Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақтың ұлттық киімдері

Қазақ халқының киім үлгілерінде табиғи ерекшеліктері бар. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Ұлттық киімдер: ішік, шапан, қамзол, көкірекше, бөрік, тақия, кимешек, сәукеле, тымақ, қалпақ, көйлек, мәсі, етік.

Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Оны ертеде негізінен хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.

Сәукеле – ұзатылатын қыз киетін ғұрыптық киім. Оның төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Оның бағасы өте қымбат, жүз жылқыға дейін парапар болған. Сәукелені арнайы шеберлерге дайындаттырады.

Тымақ – Қазақта тымақтың түрлері көп, оның ең бағалысы түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты пүлішпен тысталады. Тымақтың төбесі шошақ болып келеді.

Бөрік – жеткіншектерден бастап ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Оның етегін айналдыра тері тігіледі. Бөріктің түрлері: шошақ бөрік, үкілі бөрік, кәмшат бөрік.

Тақия. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия.

Қамзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі.Өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленеді.

Шапан – сырт киім. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Оқалы шапанды ертеректе хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім.

Жаңа сөздер:

әшекей-украшение, узор

мата-материал для верхней одежды

салтанат-торжество

ұзату-отправлять невесту в аул жениха

жақұт-рубин

маңдай-лоб

сәнді-модно, нарядный

ықшам-удобный (короткий)

ауқатты-зажиточный, состоятельный

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Мәтіндегі аталған ұлттық киімдерден басқа қандай ұлттық киім түрлерін білесіз?

4. Төмендегі сөздерден туынды сын есім жасаңыз.

Тау, аудан, бала, күзгі, қыс, қала, күш;

5. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойыңыз.

а) ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл.

... көз, ... халат, ...алма, ...нан, ...көйлек, ...қарындаш, ...тақта, ...бор, ...сүт, ...гүл.

ә) үлкен, тар, биік, аласа, жалпақ, кең, жіңішке, әдемі, кішкентай, жеңіл, ауыр, ұзақ.

...бөлме, ...етік, ...көл, ...тау, ...қала, ...дүкен, ...өкше, ...тон, ...көйлек, ...жол, ...ағаш, ...түн, ...қыз.

6. Жағдаяттық тапсырма. Орталық әмбебап дүкенінен туысқаныңыздың мерейтойына сыйлық сатып алыңыз.

7. Ерлердің және әйелдердің ұлттық киімдерінің суреттерін қолданып, әңгімелеңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:6]

Қосымша әдебиет: [1.7:30]; [1.7:23]

ІІ СЕМЕСТР

І апта. Кредит 1-3.

Тақырып: Қазақстандағы жоғары оқу орындарының шетел мемлекеттерімен байланысы. Халықаралық ытымақтастық. Қазақстан – Британ техникалық университеті.

Грамматика: Етістіктің райлары.

Мәтіндер: Шетелдермен байланыс

Қарағанды мемлкеттік университеті еліміздегі білім ошақтарымен қатар алыс-жақын шет елдердегі университеттер және ғылыми орталықтармен әр түрлі салалар бойынша тығыз байланыс орнатқан. Ғылыми-педагогикалық ынтымақтастық негізінде Франциядағы Жерарг Дезарч институты, АҚШ-та Индиана штаты университеті, Мериленд штатының университеті, Ұлыбритания, Корея университеті, Ресей университтерімен байланыс жасайды. Сондай-ақ университет «Еуразия қоры», Білім беру және тіл меңгеру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі американ кеңесі.

Зерттеу және айырбас жөніндегі Халықаралық кеңес, Британ бағдарламасы, Қазақстандағы Франция, Италия Шыейцария, Түркия, Корея елшіліктерінің білім беру бағдарламалары енетін түрлі халықаралық бағдарламалармен қорлар жұмысына белсене қатысады.

Қарағанды мемлкеттік университетінің студенттері мен оқытушылары оқу және ғылыми зерттеу жүргізу үшін шетел ғылыми – білім беру орталығына бара алатыны сияқты, біздің университетен алыс-жақын шетел мемлекеттері: Қытай, Корея, Италия, Монғалия, Украина, Өзбекстан , Тәжікстан азаматтары да білім алуда.

Қарағанды мемлекеттік университеті білім беруді дамытуда Қазақстан Республикасы даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес жұмыс істейді.

Жаңа сөздер:

ғылыми орталық-научный центр

ынтымақтастық-содружество

негіз-основа

қор-фонд

сала-отрасль, область

мақсат-цель

бағдарлама-программа

айырбас-обмен

меңгеру-освоить

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзац бойынша оқып, аударыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

3. Мәтін бойынша жаңа терминдермен бірнеше хабарлы сөйлемдер жазыңыз.

4. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

5. Шетел басылымдарын оқисыз ба? Жастарға, студенттерге арналған басылымдарды атаңыз.

6. Мәтіндегі соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

7. Тақырыпқа байланысты сауалнама жазыңыз.