Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Шетел тілдері факультеті

Шетел тілдерінің оқытылуы 1994 жылы филология факультетінің құрамынан бөлініп, жеке шет тілдері факультеті болып ашылды. Қазір біздің факультет университетіміздің ірі факультеттерінің бірі. Факультет құрамында 6 кафедра бар: ағылшын тілінің сөйлеу практикасы; неміс және француз тілдерінің теориясы мен практикасы; ағылшын тілінің теориясы; ағылшын тілін оқытудың әдістемесі; гуманитарлық факультеттердің шет тілдері; жаратылыстану факультеттерінің шет тілдері кафедралары.

Мұнда білікті ғалымдар мен оқытушылар дәріс береді. Студенттерге шет елдерден оқытушылар келіп дәріс оқиды. Факультет сыртқы және күндізгі бөлімге ақылы және тегін түрде оқуға студенттер қабылдайды. Заман талабына сай жабдықталған оқу ғимаратында ағылшын, неміс, француз, қытай, корей тілдерінде мамандандырылған әдебиет оқу залы, интернет желісіне қосылған компьютерлер бейне және аудиоқорлары, компьютерлік оқыту бағдарламалар қоры, электронды оқулықтар қоры, медиотека жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқулықтармен қамтамасыз ететін кітапхана қоры, күнделікті баспамен танысатын мерзімді баспасөз залы бар. Студенттер үшін ғимарат ішінде және ашық алаңда спорт залы жұмыс істейді.

Біздің факультет халықаралық талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлайды. Олар бір немесе екі шет тілі мұғалімі, аудармашы – референт, гидаудармашы, аударма оқытушысы, шетел филологиясы мамандары. Біздің түлектер Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де жұмыс істей алады.

Факультет студенттері университеттің қоғамдық өміріне де белсене араласады. Факультеттегі қоғамдық жұмыстар біздің студенттердің әрбір іс-шарадан қалыс қалмайтындығын көрсетеді.

Жаңа сөздер:

күндізгі-очное, дневное

сыртқы-заочное

ғимарат-корпус

қысқартылған-сокрашенный

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтіннен мамандық атауларын теріп жазыңыз.

3. Мына сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңіз: ұқыпты, маңызды, жауапты.

4. Етістіктерді жедел өткен шақта жазыңыз: даярлайды, ұнайды, болғым келеді.

5. Факультетімізде көп студенттер ақылы түрде оқиды. ... Сөйлемнің мазмұнын жалғастыратын бірнеше сөйлем жазыңыз. (Сөйлемдеріңізде сын есімнің шырай формаларын қолданыңыз).

6. Мәтіндегі сын есімдердің жасалу жолын түсіндіріңіз.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:12]; [1.7:13]

ҮІІ апта. Кредит 19-21.

Тақырып: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары.

Грамматика: Ауыспалы осы шақ. Бұрынғы өткен шақ.

Мәтіндер:

Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауынан.

Мемлекетті, оның қауіпсіздігін одан әрі нығайтып, экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім керек. Елбасы бағдарламасы елімізді өркендеген елдердің бірі ететін экономикасы дамыған демократиялық қоғамға айналдыруға кепілдік береді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау. Жолдауда бірнеше негізгі жұмыстар атап өтілген.

Бірінші - өндіруші сектор. Мұнай-газ саласындағы басты бағыт – мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту.

Екінші – экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Үшінші «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал ету т.б.