Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Елтаңбамыздың авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Елтаңба көгілдір түсті, ортасында шаңырақ бейнесі бар. Шаңырақтан жан-жаққа уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздың тыныштықта өмір сүріп жатқан халықтарының бірлігін көрсетеді.

Елтаңбаның екі жағында қанатты тұлпар бейнеленген. Тұлпар-адамның сенімді досы және қолқанаты.

Елтаңбаның жоғары жағындағы бес бұрыш - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Сондықтан біздің елтаңбамыздағы аспан мен жұлдыз асыл арманға жеткізетін белгі болып саналады.

Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу Республиканың аты.

Масақ – Отанымыздың байлығы.

Елтаңба – мемлекеттің тарихи дәстүрін көрсететін, бірлікке, тыныштыққа шақыратын белгі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Әр елдің өз туы, әр тудың өз тағдыры бар.

Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төрт бұрышты. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштық пен амандықты көрсетеді. Тудың ортасында бейнеленген сәулесін шашқан алтын күн – тыныштық пен байлықтың белгісі, күннің астындағы қалықтаған қыран дархандық пен қырағылықтың, ой-арманның шарықтауын меңзейді. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ бар.

Күн, күн сәулесі, бүркіт және ою-өрнек алтын түстес бояумен боялған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Мемлекеттік әнұран – мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық – поэтикалық рәмізі.

Негізінен әуен мен сөзден тұрады. Ұлттық мемлекеттік әнұрандар әр елдің музыкалық эмблемасы болып табылады.

Әнұран сөзі ән және ұран сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.

Ән-вокалды музыкалық шығарманың әуені, сазы.

Ұран – халықтың немесе адамдардың белгілі бір тобын ортақ әрекетке, іс-қимылға жұмылдыруға шақыратын шартты сөз, үндеу, дабыл.

Қазақ елінің әнұраны

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерлктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған Жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай

Қайырмасы:

Жаңа сөздер:

нышан (рәміз)-символ, атрибут

шаңырақ-купол юрты

уық-купольные жерди

рең (түс)-цвет

күн сәулесі-лучи солнца

сәулетші-архитектор

қанатты тұлпар-крылатый конь

масақ-колос

дархандық-щедрость

қырағылық-бдительность, зоркость

дәстүр-традиция.

ою-өрнек – орнамент

шарықтау – парить

қыран – орел

ұран – лозунг, призыв

үндеу – призывать; воззвание; обращение

бейне – образ; облик; изображение

үйлесімділік – сочетаемость

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

3. Мына сұраққа жауап беріңіз:

а) Мемлекеттік әнұраннан басқа қандай әнұран түрлерін білесіз?

ә) Тек Қазақстан елтаңбасында ғана кездесетін бейне не?

б) Мемлекеттік рәміздер туралы жарлық қашан шықты?

4. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз:

азаттық, …

татулық, …

ғажайып, …

ардақтап, …

5. Мына мақалдардың мағыналарын қалай түсінесіз? Жаттап алыңыз.

  1. Ер қанаты – ат.

  2. Көлдің көркі – құрақ,

Жігіттің көркі – пырақ.

  1. Бірлік болмай –

Тірлік болмас.

  1. Бірлік еткен озар,

Бірлеспеген тозар.

6. Өз қалауыңыз бойынша бір елдің мемлекеттік елтаңбасы туралы, мемлекеттік туы туралы хабарлама жасаңыз.

7. Берілген сөздерді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызыңыз және біріккен сөздермен сөйлемдер құрастыңыз.

Пырақ, ту, көкбайрақ, мемлекет, елтаңба, әнұран, шаңырақ, күн сәулесі, қазақ, ою-өрнек, елбасы, жұлдыз, елорда, төлқұжат, ата заң.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:9]

Қосымша әдебиет: [1.7:30]; [1.7:13]

ҮІІІ апта. Кредит 22-24.

Тақырып: Қазақстан астаналары. Астана – Қазақстанның ел ордасы. Астаналар тарихы.

Грамматика: Септік жалғаулары.

Мәтіндер: Қазақстан астаналары

ХХ ғасырда кеңестік билік орнағанда, Түркістан Кеңестік Республикасы РСФСР – дың құрамына кірді. Қазақ хандығы Түркістан Республикасының құрамдас бөлігі болды. Республика астанасы Ташкентте орналасты.

Кейіннен еліміз қазақ АССР – і атанып бөлінді. 1920 – 1925 жылдары Орынбор қаласы астана болды. 1925 жылы әкімшілік орталық Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Республика астанасы Алматы болды. Үш ғасыр бойы бодандықта болған еліміз өз тәуелсіздігін алды. Ата Заң қабылданып, мемлекеттік рәміздер белгіленді. 1994 жылы Республика Парламетінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» жарғысы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 10 – желтоқсанында Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілді. Жаңа астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімі 1998 жылдың 10 – ыншы маусымында болды.

Бүгінгі Астана – Сарыарқа төсіндегі Есіл өзенінің бойында орналасқан көрікті қала. Ірі мәдени, ғылыми және сауда орталығына айналып келеді. Өзіндік архетиктуралық бүгінгі заман келбеті бар – алып құрылыстар қаласы. Астана көшелері әдемі. Мұнда көп қабатты әсем үйлер, театрлар, мұражайлар, мәдениет сарайлары, дүкендер көп. Жасыл гүлзарда орналасқан «Бәйтерек шоу» мұнарасы қаланың визасы.

Елорда көп ұлтты қала. Мұнда ТМД – дағы бірден – бір Қазақстан халықтары ассамблеясы жұмыс істейді.

Астана – болашақтың қаласы.

Тапсырмалар:

1. Мәтін арқылы өзіңіз сөздік жасаңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Аталған астаналарда болып көрдіңіз бе?

ә) Астананы дүние жүзіне таныстыру рәсімінде қай елдердің президенттері болды?

3. Сіз елордада тұрасыз. Сізге Ресейден досыңыз келді. Астананың көрікті жерлерімен таныстырыңыз, сұхбат дайындаңыз.

4. Шетел мемлекеттерінің астаналары жайында кесте құрастырыңыз.

5. Мәтіннен +ілік септік +тәуелдік жалғау формасындағы сөз тіркестерін жазыңыз.

6. Мәтіннен септік жалғауларын табыңыз.

7. Мәтінді оқып, аударыңыз.