Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Халықаралық ытымақтастық

Шетел тілдері факультетінің ағылшын тілі теориясы кафедрасы халықаралық білім беру мақсатында Америка кеңесімен, Британ кеңесімен, ағылшын тілі оқытушыларының Америка ассоциациясымен, Қазақстандағы Америка елшілігімен, Қарағанды қаласындағы Америка орталығымен, Қазақстандағы Корей елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Факультет басшылығымен кафедра жыл сайын шетел мамандарын дәріс оқуға, семинар сабақтарын өткізуге шақырады, 2005 жылы Гете институтының ассистенті, неміс тілінің оқытушысы З.Бартуш, К.Хейнике, Кореядан Донг Джан, Нан Хе Сонг шетел тілдері факультетінде дәріс оқып, тәжірибе алмастырды. Шетел ұйымдары мен шетел мемлекеттері елшілігімен қарым-қатынас жасау нәтижесінде халықаралық ынтымақтастық, әріптестік нығаяды.

Қазіргі уақытта неміс және француз тілдерінің теориясы және практикасы кафедрасында ДААД (неміс академиялық қызметі) лектор Т.Шпикер, Париж университетінің аспиранты А.Шабо, Корея агенттігінің халықаралық әріптестік бағыты бойынша корей тілінің оқытушысы Ким Ин Хи қызмет істейді.

2005 жылы шетел тілдері факультетінде Қазақстандағы Германия елшілігі құқық бөлімінің жетекшісі К.Петер, 2006 жылы Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің байланыс және мәдениет елшісі А.Бортолан тәжірибе алмасу мақсатында дәріс-семинар жүргізді. Біздің университеттің 1 оқытушысы, 3 магистранты, 1 студенті халықаралық бағдарлама бойынша Еуропаның жоғары оқу орындарында оқиды.

Жаңа сөздер:

оқытушы-преподаватель

дәріс-занятие, лекция

нәтиже-результат

бағыт-направление

тәжірибе-опыт, пратика

әріптес-коллега

бөлім-отдел

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен танысыңыз.

2. Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыз.

3. Мәтін бойынша оқытушы сұрақтарына жауап беріңіз.

4. Бірнеше бұйрықты сөйлемдер құрастырыңыз.

5. Қазақстандағы дәстүрлі мерекелерді атап жазыңыз.

6. Берілген сөз тіркестерімен шағын мәтін құрастырыңыз.

ынтымақтастық

байланыс

Халықаралық сауда

тәжірибе

конференция

7. Мәтін бойынша зат есімнің жалғауларын табыңыз.

Қазақстан – Британ техникалық университеті

Қазақстан – Британ техникалық университетін (ҚБТУ) құру – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Мемлекет басшысы Біріккен Корольдік өкілдерімен бірнеше ресми келіссөздер мен кездесулер өткізіп, соның нәтижесінде екі ел арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасалып, 200 жылдың қарашасында қол қойылды. Ұлыбритания Премьер-министрі Тони Блэр университет қолдаушысы болды.

Университет Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен Британ кеңесінің өзара түсіністік туралы Меморандумы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 3 тамыздағы қаулысымен құрылды. Қазақстан жағынан құрылтайшы – Қазақстан Үкіметі, өкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі болып табылады. Университеттің қалыптасуына белсенді қолғабыс жасаған және жасап келе жатқан: Президент әкімшілігі, Қаржы Мнистрлігі, Стратегиялық жоспарлау агенттігі, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі, Н.Назарбаев Білім қоры. Осы мекемелердің төртеуі университеттің Директорлар Кеңесінің мүшесі.

Британия жағынан ҚБТУ әріптестері Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі және оның негізгі өкілі Британ Кеңесі болды. Ұлыбританияның мұнай астанасы Абердин қаласында орналасқан Абердин университеті, Роберт Гордон атындағы Университет, Хериот – Уотт университеті (Эдинбург қаласы) және Вестминстер университеті (Лондон қаласы) білім беру және соған қатысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл университеттерде «Мұнайгаз өнеркәсібі» және «Іскерлік басқарудың» тереңдетілген оқу бағдарламалары бар. Сонымен қатар олар дүние жүзі бойынша мұнай-газ саласында білім беру нарығында көшбасшы орынға ие.

Қазақстан-Британ техникалық университеті – Қазақстанның ұлттық ғылыми-техникалық элитасын дайындау мен қалыптастыруды өз жауапкершілігіне алған жаңа ұрпақ университеті.

Жаңа сөздер:

ресми-официально

келіссөз-переговор

қаулы-постоновление

орналасқан-расположен

ұрпақ-поколение

өкіл-представитель

басқару-управление

көшбасшы-лидер

жауапкершілік-ответственность

жоспар-план

зертхана-лаборатория

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді қайталаңыз.

2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер жазыңыз: ресми келіссөз, қаржы министрлігі, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі, мұнай астанасы.

3. Мәтіндегі әр абзацқа тақырыпша қойыңыз.

4. Шағын мәтіндерді аударыңыз.

5. Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем жазыңыз.

6. Оқысын, айтсын, орындасын, жасасын, үйренсін етістіктермен бұйрықты сөйлемдер құрастырыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ІІ апта. Кредит 4-6.

Тақырып: Біріккен Ұлттар ұйымы. Қазақстанның тұңғыш өкілеті және төтенше елшісі. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы.

Грамматика: Қалып етістіктері.

Мәтіндер: Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі

Бүгінде Қазақстан мемлекеттік танытатын бірден-бір белгі – оның дербес сыртқы саясаты және біздің елімізді бүкіл әлемнің мойындауы болып отыр.

1944 жылға дейін республика үкіметінің құрамында оның сыртқы әлеммен байланыс жасайтын бөлімшесі болған жоқ.

Мәскеуде, Одақтық сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және оның шетелдердегі өіклдерінде 20-дан астам ғана дипломат қазақ еңбек етті. Олар негізінен Азия және Африка елдерінде жұмыс істеді.

ХХ ғасырдың 20-жылдары жас Кеңес өкіметінің Сауд Арабиясындағы алғашқы өкілетті өкілі белгілі шығыстанушы Нәзір Төреқұлов болды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін Қазақстан бойынша жалғыз ғана Мәлік Сабырұлы Фазылов Кеңестер Одағының Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

М.С.Фазылов 1927 жылы 15 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. МГИМО-ны бітіргеннен кейін дипломатиялық қызмет жолын Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен бастайды.

Республика СІМ тарихында М.С.Фазылов еңбек еткен кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар: Республика СІМ-нің мәртебесі түбірімен өзгерді, оның ролі артты. Өз алдына дербес протокол және консул бөлімдері құрылды, кейінірек баспасөз және ақпарат бөлімі, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі құрылды.

*****

М.С.Фазылов 1975 ж. Д.А.Қонаевтың ұсынуымен КСРО-ның Малидағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Тропикалық қиын климатта М.С.Фазылов жеті жылдан астам қызмет істеді. Қазақ ретінде, қазақстандық ретінде өз республикасын да насихаттай білді. КСРО-ның Малидағы елшілігінде өз қолтаңбасын қалдырды, дипломаттар үшін барлық жағдай жасалынған жаңа елшілік қалашығын салуды ұйымдастырды.

Малидегі қызметінен кейін ол бірден Кеңестер Одағының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Мұнда ол 1983 жылдан 1990 жылға дейін еңбек етті.

Мали Республикасында да, Марокко Корольдігінде де М.С.Фазылов Қазақстанның мәдениет күндерін табыспен өткізді.

1988 жылы елші Алматы мен Мекнес (Марокконың ескі астанасы) қалаларын бауырлас қала ету жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Өзінің өмірінің соңына дейін ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде кеңесші болып қызмет атқарды. Дипломат, тарих ғылымының кандидаты М.С.Фазылов әр түрлі басылымдарда орыс, қазақ, француз, араб тілдерінде көптеген мақалалар жариялады.

Ол өз еліне адал қызмет етті.

Жаңа сөздер:

саясат-политика

бөлімше-отделение

өкіл-представитель

шығыстанушы-востоковед

кеңестер одағы-советский союз

қалашық-городок

табыс-успех

мәртебе-статус

кеңесші-советник

хаттама-протокол

Тапсырмалар:

1. Мәтіндерді түсініп оқып, аударыңыз.

2. Мәтіндегі сөйлемдердің шақ тұлғасын көрсетіңіз.

3. Мәтіннен есімдіктерді табыңыз.

4. Қарамен жазылған сөздердермен сөйлем құрастырыңыз.

5. Өкілетті елші, сыртқы істер, ақпарат бөлімі тіркестерімен сөйлем құрап, сөздердің орын тәртібін түсіндіріңіз.

6. Елші, кеңесші, қолбасшы сөздерін жіктеңіз.

7. Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің қандай елшіліктері бар? Кесте құрастырыңыз.