Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан экологиясы

Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы табиғат жағдайларымен байланысты. Табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Республика территориясын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

Экологиялық жағдайы нашар аудандар.

Экологиялық жағдайы орташа аудандар.

Экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға - мұнай - газ өндірілетін және металлургия, көмір-кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы енеді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауылшаруашылықты аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері: су, жер ресурстарының дұрыс пайдаланылмағандығының нәтижесінде болған.

Экологиялық жағдайы басқаларымен салыстырғанда, қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары өзгеріске түскен, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады. Қазақстанда тез шешуді қажет ететін мәселердің бірі – Арал теңізі экологиялық жағдайы.

Бұл мәселенің тууына басты себеп болған – адам әрекеті. Аралға құятын ең ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдалану. Бұл - теңіз суының тартылуына әкеп соқты. Теңіз жағалауындағы тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, бүгінде теңіз айналасы тіршілік жоқ, құмды, сортаң шөлге айналды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.

Жаңа сөздер

тіршілік ету-существование

қолайлы-удобные

қолайсыз-не удобные

әрекет-действие

мұнай-нефть

көмір-уголь

кен-руда

өнеркәсіптік-промышленный

ауылшаруашылық-селькое хозяйствено

табиғат өзгерістері-природные изменение

мәселе-проблема

теңіз-море

егістік-поле

Тапсырмалар

  1. Мәтінді оқып, әрбір абзацқа тақырып қойыңыз.

  2. Экологиялық терминімен бірнеше сөз тіркесін құрастырыңыз.

Экологиялық

  1. Мәтінге жазбаша 5 сұрақ дайындаңыз.

  2. Сын есімді тіркестерді теріп жазыңыз.

  3. Табиғат, жануар деген сөздерді септеңіз.

  4. Мәтінді мазмұндаңыз.

  5. Берілген шағын мәтіндерді сөздіксіз аударыңыз.

Арал теңізі

Арал теңізі Қызылорда облысының батыс жағында орналасқан. Теңіз 1950 жылдан бері тартылып келеді, бұл дүниежүзілік мәселе. Қазір теңіздің жойылып кету қаупі бар, осыған байланысты «Арал ұйымы» ашылған, оған М.Шаханов төрағалық етеді. Аралдан жыл сайын мыңдаған тонна тұз тозаңдары ұшады. Бұл адамдар денсаулығы үшін өте зиян. Сондықтан әр адам Арал экологиясының түзелуіне өз үлесін қосуға тиісті.

Семей - Невада қозғалысы

1949 жылы Қазақстан Республикасының Семей облысында ядролық жарылыс жасалды. 1952 жылы термоядролық бомба сыналды.

1955 жылы сутегі бомбасы сынақтан өткізілді. Мұндай сынақ түрлері 40 жыл бойы Семей жерінде өткізіліп келді. Осыған орай, ядролық жарылысқа қарсы 1989 жылы ақпан айында Семей - Невада қозғалысы құрылды. Халықтың қолдауымен, О. Сүлейменовтің басшылығымен 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Еліміздің экологиялық тазалығын сақтау үшін, халқымыздың денсаулығын қорғау үшін – Қазақстан жерінде ядролық жарылысқа жол бермеуге тиіспіз.