Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан және Германия қарым-қатынастары

Егемен Қазақстан мен ГФР-дің сауда-экономикалық қарым-қатынасы Президент Н.Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте осы елге ресми сапарынан кейін алғашқы серпін алған. 1997 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы елеулі түрде артты. Егер 1996 жылы ол 381 млн. доллар құраса, былтырғы жылдың бірінші жарты жылдығында 337 млн. долларға жетті. Экономикалық ынтымақтастықты дамытуды ықтимал мүмкіндігі бұдан едәуір жоғары.

1996 жылдың бірінші жартысында ГФР-дің экономикалық дамуында жаппай құлдырау байқалды. Ел экономикасы тап болған коньюнктуралық қиындықтар кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мен бірігуін көбейтті. Дегенмен, сол жылдың екінші жартысында-ақ жағдай біршама жақсарды. Германия фирмаларының шетелдік инвестициялары айтарлықтай ауқымды болды. Олар әлемдік экономикадағы барлық тікелей инвестициялардың шамамен үштен бірін құрайды. Үкімет нарықты дамытуға жаңа серпін беруге бағытталған шаралар қолдануда.

Қазақстан Президентінің Германияға екінші сапары барысында алты бірлескен құжатқа қол қойылды. Бұлар негізінен экономикалық сипаттағы келісімдер.

Жаңа сөздер:

ресми сапар-официальный визит

тауар-товар

айналым-оборот

ынтымақтастық-солидарность, содружество

үкімет-правительство

құжат-документ

келісім-договор

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз.

3. Тауар, мүмкіндік, кәсіпорын сөздерін тәуелдеңіз.

4. Мәтіндегі терминдермен берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер жазыңыз.

5. Қазақстанның басқа шетел мемлекеттерімен қарым-қатынасы жөнінде 6 сөйлем жазыңыз.

6. Мәтінді өз сөзіңізден мазмұндаңыз.

7. «Мен – елімнің болашағына сенемін» тақырыбына 10 сөйлем жазыңыз.

Дипломатиялық қатынастар

Адам қауымының қазіргі даму кезеңінде қоғам сан алуан мемлекеттерге бөлінген.

Әрбір жеке мемлекет өз ішінде қабылдаған заңға бағынады және ол заңды бұзушы жауапқа тартылады. Жеке мемлекет өзінің аумағынан тыс жерде халықаралық үйлесімділікті (гармония) таңдауы мүмкін немесе халықаралық тәртіпке бағынбауды таңдауы мүмкін, бұл таңдау оның еркіне беріледі.

Мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасындағы ең басты мақсаты елі үшін көп пайда әкелу ол өз мүддесі үшін басқа мемлекеттерге қатысты жүргізетін саясатын тұжырымдауға міндетті. Жеке мемлекет басқа мемлекеттермен қарымқатынасын халықаралық үйлесімділік мүддесіне сәйкес жүргізеді, соғыстарды болдырмай, соғыстардың алдын алу саясатын ұстанады және мемлекет байлығын, талан-таражға салдырмау басты мақсаттарының бірі.

Сыртқы саясат тұжырымдамасының болуы – сол ұлттың ақыл-ойының бір көрінісі. Сыртқы саясатты тұжырымдау-саясатшылардың ісі, ол халықаралық қатынастарды жүргізу, сыртқы саясаттағы баса назар аударатын жайларды икемге келтіріп шешу дипломаттардың ісі.

Дипломатияның негізгі – ойлар мен идеялар арқылы мемлекеттердің өзара және халықаралық ұйымдарымен қарқынды қатынас жасау жолдары. Бұл қатынас жолдары үкімет басшылары арқылы тікелей немесе елшілер арқылы делдалдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Адамзат қауымының ғасырлар бойы даму тәжірибесі осы мақсатқа жету жолында қызмет істейтін елші тұлғасының аса маңызды екенін көрсетті. Елші мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын ұстанады.

Елші – дипломатиялық миссияның басшысы. Елшілік біртұтас команда сияқты жұмыс істеп, мемлекет пен мемлекет немесе мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы өте маңызды байланыстарды қамтамасыз етеді.

Жаңа сөздер:

кезең-период

тұжырымдама-теория

халықаралық-международный

саясатшы-политик

тәртіп-дисциплина

ұйым-организация

Тапсырмалар:

1. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркесін құраңыз.

3. Мәтіндегі халықаралық терминдерді септеңіз.

4. Мәтінді қысқартып, өз ойыңызбен шағын мәтін жазыңыз.

5. Әр абзацқа сұрақ дайындаңыз.

6. Қазақстанның шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қатынасы туралы газет материалдарымен жұмыс істеңіз.

7. «Дипломатиялық қатынастар» тақырыбына шағын ақпарат дайындаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ХІҮ апта. Кредит 40-42

Тақырып: Сыртқы саясат. Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі. Аймақтағы өркениеттер арасындағы қатынас.

Грамматика: Модаль сөздер.

Мәтіндер: Сыртқы саясат

1992 жылы қаңтарда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олар: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Шверция, Канада, Пәкістан. Қысқа мерзім ішінде сыртқы саясат дамыды Елге инвестиция тарту үшін Қазақстан ірі компаниялармен келіссөздер жүргізе бастады. 1994 жылы Елбасымыз Н.Назарбаев Еуразиялық мемлекеттер одағын құру идеясын ұсынды, одақтың мақсаты елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстанның сыртқы саяси байланысы Ресей Федерациямен жақсы қарым-қатынаста дамуда. Сондай-ақ Украинамен, Белоруссимен, Кавказ елдерімен ынтымақтастығы жақсы жолға қойылған. Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында табыстарға жетті. Бұл аймақты Қытай, Үндістан, Вьетнам мемлекеттері бар. Қазақсатанда Түркиямен бірлескен азық-түлік кәсіпорындары пайда болды.

Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды болып отыр, АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді, дамыту саласында қолдау көрсетті «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Қазақстан 1996 жылдан бастап халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО) байланыстарын нығайтты.

Экономиканы интеграциялау мақсатымен 1995 жылы Ресей федерациясы және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Достық қарым-қатынасты дамыту үшін 2003 жыл - Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл – Қазақстандағы Ресей жылы болып жариялық аренада бейбіт саясатты ұстанды.

Жаңа сөздер:

сыртқы саясат-внешняя политика

келіссөздер-переговоры

тұрақтылық-стабильность

қарым-қатынас – отношение

бағыт-направление

кәсіпорын-предприятие

оқу орындары-учебные заведения

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп, оқыңыз.

2. Жаңа сөздерді қайталаңыз.

3. Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыз.

4. Модаль сөздермен бірнеше сөйлем дайындаңыз.

5. Берілген сөз тіркестерімен бірнеше сөйлем құрастырыңыз: сыртқы саяси байланыс, Қазақстан дипломатиясы, білімді дамыту, халықаралық ұйымдар, кедендік одақ.

6. Етістіктің келер шағына сөйлемдер құраңыз.

7. «Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбына газет материалдары бойынша шағын ақпараттар дайындаңыз.