Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Шолом Алейхем

Еврей әдебиетінің классигі, аса көрнекті жазушы Шолом Алейхем (нақты ныспы – Шолом Нохимович Рабинович) 1859 жылдың наурызында Украинаның Полтава губерниясындағы Переяслав қаласында дүниеге келді. Оның әкесі бұрын қаражатты болғанымен, кейін кенеттен кедейленіп қалады. кешікпей шешесі де тырысқақ ауруынан дүние салады. Ал өгей шешесі оған күн көрсетпейді, әкесі де оны оқыттырмай, жас кезінен үй шаруасы жұмыстарын істетеді. Тек отбасының көршісі, шет аймақтық интеллигент Арнольд деген кісінің Шоломнан шынайы талант иесін көре біліп, оның тағдырына араласуы арқасында жас өспірім уездік училищені орысша оқып бітіреді.

Орыс тілі оның алдынан жаңа дүние есігін ашады. Бойына біткен дарыны оған көрген-білгенін көркемдеп жаздырмай қоймайды. Ол он сегіз-жиырма жасында туындыларымен жұртшылыққа таныла бастайды. Шолом Алейхемнің өмірбаяндық «Жәрмеңкеден қайтқанда» деген әйгілі романы бар. Автор оны «Өз шығармамның шығармалары», «Кітаптардың кітабы», «Өз жан-дүнием жырларының жырлары» деп атады. Оның бұл кең ауқымды романы шынын айтқанда, Ресей еврейлері өмірінің тарихы болып табылады. «Әннің «әні»» дастаны әлемдік лирикалық әдебиеттің қара сөзбен жазылған аса көрнекті үлгісі саналады.

Орыс оқырмандары, орыс сыны еврей жазушысы Алейхемді құрметпен мойындады. Ол өз заманында Л.Н.Толстоймен, А.П.Чеховпен, В.Г.Короленкомен хат жазысып тұрды, әсіресе А.М.Горькиймен шынайы достықта болды. Шолом Нохимович Рабинович елу жеті жасында туберкулезден емделу үшін АҚШ-қа барған кезінде Нью-Йорк қаласында 1916 жылы дүние салды.

Жаңа сөздер:

ныспы-имя

кенеттен-вдруг

тағдыр-судьба

туынды-произведение

өмірбаян-биография

ауру-болезнь

дүние салды-скончался

шынайы-истенный

лирикалық әдебиет-лирическая литература

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз және жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

2. Мәтін бойынша 6 сұрақ дайындаңыз.

3. Жазушы, шығарма, роман, әдебиет сөздерін тәуелдеңіз.

4. Мәтіннің мазмұнымен байланыстырып, көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.

5. Қайраткер, аударма, сарай сөздерін септеңіз.

6. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.

7. «Менің сүйікті жазушым» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

Питер Брейгель

Нидерланд суретшісі Питер Брейгель 1525 жылы Брабантада, қазіргі Брейгель деревнясында дүниеге келген. Ван Мандер өз кітабында былай деп жазады: Питер жас кезінде атақты суретші Кук Ван Альстаның шәкірті болған.

1551 жылы Брейгель Гильдиядағы суретшілердің кәсіптік ұжымының мүшесі болды. 1553 жылы Питер Римде болып, шығармашылықпен айналысады. Сол жылдары әйгілі суретші Джулио Кловиомен танысып, оның шеберханасында бірге жұмыс істейді. Кловио Питердің талантына риза болып, оның бірнеше суреттерін сатып алады. Оның ішінде «Вавилион башнясы» миниатюрасы да болды. Суретші табиғат саясында жиі болып, пейзаж бейнелеу шеберлігін өз еліне танытты.

1563 жылы отбасын құрған Питер Брюссельге көшіп, атақты, бай адамдардың тапсырыстары бойынша сурет салады. Суретшінің «Пейзаждың үлкен сериясы» шығармашылығын халық өте құнды мұра ретінде бағалаған. 1568 жылы басталған азамат соғысы Питер өмірі үшін ауыр болды. Өйткені оның салғат суреттері де адамдардың қайғылы өмірімен байланысты еді. Атақты суретші Питер Брейгель 1559 жылы 9 қыркүйекте қайтыс болды. Оның денесі өз елінде Шапель шіркеуінде жерленген.

Жаңа сөздер:

балалық шақ-детство

мәлімет-сведение

шәкірт-ученик

қарым-қатынас – отношение

ұжым-коллектив

әйгілі суретші-знаменитый художник

тапсырыс-заказ

шіркеу-церковь

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз.

2. Жаңа сөздерді қайталаңыз.

3. Әр абзац бойынша сұрақтар дайындаңыз.

4. Берілген сөздерді тәуелдеп, бірнеше сөйлем құрастырыңыз: шығармашылық, ұжым, шеберхана, сурет.

5. Мәтіндегі етістіктермен келер шақта, жедел өткен шақта сөйлемдер құрастырыңыз.

6. Көмекші есімдермен 5 сөйлем құрастырыңыз.

7. Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

Х апта. Кредит 28-30.

Тақырып: Полиглот тілшілер. Пауль Аристэ. Ш.Уәлиханов. А.Байтұрсынов.

Грамматика: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі.

Мәтіндер: Пауль Аристэ

Пауль Аристэ Эстонияның Тарту қаласында жұмыс істейді. Ол қырық тілді біледі. Ол бұл тілдерді қалай үйренген? Өзінің ғылыми еңбектерін он бес тілде жазады, ал жиырма тілде еркін сөйлейді. Қалған тілдерді орташа біледі.

Оның ана тілі – эстон тілі, бірақ орысша және немісше бала кезінен бастап сөйледі. Үйлерінің жанында орыс отбасылары тұрды, сондықтан бала олармен орысша сөйлеп үйренді. Неміс тіліне ата-анасы арнайы оқытты. Бұл оның алғашқы шет тілдері болды.

Гимназияда П.Аристэ латын мен ағылшын тілдерін меңгерді. Ол 14 жасында эсперантоны оқып үйренді. Шет тілін меңгерудегі оның басты принципі – бірден сол тілде сөйлеу.

«Мен 100 сөз білгенде ғана сөйлей бастаймын. Көптеген адамдар тілді біле тұра, сөйлеуге қорқады. Егер адам қателесуден қорықса, ешқашан еркін сөйлеп үйренбейді» - дейді Аристэ. «Сіздің ойыңызша, қай тіл ең әдемі тіл?» - деп одан сұрағанда, ол: «Әрине, ана тілі» - деп жауап берді.

Жаңа сөздер:

бала кезінен-с детсво

арнайы-специально

ғылыми еңбек-научный труд

еркін-свободно

меңгеру-усвоить

қателесу-ошибаться

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, әр сөйлемдегі сөздердін орын тәртібіне назар аударыңыз.

2. П.Аристэнің тілді оқып үйренудегі әдісін атаңыз.

3. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

а) Сіз неше тілде сөйлейсіз?

ә) П.Аристэ неше тілде сөйлеген?

б) Мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білесіз?

в) Тілді тез меңгеру үшін қандай әдістерді пайдалануға болады?

4. Мәтіндегі етістіктерді теріп, тұйық етістік түрінде жазыңыз.

5. Теледидардан мемлекеттік тілде қандай бағдарламаларды көресіз. Өз ой – пікіріңізді жазыңыз.

6. Өлеңді жаттаңыз:

...Әр адамда өз анасынан басқа

болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

(М.Шаханов)

7. «Менің ана тілім» тақырыбына әңгіме жазыңыз.