Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Иоганн Вольфанг Гете (1749-1832)

Гете Иоганн Вольфанг – неміс ақыны, ойшыл, ғалым. Зиялы бюргер отбасынан шыққан. Алғашында үйде тәрбиеленіп, кейін Лейпцигте және Страсбургте оқыған.

Жас кезінде «Дауыл мен қысым» атты оппозициялық әдеби ағымды басқарған. 1775 жылы ол Веймарға көшіп келіп, герцог Карл Августың сарай министрі болды. Ол барша ұлттық езушілікке қарсы үн көтерді.

Оның елеулі шығармалары – «Вильгельм Мейстердің оқудағы жылдары», «Вильгельм Мейстердің кезбелік жылдары» романдары мен «Фауст» драмалық поэмасы. Романдарында 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басындағы Германия өмірін көрсетті, әлеуметтік-саяси, эстетикалық проблемаларды көтерді. «Фауст» поэмасында Гете неміс қоғамының бірнеше ғасырлық дамуын қорытындылады. Поэманың негізігі идеясы – творчестволық талпыныс, қайраткерлік еңбек қана адам өмірінің тірегі екендігі.

Сонымен бірге Гете жаңа заманға лайық неміс лирикасын жасады. Ақын өмірінің соңғы кезеңіндегі әдеби мұрасы жаңа тақырып, жаңа көркемдік пішіндерімен ерекше көзге түседі.

Оның шығармалары көптеген әлем халықтарының тілдеріне аударылған. Ақынның 1600-ге жуық өлеңдері, 1000-дай афаризмі, 3 үлкен поэмасы, 3 романы, 54 пьесасы оқырман қауымға толық жете қоймаған, көптеген новеллалары мен ертегілері бар. Ақын шығармаларының орыс тіліндегі аудармасы Ресейде 1780 жылы жарық көрді. Өлеңдерін В.А. Жуковский, Ф.И. Тютчев, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет аударды. Абай Құнанбаев Гете поэзиясымен осы ақындардың аудармалары арқылы таныс болды.

Жаңа сөздер:

ойшыл-мыслитель

тәрбие-воспитание

әдеби-литературный

ағым-направление

әлеуметтік-социальный

талпыныс-стремление

кезең-период

мұра-наследие

даму-развитие

көркемдік-художественный

шығарма-произведение

Тапсырмалар:

1. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

2. Жаңа сөздермен танысыңыз.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

4. Мәтін бойынша 6 сұрақ дайындаңыз.

5. Сын-бейне, мақсат, мезгіл үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңызз.

6. Қайраткер, аударма, сарай сөздерін септеңіз.

7. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.

Француз драматургы

Француз романтизмі тарихының қайта жаңғыру дәуірінде Виктор Гюго шығармашылығының алғашқы кезеңі маңызды орын алады. Біріншіден, Гюгоның есімі мен қызметі 20-жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыс салтанатының символына айналды. Оның «Кромвель» драмасына жазған алғысөзі романтизмнің басты манифестерінің бірі деп қабылданса, жазушының: «Сенаклі» осы қозғалыс бағытын ұстанған. болашағынан өте зор үміт күгтіретін біраз жастардың (Виньи, Сент-Бев, Мюссе, Дюма) басын біріктірді, ал «Эрнани» драмасының қойылымы әдеби анналдарға романизмнің түпкілікті жеңісі ретінде енді. Өз бойына таусылмас қажыр-қайрат пен табиғи талантты біріктірген Гюго француз әдебиетін өзінің даңқымен аспандатып жіберді. Ол бірден барлық жанрларда дерлік жаза бастады десе болғандай. Алғашқы одалар жинағын (1822) кейінірек балладалармен толықтырыла отырып, 1828 жылға дейін қатарынан төрт рет басылып шықты. «Кромвельге» және өлеңдер жинағына жазылған алғысөздер, 1819 жылы өзі шығарған «» («Әдеби консерватор») журналында және басқа да басылымдарда жарық көрген әдеби-сын мақалалары оны жаңа әдеби қозғалыстың ең танымал теоретиктерінің біріне айналдырды. «Исландық Ган» (1823) және «Бюг-Жаргаль» (1826) романдары арқылы ол өзін прозада да сынай бастады. 1827 жылы «Кромвель» жарыққа шыққаннан бастап, ол драматургиямен де белсенді түрде айналысты.

Гюго шығармашылығының түгел қамтуға, уақыт кезеңіндегі әдеби пікірталастардан жоғары тұруға деген ұмтылысы және жаңа ағымдар лебіне құшақ ашу мен дәстүрге адалдықты біріктіре білуі – осының бәрі өз романтизмінің негізі етіп дүниені жоққа шығаруды емес, әлемді бар құйінде қабылдауды көздеген тілекпен тығыз байланысты. «Кромвель» алғысөзінде Гюго жаңа дәуір өнерінің драмалық сипатын кеңінен дәлелдер, эпопея антика заманының табысы деп бағалайды. Оның өзінің де барлық жанрлардағы шығармашылығына соның ішінде лирикаларына да драматизм тән. Бірақ осы драматизмнен бәрін - әлемді, ғасырды түгел қамтысам деген мақсаттан туған эпикалық ынта жоғары тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда, Гюгоның роман-эпопеясы «Париж әулиеана соборынан» бастап және лиро-эпикалық топтамаларға «Жаза», «Ғасырлар аңызы», «Қаһарлы жыл» дейінгі жалпы қозғалысына белгілі бір заңдылық бар. Гюго романтизмінің түп негізінде эпикалық кеңдік жатыр.

Бұл Гюгоның алғашқы одалары мен балладаларынан-ақ байқалған болатын. Оның одаларынан классикалық эпика дәстүрлері айрықша сезіледі. Тарих тақырыбы мен халық тақырыбы «Париж әулиеана соборы» (1831) романында бір-бірімен аса кеңінен тоғысады. Гюгоның алғашқы шығармаларындағы қарама-қарсылықтардың асыра сілтенген эксцентристік сипаты да осыдан туындайды. Және де оның драмалары – «Марион Делорм» (1829), «корольдің ермегі» (1832), «Мария Тюдор» (1835), «Анджело» (1835) көпшілікке әйгілі.

Жаңа сөздер:

шығармашылық-творчество

кезең-период

маңызды-актуальное

алғысөз-предисловия

жинақ-сборник

негіз-основа

ынта-желание

эпика дәстүрлері-эпическая традиция

қозғалыс-движение

Тапсырмалар:

1. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

2. Абзацқа бөліп, кезекпен оқыңыз.

3. Мәтінді сөздікпен аударыңыз.

4. Мәтінге басқа тақырып беріңіз.

5. Үстеулерді теріп жазып, сөйлемдер құраңыз.

6. Драматургтың шығармаларын есте сақтап, кесте құраңыз (қай жылы, қандай шығарма жазды?).

7. Мәтінді абзац бойынша әңгімелеп беріңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ІХ апта. Кредит 25-27.

Тақырып: Шетел әдебиеті: Оскар Уайльд. Шолом Алейхем. Питер Брейгель.

Грамматика: Көмекші есімдер.

Мәтіндер: Оскар Уайльд

Ол тәкаппар дара тұлға болды. Айналасындағылардың өзі жайында айтып жатқандарын құлаққа ілмейді, басқаларға ұқсамауға тырысты. Осы үшін оны көбінесе адамгершіліктен безген деп айыптады. Бұған ол әсемдікті жан-жүрегімен сезінетін адам: «Егер жаман боп жүруге мәжбүр болсаң, онда әрі жаман болып, әрі сұрықсыз киінгенше, жаман болып, бірақ әсем киінгеннің өзі жақсы» - деп жауап берді. Оның аты – Оскар Фингал О'Флаэрти Уайльд еді.

Ол 1854 жылдың он алтыншы қазанында Дублинде туды. Әкесі, сэр Уильям – аса көрнекті дәрігер; өз ақшасына салдырып, жабдықталған емханасы болды. Оскардың шешесі Джейн Франческо Элджи өлең және проза жазды, немісшеден аудармалар жасады.

Он жасынан он алты жасына дейін Оскар Эннискиллен қаласындағы корольдік мектепте оқыды. Оны үздік бітіріп, стипендия алу құқығымен Дублиннің Тринити-колледжіне түсті. Колледжде үш жыл оқығанда Уайльд бірнеше дүркін шығарма жазу жарыстарында жүлде еншілеп, әдебиет жөніндегі еңбектері үшін марапатталды.

Жиырма жасында Оскар ең жоғары академиялық табысқа – Оксфордтың Магдалена колледжіндегі төрт жылдық стипендияға ие болды. Бірінші каникулында-ақ ол бірден өзі көп оқып, армандаған елдердің сұлулық-сымбатын өз көзімен көру үшін Италия мен Грецияға барды. Көне соборлар, бейнелеу өнері мен мүсіндік шығармалар, қалалардың тыныс-тіршілігі – осының бәрі Уайльдты таң-тамаша етіп, жан-жүрегін елжіретті, оның әсемдік сезімін тәрбиеледі.

Бітіру емтихандарында Оскар паш еткен білімді оқытушылары тамаша деп тауып, оған стипендияны тағы бір курсқа созып берді.

Ол студент кезінде өлең жаза бастап, 1881 жылы өз қаржысымен жинақ шығарды. Кейінірек тезірек атақты болу үмітімен театрға арнап шығармалар жазды. Алайда, өзі «Өктемдікке қарсы бас көтеру» деп атаған ирландық Уайльдтың алғашқы пьесаларына ағылшын цензурасы тыйым салды.

Оскар отызға толмай жатып атақты болды. Он тоғызыншы ғасырдың сексенінші жылдарындағы Лондонда эстет Уайльдты білмейтін, бірде бір ақсүйектер салоны болмады. Өнер туралы лекция оқуға шақырғанда Америкалық тыңдаушыларды жиырма жеті жастағы Уайльд өзінің шешендігімен және керемет костюмдерімен таңқалдыратын.

Оның ертегілер кітабы, ал 1890 жылы келеңсіз рецензиялар туғызған «Дориан Грейдің портреті» романы шықты. Авторға жауыздықты кешіргісіз рахатпен сүйсіне суреттейді деген айып тақты. Уайльд қойылуға тыйым салынған «Соломея» пьесасына байланысты да осындай сөгістер естіді.

Оскар Уайльд соңғы үш жылда құлақ ауруынан азап шегіп, Себастьян Мельмот деген жалған атпен Парижде жоқшылық өмір кешті. 1900 жылдың отызыншы қарашасында жазушы дүние салды. Ол қырық алты жаста болатын. Түрмеден жөнелткен хаттарының бірінде Оскар Уайльд өзі туралы: «Мен өз ғасырымның өнері мен мәдениетінің нышаны болдым» - деп жазды.

Жаңа сөздер:

адамгершілік-человечность

табыс-успех

бейнелеу өнері-изоброзительное искусство

өлең-стихотворение

тырысты-старался

нышан-символ

қаржы-финансы

шешен-импровизотор

сөгіс-выговор

айып-штраф

атақты-знаменитый

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Жаңа сөздерді қайталаңыз және оқытушының сұрақтарына жауап беріңіз.

3. Мәтін бойынша септік жалғауларын анықтаңыз.

4. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің астын сызыңыз және сұрақ қойыңыз.

5. Есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

6. Берілген сөз тіркестерінмен сөйлем құрастырыңыз: көне соборлар, алғашқы пьеса, ағылшын цензурасы, он тоғызышы ғасыр, көркем шығарма.

7. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.