының Америкадағы иелігі – 1975 жылы қарашада тәуелсіздік алды. Нидерландылық Антиль арадары (Кюрасао, Аруба, Бонайре, Саба, Синт-Эстатиус және Сен-Мартен аралының оңтүстік бөлігі).

Мемлекеттік құрылысы.Нидерланды – конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1887 жылы қабылданған (1920-1965 ж.ж аралығында елеулі өзгерістер мен қосымшалар енгізілген соңғы редакциясы 1965 жылы). Мемлекет басшысы – король. Ол министрлер мен сотттарды тағайындауға, парламентті таратуға құқылы. Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Корольдың кеңесші органы-мемлекеттік кеңес. Заң шығарушы орган-король мен парламент – екі палаталы бас штат. Екінші (төменгі) палатаны (150 депутат) 4 жылға халық сайлайды. Бірінші (жоғарғы) палатаны халқының санына сәйкес провинциялық штаттар 6 жылға сайлайды; палата құрамының жартысы 3 жыл сайын жаңартылады Парламент атынан заң шығару инициативасы, екінші палатада 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы берілген. Атқарушы өкімет билігін-үкімет министрлігі кеңесі жүзеге асырады. Жергілікті жердегі басқарушы провинциялық штатарды халық 4 жылға сайлайды. Олардың басшыларын король тағайындайды. Қалалар мен селоларда сайланатын қауымдық кеңестік орталығы органдар мен провинциялық штаттарға бағынады. Қауымдық кеңестердің басшыларын – бургомистрлерді король 6 жылға тағайындайды.

Жаңа сөздер:

құрам-состав

үкімет-правительство

әкімшілік –админстрация

өзгерістер-изменение

мемлекеттік кеңес-государственный совет

Батыс Еуропа-Западная Европа

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз,жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

2. Мәтінді абзац бойынша аударыңыз.

3. Әр абзацқа тақырыпша қойыңыз.

4. Мәтінді қысқартып, шағын мәтін жазыңыз.

5. Есімшелермен осы тақырыпта бірнеше сөйлем жазыңыз.

6. Мәтін бойынша бірнеше сөз тіркестерін жазыңыз.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.

Нидерланд табиғаты.

Нидерланды Орта Еуропа жазығының батысында орналасқан. Солтүстік жағалауы суы тайыз шығанақтармен тілімделген, оңтүстігінде Рейн, Маас, Шельда өзендерінің сағалары қазан шұңқыр тәріздес болып келеді. Жағалауын бойлай биіктігі 56 метрге дейін құм төбелер созылып жатады. Жерінде – ойпаң жазықтар басым. Нидерланданың шығысында адырлы мореналық жазықтар басымдау, орталығы бөлігінде әр жерде мореналық жалдар сақталған. Солтүстік бөлігі көбінесе осы күнгі және плейстоцендік құм саз шөгінділерінен, шығыс бөлігі – мұз басудан қалған және флювиогляциялық шөгінділерден, Рейн, Маас, Шельда атыраулары аллювийлік шөгінділерден түзілген.

Жыл бойы оңтүстік-батыс және батыс желдер басым болады. Жануарлар дүниесі онша бай емес, құм төбелерде жабайы қоян, ормандарда тиін, қоян, сусар, күзен, елік кездеседі. Рейн, Маас, Шельда атырауларында суда жүзетін құстар қыстайды.

Халқының ұлттық жағын біртектес деуге болады. Голландиялықтар мен оған шыққан тегі жақын фламандиялықтар бір тұтас нидерланд ұлты болып қалыптасқан. Бұдан басқа фриздер, сондай-ақ немістер, еврейлер т.б. тұрады. Ірі қалалары: Амстердам, Роттердам, Гаага, Утрехт, Харлем.

Жаңа сөздер:

орналасқан-расположен

биіктік-высота

жел-ветер

тиін-белка

жабайы-дикий

Тапсырмалар:

1. Мәтінді жаңа сөздердің көмегімен аударыңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

3. Жағалау,жазық, мұз, құм сөздерімен сөйлемқұраңыз.

4. Сөз тіркестерін және бірнеше сөйлем құраңыз.

5. мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын ажыратып айтыңыз.

6. Шетел мемлекетерінің табиғат жайында шағын мәтін жазыңыз.

7. Өз мәтініңізді мазмұндап беріңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

Ү апта. Кредит 13-15.

Тақырып: Ұлыбритания. Лондон. Норвегия Корольдығы.

Грамматика: Көсемше.

Мәтіндер: Ұлыбритания

Ұлыбританияның құрамына Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия кіреді. Оның құрамына сондай-ақ бес мыңнан астам аралдар кіреді. Ұлыбританияның климаты жеңіл, себебі оның жағалауларын Гольфстримнің жылы ағымы жанап өтеді. Ұлыбританияның таулары онша биік емес. Ірі өзендері: Темза, Мерсей. Солтүстік Ұлыбритания индустрия саласында жоғары дамыған ел. Тоқыма өнеркәсібі, машина және кеме өндірісі, көмір және құрыш құю өнеркәсібі жақсы дамыған. Ірі өндіріс қалалары: Бирменгем, Шеффилд, Манчесиер, Ливерпуль және басқалар.

Ұлыбританияның астанасы – Лондон. Ұлыбританияда бүкіл әлемге әйгілі Оксфорд және Кембридж, сондай-ақ Эдинбург және Шеффилд университеттері бар. Қазір Ұлыбританияда 59 миллионнан астам адам тұрады. Ұлыбритания – көп ұлтты мемлекет. Бақару үлгісі – конституциялық монархия.

Жаңа сөздер:

Солтүстік Ирландия-Северная Ирландия

ірі-крупный

сала-область, отрасль

өндіріс-производство

өнеркәсіп-предприятие

әйгілі-знаменитый

көп ұлтты-многонациональный

Тапсырмалар:

1. Мәтіндерді оқыңыз, жаңа сөздермен танысыңыз.

2. Шетел мемлекеттері мен ірі қалаларын атаңыз.

3. Мәтін арқылы сөзжұмбақ құрастырыңыз.

4. Ұлыбританиялық сөзін жіктеңіз.

5. Шығысында, жағалауларын, американдықтардың, кедейшілігімен сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыз.

6. Мезгіл, мекен үстеулерімен бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

7. «Шетел азаматымен кездесу» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

Лондон

Лондон – Корольдік құраманың астанасы. Лондон – Ұлыбританияның мәдениет, өндіріс және қаржы орталығы. Лондон төрт ауданнан құрылады: Сити, Вестминстер, Вест-Энд және ист-Энд. Қаланың жүрегі – Сити. Лондонның қаржы орталығы болып есептеледі, өйткені мұнда көптеген офис және фирмалар орналасқан.

Вестминстер – Лондонның тарихи ауданы. Мұнда мынадай атақты ғимараттар бар: Аббат шіркеуі, Вестминстер сарайы, парламент ғимараты, Биг-Бэн сағаты және королеваның Лондондағы резиденциясы – букингем сарайы.

Вест-Энд – Лондонның ең бай ауданы. Мұнда ең жақсы отельдер, дүкендер, мейрамханалар, театрлар орналасқан. Британ мұражайы – Лондонның ең үлкен мұражайы да осында.

Ист-Энд – Лондонның кедей ауданы. Мұнда көптеген зауыттар шеберханалар, фабрикалар орналасқан. Лондонның Ист-Энд ауданында көбінесе жұмысшылар отбасылары тұрады.

Лондонда 76 мың студент оқитын 14 колледж бар. Британиялық кітапханада дүние жүзіндегі ең құнды, бағалы деген кітаптар қоры бар. Лондонда көптеген галерея мен мұражайлар бар: Британия мұражайы, Ұлттық галерея. Бұл қалада мынандай атақты конценттік залдар бар: Конеги – Холл және жаңа Корольдік фестиваль залы. Лондон – ежелгі дәстүрлер қаласы. Қазір Лондонда сегіз миллионға жуық адам тұрады.

Жаңа сөздер:

шығыс-восток

ауа райы-погода

солтүстік-север

жағалау-берег

елеулі-значительный

кеңес-совет

құқық-право

әкімшілік-админстарация

өзгеріс-изменение

үкімет-провительство

заң-закон

құрам-состав

шіркеу-церковь

шеберхана-мастерская

ежелгі-древний

қор-фонд

құнды, бағалы - ценный

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтінге жоспар жасаңыз.

3. Жаңа сөздерді қайталап, шетел мемлекеттерінің табиғатына байланысты бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.

4. Бағалы, қаржы, отбасы, атақты сөздеріне синонимдік қатар жазыңыз.

5. Мәтіннен тәуелдік жалғауларын табыңыз.

6. Қала, ел, өнер сөздерін тәуелді септеңіз.

7. Көмекші есімдермен тақырыпқа сәйкес шағын мәтін құрастырыңыз.