Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Әйтеке би (1644-1700)

Байбекұлы Әйтеке би – қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне арадасқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Алшын тайпасының Әлім руынан. Өл қазіргі Өзбекстан жеріндегі Нұрата тауының Бұқара жеріне қарай созылып жатқан Қыз-Бибі тауының етегінде келген.

«Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан. Оның арғы атасы Сейітқұл Жәдікұлы Шығай ханның серігі болған. Шығай хан Бұхардың Абдолла ханымен одақтас болып, Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, сонымен бірге қарауындағы елін ертіп қотарыла көшіп келеді. Осы Сейітқұлдың сегіз баласының бірі - Әйтеке бидің әкесі Ақша да, бірі –кейін Самарқанның билеушісі болған, Қазақ ханы Салқам Жәңгір 600 жауынгермен жоңғар қонтайшысы Батырдың 50 мың әскерінің өтінде қалғанда, дер кезінде көмекке жетіп, қазақ қолына айтулы жеңісті суырып әперетін атақты Жалаңтөс баһадүр. Жалаңтөс Самарқанға әмір болғаннан кейін ағасы Ақшаны Қоқанның ханы етіп сайлатады.

Ұлықбек медресесінде оқып, тәлім алған Әйтеке әуелі атасы Ақша ханның, атасы өлгеннең кейін ағасы Жалаңтөстің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр-сырымен танысады. Оның осы кезде көргені мен білгені кейін Тәуке ханның кеңесші биі болған кезде ел кәдесіне асады. Қазақ халқының ата заңы іспетті «Жеті жарғыны» шығаруға қатысқанда да Әйтекеге осы алған білім мен жиған тәжірибенің көп көмегі тиген болу керек.

Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан орыс-қазақ жерін құрсаулай торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі-орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыста қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұртына – Нұрата тауына оралады. Ол дерт Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді.

Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпеген!» деген екен. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен хош айтысты.

Жаңа сөздер:

жоба-проект

ұзақ-долго

кеңесші-советник

тағдыр-судьба

ру-род

мерей-успех, счастье, радость

тұлға-личность

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтіндер бойынша сұрақтар

а) Әйтеке би кім?

ә) Ол халық арасына қалай танымал болды?

б) Әйтеке би қандай мәселелерге қатты көңіл бөлген?

в) «Жалпы би» дегенді қалай түсінесіз?

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз:ханның кеңесшісі, ел мерейі, қоғам қайраткері, ірі тұлға, күрделі мәселелер.

4. Қабілетіне, халқына, батылдықпен сөздерін құрамына талдаңыз..

5. І, ІІ, ІІІ – жақтағы тәуелдеулі сөздерді атаңыз.

6. Әйтеке бидің шешендік сөзін жаттап алыңыз.

7. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:18]

Қосымша әдебиет: [1.7:25]; [1.7:29]

ҮІІ апта. Кредит 19-21.

Тақырып: Әлемге әйгілі тұлғалар. Абай Құнанбайұлы. Вольтер Скотт. Вольтер шығармашылығы. Уильям Гершель.

Грамматика: Етіс формасы.

Мәтіндер: Абай Құнанбайұлы /1845-1904/

Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, философ, композитор. Абай 1845 жылы Семей облысында Абай ауданында туған.

Ақын табиғат тақырыбындағы өлеңдерде өз еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Өлеңдерінде айтылған ойларын Абай өзінің қарасөздерінде дамытады. Абайдың қарасөздері сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді болып келеді.

Абай Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков-Щедриннің, Лев Толстойдың шығармаларын аса ардақтап, оларды сүйіп оқыды. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Буниннің шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Абай Құнанбаұлы қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Оның бірқатар әндері бар.

Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі. Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясын ұлы Абайдың өміріне арнады. Көркем шығармада жазушы Абайдың кішкентай балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне жетуін көрсеткен.

Республикамызда көптеген мектептер мен көшелер Абай есімімен аталды. Абай атында қала, аудан бар.

Жаңа сөздер:

негізін қалаушы – основоположник

ағартушы – просветитель

өсиет –завещание

ардақтау –ценить

жете бағалау –высоко оценивать

дәреже –степень

шексіз-безгранично

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен танысыңыз..

  2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Абай кім? Берілген кестедегі бос орындарды толтырыңыз.

  1. Мына сөздермен ұлы ақынның өміріне байланысты сөйлем құраңыз: қоғам, орта, талант, дара, шығармашылық.

  2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз және етістіктің райларын атаңыз: Менің ... маман ... келеді. Ол ... ... оқысын. Бірнеше ... сөйлесем, сол елдердің ... білемін.

  3. Сөз тіркестерін аударыңыз: ұлы жазушы, балалық шағы, жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

  4. Абайдың адамгершілік жайлы қара сөздерінен үзінді оқыңыз. Қысқаша мазмұндаңыз.

7. Мына сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңіз: үлкен, ұлы, қатал, қайырымды.