Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары.

Реферат тақырыптары:

  1. «Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны»

  2. «Алаштың Ақордасы»

  3. «Алаш - азат ел»

  4. «Спорт – денсаулық кіпілі»

  5. «Сән және ұлттық киімдер»

  6. «Студент ел болашығы»

  7. «Көп тілділік – көк жиегінді кеңітеді»

  8. «Қос тіл – қос қанатың»

  9. «Тіл туралы Заң»

  10. «Қазақстанның атақты суретшілері»

  11. «Қазақтың ірі билері»

  12. «Орталық Қазақстандағы өндірісті қалалар»

2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық өткізілуі

Тақырыбы

Сабақ түрі

Бағдарламаның түрі

Ұйымдастырылу орны

Арнайы дәрісхананың аты

ІСЕМЕСТР

Астана – Қазақстанның ел ордасы

Семинар

Презентация, слайд, мультимедиялық бағдарлама

Қазақ тілі практикалық курсы кафедрасы

9 ғимарат, №309

мультимедиялық класс

ІІСЕМЕСТР

Қазақ ұлттық салт-дәстүрлері.

Семинар

Презентация, слайд, мультимедиялық бағдарлама

Қазақ тілі практикалық курсы кафедрасы

9 ғимарат, №309

мультимедиялық класс

2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

І вариант

1. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазыңыз. Ту... сол жағы... қазақ халқы... ұлттық өрнегі бейнеленген.

A) -тың, -нде, -дың

B) -дың, -нда, -ның

C) -дың, -нде, -тың

D) -ның, -да, -дың

E) -нің, -де, -тың

2. Бұрынғы өткен шақты анықтаңыз.

A) Қазақ халқының тамаша салт-дәстүрлері бар

B) Е.А.Бөкетов университеттің тұңғыш ректоры болған

C) Наурыз мерекесін барша халық тойлайды

D) Студенттер емтихан тапсырып шықты

E) Ксения қазақ тілінде еркін сөйлейді

3. Септік жалғауларын көрсетіңіз.

A) -ғы, -гі, -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е

B) -нда, -нде, -да, -де, -та, -те, -ып

C) -ға, -ге, -қа, -ке, -са, -се, -да, -де

D) -ып, -іп, -а, -е, -й, -ған, -ген, -қан

E) -ға, -ге, -та, -те, -мен, -бен, -ның, -нің

4. Сұраққа дұрыс жауап таңдаңыз: Сіз қайда тұрасыз?

A) Мен Бұқар жырау даңғылында тұрғанмын

B) Мен Бұқар жырау даңғылында тұрмақпын

C) Мен Бұқар жырау даңғылында тұрамын

D) Мен Бұқар жырау даңғылында тұрамыз

E) Мен Бұқар жырау даңғылында тұрамын

5. Абай -

A) Саяхатшы, өлкетанушы ғалым

B) Атақты өнертанушы, мүсінші

C) Қызылорда да алғашқы қазақ театрын ашқан

D) Опера және балет театрының негізін қалаушы

E) Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

6. Етістіктің болымсыз түрін анықтаңыз.

A) Мәтінді аудара аласыз ба?

B) Біздің факультетте шетел азаматтары оқиды

C) Бүгін Қарағандыда жаңбыр жаумайды

D) Адам адамға дос, жолдас, бауыр

E) Ет тағамдарын қалайсыз ба?

7. Адамның сыртқы келбеті.

A) шашы қара, бұйра, беті дөңгелек, орта бойлы

B) мінезі ашық, жомарт, адамгершілігі мол

C) ашушаң, мінезі тік, қатыгез, сымбатты

D) көпшіл, көңілді, ақкөңіл, бойы ұзын

E) білімді, талантты, жан-жақты

8. Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібімен жазыңыз.

A) Мен орыс тілінен аудара қазақ сөздіксіз тіліне аламын

B) Мен аудара қазақ тілінен аламын орыс тілінен сөздіксіз

C) Мен қазақ тілінен орыс тіліне сөздіксіз аудара аламын

D) Мен аламын тілінен аудара қазақ тіліне орыс сөздіксіз

E) Мен аламын қазақ тілінен тіліне орыс сөздіксіз аудара

9. Қате жазылған сөздерді табыңыз.

A) Астана, Вашингтон, Бішкек

B) қазақ тілі, ағылшын тілі

C) өлкенің, туған жер

D) сабақым, куәлікі

E) төлқұжатта, азаматтығы

10. Сөйлемді аяқтаңыз: Мемлекеттік тілде, еркін, мәдениетті ... ...

A) барғым келеді

B) сөйлегім келеді

C) рәміздер болған

D) болашақ ел

E) кітап оқып

11. Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.

A) халықаралық, ынтымақтастығы

B) ғимаратта, дәрісхананың, отбасында

C) факультеті, ұлтым, аты-жөніміз

D) құжаттар, шетел, мемлекеттер

E) адамзат, өркениет, мәдениеті

12. «Цивилизация» сөзінің баламасы

A) шығармашылық

B) өнер

C) мәдениет

D) мәлімет

E) өркениет

13. Үнді дауыссыз дыбыстар

A) р, л, м, н, ң, у, й

B) п, к, қ, т, ц, ч, ш, щ

C) ә, і, ү, ө, қ, ғ, ң, һ

D) б, в, г, ғ, д, ж, з

E) а, ә, ы, і, о, ө, у, ү

14. Салыстырмалы шырайды анықтаңыз

A) Алисаның шашы сап-сары, бойы ұзын

B) Аязды күндер көп болды

C) Рысананы достары қадірлейді

D) Ол бірнеше тілді меңгерді

E) Максимнің жасы менің жасымнан үлкенірек

15. Көп нүктенің орнына болымсыз есімдіктерді жазыңыз: Бұл туралы ... ... білмейді.

A) бірнәрсе, өзім

B) ешкім, ештеңе

C) мынау, сол

D) сендер, барлық

E) кім, өзіңіз

16. Жедел өткен шақты табыңыз.

A) Студент сұрақтарға жауап беріп тұр

B) Олар АҚШ-қа кетуге дайындалып жүр

C) Ольга шетел әдебиеттерін сүйіп оқиды

D) Антон дәрісханадан шықты

E) Абай табиғат, махаббат лирикаларына арнап өлеңдер жазған

17. Зат есімді жіктеңіз: Мен кеңесші... .

A) -бын

B) -бін

C) -пын

D) -мын

E) -мін

18. Жинақтау сан есімдері

A) біз екеуміз

B) екі жүз бесінші бет

C) тоғызыншы ғимарат

D) он-оннан

E) жүз шақты

19. Жасыңыз нешеде? Сұраққа дұрыс жауап таңдаңыз.

A) Мен 18-де жастамын

B) Менің жасым 18-демін

C) Менің жасым 18-де

D) Мен 18-ші жаста

E) Менің жасым 18-де жастамын

20. Қазақстанның тарихи ең алғашқы астанасы қай қала болған?

A) Қызылорда

B) Орынбор

C) Алматы

D) Верный

E) Ақмола

ІІ вариант

1. Адам мінезіне байланысты сөздер.

A) байсалды, мұртты

B) көңілсіз, иықты

C) жомарт, денелі

D) аққұба, бойшаң

E) ақкөңіл, жалқау

2. Болымсыз етістікті көрсетіңіз.

A) Қазақ тілінде сөйлей алады.

B) Неміс тілінде сөйлей алмады.

C) Француз тілінде сөйлей алды.

D) Испан тілінде сөйлемек.

E) Кәріс тілінде сөйлей алады.

3. Жедел өткен шақтағы етістікті көрсетіңіз.

A) Сен өте білімдісің

B) Сендер бірге оқығансыңдар

C) Гүлнұр кешті жүргізетін.

D) Дарын кеңсеге барады.

E) Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегін жазды

4. Реттік сан есім жасайтын жұрнақ.

A) -а, -еу

B) -дай, -дей, -тай, -тей

C) -ншы, -нші, -ыншы, -інші

D) -шы, -ші, -ншы, -нші

E) -ар, -ер, -р

5. Қай септікте «мен» есімдігі формасын өзгертеді?

A) көмектес септік

B) табыс септік

C) ілік септік

D) шығыс септігі

E) барыс септігі

6. Зат есімді көрсетіңіз.

A) мен, біз

B) жақсырақ, білім

C) орман, көркем

D) сүрткіш, мәтін

E) жарық, кең

7. Салыстырмалы шырайды табыңыз.

A) терең, мол

B) кең, тар

C) тым ауыр, аса көрікті

D) үлкенірек, жақсырақ

E) аппақ, қып-қызыл

8. Жалпылау есімдігін табыңыз.

A) біреу, әлдекім

B) барлық, барша, түгел

C) сонау, ана, сол

D) біз, сен, олар

E) өзің, өзіміз, өз

9. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) ілгері кетті

B) артта қалды

C) сәл аялдады

D) амалсыз барды.

E) зорға қозғалды.

10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

A) жеті, біреу

B) көңіл-күй, сабақ

C) туыс, әке

D) ұзын, қысқа

E) жылы, ыстық

11. Үндестік заңына бағынбай тұрған қосымша қай қатарда?

A) астанадан, нағашымда

B) дәстүрлер, құстар

C) бейбітшілік, киіз үй

D) егемендік, тәуелсіздік

E) Қазақстандікі, баланікі

12. Күрделі нақ осы шақты көрсетіңіз.

A) айтып қалды

B) айтып отыр

C) айтып жібер

D) айта сал

E) айтып болған.

13. Сын есімнің салыстырмалы шырайын табыңыз

A) төменірек, әдемірек

B) біп-биік, тым аласа

C) терең, жоғары

D) ең ұзын, зор денсаулық

E) үлкендер, ағалар

14. Болымсыз етістікті көрсетіңіз.

A) еңбек, мазмұндама

B) көрме, көрпе

C) жазба, сызба

D) баяндама, келіп пе

E) айтты ма, жоқ па.

15. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.

A) дүние есігін ашты

B) тыңдады

C) үйренді

D) білгісі келді

E) туды

16. Сұраулық шылауды дұрыс таңдаңыз.

Ағаң қалада тұрады...?

Гүлден сабаққа кетті....?

A) ба, бе

B) па, пе

C) ма, ме

D) -са, -се

E) -на, -не

17. Реттік сан есімді көрсетіңіз

A) елу-алпыс, жетпіс-сексен

B) төрттен екі, тоғыздан бір

C) бесеу, жетеу

D) жиырма үшінші, қырық алтыншы

E) жиырмадай, үшінші

18. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігін көрсетіңіз.

A) есебіне

B) есебімен

C) есепті

D) есепке

E) есебін

19. «Бес тас, асық, ақсүйек, тоғызқұмалақ, аударыспақ, көкпар, теңге алу, бәйге, қыз қуу». Бұларды не деп атаймыз?

А) ұлттық киімдер

В) ұлттық тағамдар

С) ұлттық ойындар

Д) киелі сандар

Е) ұлттық мерекелер

20. Тиісті сөздерді қойыңыз. Спортпен айналысқан әрбір бала ... ... болады.

А) қу, ақылды, ұрысқақ

В) шымыр, сымбатты, мықты, күшті

С) мейірімді, қарапайым, ақымақ

Д) ұзын бойлы, өзімшіл, көріксіз

Е) білімді, қысқа бойлы, ашушаң