Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Фритьоф Нансен

Ол тым бірбеткей болды, басқалармен көп санаса бермейтін. Тәуелсіз болуға ұмтылды, сонысы, тіпті, ұсақ-түйектен де көрініс табатын. Мысалы, жас кезінде ол аяғына ейін шұбатылған сәнді ұзын бешпент қиюден, қатырма жағамен жалпақ галстук тағынудан бас тартты. Ол өзіне ыңғайлы. Жеке сән үлгісін жасап алды. Ол денемен дене боп жабысқан спорттық киіммен, айқарма жағалы жейдемен және телпегін шекесіне киіп келе жатқанда, жұрт бұрылып қарайтын.

Табандылығы мен тобырдың пікіріне құлақ аспаушылығы өзіне ұлы ашылымдар жасауға көмектескен Фритьоф Нансен осындай болатын.

Ол 1861 жылы Норвегияның астанасы – Христонияның төңірегінде заңгердің отбасында туды. Онда Фритьофтың өзінен басқа тағы сегіз бала болды.

Отағасы Бальдур Нансен үйде әрқашан тәртіп пен ұқыптылық болуын қадағалап, балаларды спартандық рухта тәрбиеледі.

Фритьофты білім алға елдің таңдаулы мектептерінің бірі – Ошог Фосқа аттандырды. Барлық пәндердің ішінде ол тек физика мен химияны ғана жақсы көрді. Он бес жасында Фритьофтың басына бірінші рет үлкен қайғы түсті – оның анасы Аделаида қайтыс болды. Әкесі отбасын астанаға көшіріп апарды. Ұзақ ойланып-толғанғаннан кейін Фритьоф астаналық университеттің зоология факультетіне түсті. Кейіннен ол басқа мамандықты: математиканы немесе физиканы таңдамағанына талай рет өкінді.

Жиырма бір жасында Нансен зоология мұғалімінің кепілдемесі бойынша Арктика жануарларын зерттеу үшін, «Викинг» аңшылық кемесімен: Мұзды мұхитқа - өзінің бірінші жүзу сапарына аттанды. Желкенсіз қалқу кезінде Фритьор Гренландияны көрді – бұл оның болашақ тағдырын айқындап берді. Бұдан кейінгі екі жылда ол осынау жұмбақ аралға ойша сан мәрте қайтып оралған болатын. Ал, 1884 жылы Бергендегі Жаратылыстану мұражайында қызмет етіп жүргенінде, өзінің Гренландияны шаңғымен көктеп өту ниеті жөнінде мәлімдеді. Мұның қатерлі жоспар болғаны соншалық, Нансен қаражат жәрдемін сұраған Норвег үкіметі де, Ғылым академиясы да оны қабыл алмады. Осыған қарамастан Фритьоф саяхатқа дайындала бастады.

Экспедицияның табыстылығына мүлдем сенбеген Норвег ғалымдары соның қарсаңында оған жануарлардың орталық нерв жүйесін зерттеу туралы диссертациясын қорғатты. Олардың пікірінше, диссертация әлсіз, бірақ өлімге бас тіккен адамға сыйлық жасағандай болып, Нансенге мерзімінен бұрын докторлық дәреже берді.

1888 жылдың он жетінші шілдесінде жиырма жеті жасар Нансен еріктілер командасымен мәңгілік мұз аймағына аяқ басты. Олар суықтан, «артикалық» шөл мен аштықтан азап шегіп, ұзақ үш ай бойы шаңғымен жүрді. Кейде, Нансен өзінің былғары етігін жеп қоюға шақ қалған кездері де болды. Сонда да болса, сексен сегінзінші жылдың қыркүйегінде оның командасы қиын жорықты табысты тәмамдап, Гриландияның бетін мұз жапқан арал екінін анықтады. Гриландияның ішкі атырабы солтүстік жартышардың басым бөлігіне ықпал жасаушы суық полюсі екінін де ашты.

Жорықтан кейін бүкіл әлем Нансен туралы шулап айта бастады. Бірақ ғалым деп емес, керемет спорттық ерлік көрсеткен адам ретінде мадақтады. Фритьофқа мұндай даңқ қажет емес еді. Содан ол тағы бір жорық жасауға ұйғарды. Бұл жолғы нысана Солтүстік полюске бағытталды. Бірақ 1889 жылы Нансеннің өмірінде оның жоспарларын уақытша ілгері жылжытқан оқиға болды – оның жүрегіне махаббат оты түсті.

Төрт жыл бұрын жоспарларын Норвегияның барлық ғалымдары келеке еткен Фритьоф Нансен 1896 жылы туған еліне қаһарман болып қайтып оралды. Оған корольдің өзі сәлем жолдады. Ал, ол экспедиция нәтижелері туралы баяндама жасаған Альберт-Холл залында оған бірнеше мың адам түрегеліп тұрып қол шапалақтады. Оңтүстік полюс экспедиясы жайында оқтатекте ойлап қойғанымен, бұдан соң Нансен ұзақ жорықтарға шықпады.

Ол Христания университетінде зоология профессоры болды, ғылыми зерттеулерді қолдауға арналған Қор құрды. Өзінің жеке кемесімен Норвегия теңізін және Шпицберген аралын зерттеді. Өз ашылымдары туралы алты томдық есеп жариялады, «күтуге ерлігі жеткен Еваға» арнап, бірнеше қызғылықты кітап жазды, ал 1911 жылы Солтүстік зерттеулерінің іргелі еңбегін бастырып шығарды.

Кейіннен Нансен саясатқа ден қойып, Норвегияның Англиядағы елшісі болып тағайындалды. Осында Ева дүние салды. Бұл қайғысынан Фритьоф өз өмірінің ақырына дейін арыла алмады. Әйелі өлгеннен кейін Нансен өз өмірін көмекке мұқтах адамдарға арнады. Ол Ұлттар Лигасы ассамблеясының төрағасы болып сайланып, Советтік Еділ бойының ашыққан балаларына көмек науқанын ұйымдастырды. 1922 жылы Фритьояқа бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілді. 1930 жылдың мамырында алпыс тоғыз жастағы саяхатшы өзінің мекен-қонысында, балаларының ортасында қайтыс болды. Өмірінің соңғы жылдарында айықпас арманшыл Нансен Солтүстік полюске әуе шарымен жасайтын жаңа саяхат жоспарын ойластырып жүрген.

Жаңа сөздер:

бас тартты-отказался

жиде-рубашка

спорттық киім-спортивный костюм

пікір-мнение

әрқашан-всегда

мамандық-профессия, специальность

жұмбақ-загадка

мұражай-музей

саяхат-путешествие

кепілдеме-гарантия

аймақ-регион

ерлік-подвиг

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, жаңа сөздермен танысыңыз.

2. 1, 2, 3 абзац бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.

4. Модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.

5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз: жұмбақ арал, жаратылыстану мұражайы, орталық нерв жүйесі, оның командасы, тарихи оқиға.

6. Мәтіннің соңғы абзацындағы сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

7. Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.