Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Вольтер шығармашылығы

Ағылшан жазушысы Вальтер Скотт әлем әдебиетіне жаңа үлгідегі тарихи романды қалыптастырушы ретінде енді.

Халық ауыз әдебиетіне құштарлығы, оны романтикалық баллада жазуға итермелеп, қызығушылығын арттырды. Алайда тырнақалды поэтикалық шығармаларының сарқылмас бұлағы тек Шотландық фольклор ғана емес, еуропалық ағылшын, неміс, француз, италтян, испан әдебиеттерімен жете танысты. Гете драмаларымен жақсы таныс, Бюргердің балладаларын, Таско поэмаларын жетік білген еді. Мұндай халық ауыз әдебиетінің ескерткіштерінің ішінде ерте заманда өмір сүрген қарапайым адамдардың пікір-сезімдері, шотландия халқының үні, лебізі, ұшан-теңіз тарихи мәліметтер деректерімен ерте суарылды. Түп негізі халықтық ауыз әдебиетіне, туысқан халықтар әдебиетінің дәстүрлеріне сүйене отырып, көркемдік ізденулерінде соны табыстарға жеткенін оның осыдан кейінгі барлық шығармашылық жолы дәлелдеді.

1802 жылы екі томдық «Шотландия шекарасының халық әндері» жинақтары жарыққа шықты. 1803 жылы осы жинақтардың үшінші томы жарық көрді. Бұл шынайы шотландиялық әуездер еді. Осындай басылымдардан кейін 1805 жылы «Соңғы Менестрель жырлары», «Мармион» (1810), «Көл қызы» (1813), «Рокби» т.б. орта ғасырға арналған өлеңдері В.Скоттың есімін кеңінен танытып, даңқын асырды.

1814-1820 жылдар аралығында – «Шотландық романдары» жарық көрді. Бұл шотландияның тарихына арналған: «Уеверли» (1814), «Гай Маннеринг» (1815), «Антикварий» (1816), «Пуритандар» (1816), «Роб-Рой» (1818), «Лорд Байронның өлімі» (1824), «Наполен Бонопарттың өмірі» (1-9тт., 1827), «Шотландияның тарихы» (1-3тт., 1829-1830) т.б. шағармаларында шотланд халқының теңдіксіз жағдайын суреттеді.

1820 жылдары ол шотландиялық тақырыптан қол үзбей, ағылшын, франция тарихына да көп мән беретінін байқатты. Англияның тарихына арналған «Айвенго» (1820), «Монастырь» (1820), «Аббат» (1820), «Кенилворт» (1821), «Вудсток» (1826), тақ иесі Людовик ХІ мен байланысты «Квентин Дорвардты» (1823) атауға болады.

В.Скоттың шығармаларының кейіпкерлері – (Седрик, Ательсон) норман феодалдары мен рыцарьлар (серілер Фрон де Беф, де Мальвуазен, де Барси), шаруа – құлдар (Гурт пен Вамба), шіркеушілер (Аббат Эймер, дәрежелі магистр Лука Боманоар, сопылар), Арыстандай айбатты (Арыстан Жүректі) король Ричард, оның бауры топ бастаушы принц Джон, феодалдарға қарсы күрес жүргізуші. В.Скотт көне сырларды, ескі тарихты өмір шындығымен ұштастырып феодалдық тәртіпті, әдет-ғұрпын, қысым көрсетуші феодалдарға әлеуметтік оқиғаларды қайта жаңғыртады. Орта ғасыр – қанды, қапас, қараңғы дәуір ретінде сипатталады.

В.Скотт үшін ең басты мәселе – уақыт пен жергілікті әдет-ғұрыптар. В.Скотт тарихи романды қалыптастырушы ретінде ХІХ ғ. жаңашылдардың бірі. Оның мұралы ХІХ ғ. тек ағылшын әдебиетіне ғана емес, барлық еуропалық және американ әдебиетіне де орсан зор, сан қырды ықпал-әсерін тигізді (Американың ұлттық тарихында романист Джеймс Фенимор Купер В.Скоттың ізбасары). кейінгі кезеңде жазушының көркемдік суреткерлік ойы, тыныс лебі, тақырыптық игерудегі жетістектері өзгерді. Тарихи тақырыпты еркін меңгерген. В.Скотт барлық романдарында өндеудің, колоритті шындыққа ұқсастықты, ақиқатты суреттеуде реалистік тәсілді пайдалануда алғашқылардың бірі болып, реалистік әдістің негізін салушы болды.

Жаңа сөздер:

халық ауыз әдебиеті-устная народная литература

қызығушылық-интерес

тарихи мәліметтер-исторические сведения

басылым-издательство

кейіпкер-образ

әлеуметтік-социальное

ықпал, әсер-влияние

әдіс-метод

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Әр абзац бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

4. Вольтер туындыларын атаңыз.

5. Жазушы жайлы не білесіз? қысқаша мәтін құрастырыңыз.

6. Вольтер шығармаларындағы кейіпкерлер кімдер? Жазушы жаңашылдығы туралы не айтасыз?

7. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.