Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Ержан Біртанов – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы тұңғыш қазақ

Жуырда штаб-пәтері Австрияның Вена қаласына орналасқан дүние жүзінің 55 мемлекетімен тығыз қарым-қатынас жасап, байланыс орнатып отыратын халықаралық деңгейдегі беделді де белді қауымдастық –еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының халықаралық ұйымдар отырыстарын қолдау білімінің жетекшісі болып Қазақстан азаматы, алматылық жерлесіміз Ержан Амантайұлы Біртанов тағайындалды.

Бұл қазақ халқы үшін айтулы оқиға, қуанышты хабар болды. Өйткені Е.Біртанов ЕҚЫҮ (ОБСЕ) секретариаты қызметкерлері арасындағы Орта Азия аймағы мен Қазақстаннан осындай үлкен жауапты қызметке алынып, сенім білдіріп отырған бірден-бір азамат.

Небәрі 32 жасында өзінің терең білімімен, алғырлығымен көзге түскен Ержан Амантайұлы кім, оның өмір жолы қандай деген сауал қай-қайсымызды да қызықтырары сөзсіз. Ол осы қызметке келгенге дейін 1999 жылы дипломатиялық қызметке ауысып, Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігінде екінші хатшы болып қызмет істейді. Ағылшын, инеміс, француз тілдерін еркін меңгерген азамат сонда өткен үлкен жиындарға қатыса жүріп, өзінің қабілетін көрсете біледі.

Ержанның қысқаша өмірбаянына келсек, 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келіп, бүгінгі оңтүстік астанамыздағы 120-шы мектепті үздік бітіреді. Одан кейін Қазақ Мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін үздік аяқтап, еңбек жолын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының инженерлік академиясы машина құрылысы институтында кіші ғылыми қызметкер болудан бастайды. Сол үлкен шаңырақта жүріп, ғылымның тереңіне бойлаған жас маман 1996 жылы техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Қазақстанның мерейін үстем етіп, мәртебесінің артуына өзінің үлесін қосып келе жатқан Ержан Амантайұлына жаңа дипломатиялық қызметте сәттілік тілейміз.

Жаңа сөздер:

қарам-қатынас - отношение

ұйым-организация

байланыс-связь

халықаралық-международный

қызмет-служба, работа

сенім-доверие

елшілік-посольство

қолданбалы математика-прикладная математика

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз, жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

2. Жаңа сөз тіркестерімен бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

3. Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің елшіліктері және шетел мемлекеттеріндегі Қазақстан елшіліктерінің байланысы жөнінде шағын мәтін жазыңыз.

4. Халықаралық, елші, қоғам, саяси, қызығушылық, қызмет, қабілет, өркениет терминдерімен сөйлем құрастырыңыз.

5. Берілген сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастырыңыз: халықаралық дамытқан шетелдермен байланысты мемлекетіміз жақсы.

6. Мәтін бойынша сөзжұмбақ құрастырыңыз.

7. Мәтін бойынша ресми сұхбат жазыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ІІІ апта. Кредит 7-9.

Тақырып: Шетел мемлекеттері және қалалары. АҚШ. Нью-Йорк. Канада.

Грамматика: Етістіктің болымсыз түрі.

Мәтіндер: АҚШ

Америка Құрама Штаттары Солтүстік Америкада орналасқан. АҚШ-ты шығысында Атлант мұхиты, батысында Тынық мұхиты көмкеріп жатыр. Кордильер және Аппалачи таулары американдықтардың мақтанышы. Бұл қаһарман өлкені тау ғана көріктендіріп тұрған жоқ. АҚШ-та континенттегі ең ірі: Миссисипи, Колорадо және Колумбия өзендері орналасқан. АҚШ-та бірнеше тропикалық, субтропикалық және жайлы климаттық аймақтар бар.

АҚШ-тың ірі қалалары: Нью-Йорк, Бостон, Чикаго, Детройт, Сан-Франциско, Филодельфия, Лос-Анжелес және Вашингтон. Вашингтон – АҚШ астанасы. Халқының саны – 250 млн. адам. АҚШ – федералды демократиялық республика. АҚШ мемлекетінде президент басшылық етеді. АҚШ – тек заңға ғана бағынатын, есігі ашық ел.

Жаңа сөздер

орналасқан-расположен

шығыс-восток

тынық мұхит-тихий океан

мақтаныш-гордость

аймақ-регион

басшылық-руководство

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен танысыңыз.

2. Мәтінге басқа тақырып қойып, мәнерлеп оқыңыз.

3. Мәтінді сөздіксіз аударыңыз.

4. Етістіктің болымсыз түріне бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

5. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз.

6. Халықаралық, мемлекеттік, елші, саясат сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

7. «АҚШ» тақырыбына қысқаша мәтін құрастырыңыз.

Нью-Йорк

Нью-Йорк АҚШ-тың ең ірі қаласы және дүние жүзіндегі ең үлкен қалалардың бірі. Нью-Йорк 5 ауданнан құралады: Манхеттен, Бронкс, Куинс, Бруклин және Ричмонд. Қаланың жүрегі – Манхеттен. Бұл Американның қаржы және іскерлік орталығы. Нью-Йорктегі ең биік үй Әлемдік Сауда Орталығы, ол 110 қабаттан тұрады. Нью-Йорктың географиялық орталығы – Колумбус аймағы, оның ортасында Христофор колумбтың ескерткіші тұр. Нью-Йоркте бірнеше галерея мен мұражайлар бар. Олардың ішіндегі ең атақтылары – Америкалық Жаратылыс Тарихы мұражайы және Метрополитен өнер мұражайы.

Нью-Йорктегі ең маңызды оқу орны – Нью-Йорк университеті мен Колумбия университеті болып есептеледі. Нью-Йорк – қайшылыққа толы қала. Ол ірі бизнесімен, ақшасымен, байлығымен, сұлулығымен, жұмыссыздығымен, кедейшілігімен және қылмысты әрекеттерімен ерекшеленеді.

Жаңа сөздер

дүние жүзі-мир

іскерлік орталық-деловой центр

қаржы-финансы

мұражай-музей

атақты-знаменитый

қылмысты әрекеттер-преступные действия

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Оқытушының сұрақтарына жауап беріңіз.

3. Шетел мемлекеттері жайында сұрақтар дайындаңыз.

4. Мәтіннен етістіктерді теріп, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

5. Болымсыз етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз.

6. Мәтінде берілген халықаралық терминдерді теріп жазыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнаны қысқаша баяндаңыз.

Канада

Канада Солтүстік Америка континентінде, Америка Құрама Штаттары мен Алясканың ортасында орналасқан. Канаданың батысында Тынық мұхиты, шығысында Атлант мұхиты көмкеріп жатыр. Канадаға сондай – ақ солтүстік аралдары да жатады. Территориясының көлемі 10 миллион шаршы километр. Канаданың батысында Тынық мұхитына қатарласып Рокки таулары жатыр. Олардан шығысқа қарай жазық дала созылып жатыр. Канаданың территориясында көптеген өзендер бар: қасиетті Лаврентий өзені, Маккензи, Юкон, Ниагара. Ниагара сарқырамасы - әлемдегі ең үлкен сарқырама. Канаданың орталық бөлігінде Ұлы көлдер: Онтарио, Эри, Үлкен аю көлі, құлдардың үлкен көлі, Мичиган және т.б. жатыр.

Канаданың территориясында бірнеше климаттық аймақтар бар. Канаданың қысы 4-5 айға созылады. Елдің солтүстігінде Тундра мен Тайга аймақтары жатыр. Канадада 27 миллион адам тұрады. Канаданың астанасы – Оттава. Ірі қалалары: Монреаль, Торонто, Ванкувер, Гамильтон, Эдмонтон, Виннипег және Квебек. Канадада мемлекеттік тіл екеу – ағылшын және француз тілдері.

Жаңа сөздер

батыс-запад

арал-остров

қасиетті-святой

сарқырама-водопад

аймақ-регион

мемлекеттік тіл-государственный язык

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз.

2. Мәтінді сөздіктің көмегімен аударыңыз.

3. «Шетел мемлекеттері» тақырыбын сөзжұмбақ құрастырыңыз.

4. Келер шақ, нақ осы шақ, ауыспалы осы шаққа бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.

5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: дүние жүзі, қаржы орталығы, метрополитен өнер мұражайы.

6. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ІҮ апта. Кредит 10-12.

Тақырып: Австралия. Нидерланды. Нидерланды табиғаты.

Грамматика: Есімше.

Мәтіндер: Австралия

Австралия мемлекеті Австралия континентіндегі Тасмания аралы мен бірнеше шағын аралдарға орналасқан. Мемлекеттің аумағы 8 млн. шаршы километрден асады. Австралия мекені жазық жер. Таулар тек қана шығыста және оңтүстік - шығыс континентінде кездеседі. Жарты континентті құлама, қырат жерлер алып жатыр. Австралияда екі үлкен өзен бар: Мюррей, Дарлинг және басын Австралия Альпісі мен Көк таудан алып Тынық мұхитына құятын көптеген кішкентай өзендер бар.

Австралияда бірнеше климаттық белдеулер бар: тропикалық, субтропикалық. Солтүстік – шығыс континентінде тропикалық ормандар бар. Батысында ауа райы өте құрғақ, онда саванна және жайылымды шабындық жерлер орналасқан. Австралияның орталық және батыс континентінде екі шөлейт жер бар. Австралияда жан-жануарлар – эндемиктер көп. Аса белгілілері: динго, кенгуру, коала, үйректұмсық және ехидна. Бұл елде бес үлкен қала бар: Сидней, Мельбурн, Аделаида, Перт, Брисбан. Астанасы – Канберра.

Жаңа сөздер:

арал-остров

орналасқан-расположен

шаршы-квадрат

оңтүстік-шығыс – юго-восток

тынық мұхиты-тихий океан

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен танысып, мәтінді аударыңыз.

3. Мәтін бойынша оқытушы сұрақтарына жауап беріңіз.

4. Есімше түрлерін атаңыз.

5. -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер есімше жұрнақтарымен 6 сөйлем құраңыз.

6. Австралия табиғаты жайында шағын мәтін жазыңыз.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.