Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Резюме (түйін) Мұқажанов Ернұр Ерғалиұлы

Туған жылы: 01.05.1968 ж.

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баласы бар.

Білімі: жоғары, 1985-1992 жж. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ.

Әскери міндеті: 1986-1988 жж.

Мамандығы: Филолог

Еңбек жолы: 1992-2006 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, ағылшын тілі теориясы кафедрасы.

Компьютерлік мәлімет: Windows 93-2000, NT, интернет

Қосымша мәліметтер: Ұйымдастырушы, музыкалық

білімі бар.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Мұканов көш.,

15 үй, 4 п.

тел. 74 12 37. ұялы: 8 -7017531216

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

3. Болашақ сөзімен бірнеше тіркес құрастырыңыз

Болашақ

4. Жарнама. Өзіңіздің кәсіпорныңыз, мекемеңіз жайында баспасөзге, теледидарға жарнама беріңіз.

5. Үлгі бойынша өз түйініңізді (резюме) жазыңыз.

6. «Студент – болашақ маман» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз.

7. «Жастар әлемі» газетінен студенттер өміріне арналған мақаланы оқып, өз сөзіңізбен қысқаша баяндап беріңіз.

Ел ертеңі – жастар

ХХІ ғасыр Қазақстан жастарының алдына жаңа талап қояды. Жоғарғы оқу орнын бітіру - әрбір студенттің алдына қойған мақсаты. Бірақ ең бастысы - әр адам өз ісінің шебері болу керек.

Нарық экономикасы жастардан білікті маман болуды талап етеді.

Сондай-ақ өзіңнің туған халқыңның тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін білгенің дұрыс. Мемлекеттік тілді жетік менгерген жас маман өз елінің болашағына сеніммен, жауапкершілікпен қарайды. Әрбір жас бірнеше мамандықты игеруге ұмтылады. Қазіргі нарық заңы осындай. Қазақстан мемлекетінің болашағы білімді, білікті жастардың қолында.

Жаңа сөздер:

талап-требование

мақсат-цель

жоғарғы оқу орны-высшее учебное заведение

нарық экономикасы-рыночная экономика

салт-дәстүр – традиция

жауапкершілік-ответственность

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, аударыңыз.

2. Берілген жаңа сөздерді тәуелдеңіз: халық, мәдениет, болашақ, мамандық.

3. Өз ісінің шебері – филолог, аудармашы, мұғалім мамандықтары туралы дәлелдеу жазыңыз.

4. Сұрақтарға жауап жазыңыз:

а) Өз халқыңыздың қандай салт-дәстүрлерін білесіз?

ә) Білікті маман болу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

б) Сіз екінші мамандықты оқығыңыз келе ме?

5. Мемлекеттік тілде мамандық бойынша баяндама жасай аласыз ба?

6. «Қазақстанның болашағы - жастар» тақырыбына шығарма жазыңыз.

7. Қалау райда және шартты райда бірнеше сөйлемдер құрастырыңыз.

Мен елімнің патриотымын

«Жастар оқысын! Жастар жұмыс істесін! Жастарға қамқорлық жасайық! Жастарға жол берейік!» Жастар жайы сөз болғанда, міне, осындай ойлар бізді жиі толғандырады. Неге? Сіздер көп ойланбастан: «Ел болашағы үшін» деп жауап бересіздер. Иә, шын мәнінде солай.

Еліміздің жастарға зор үмітпен қарайтыны ақиқат. Сондықтан да оларға сенеді. Сол себептен халық жігерлі, жалынды жастарға дем береді. Ал ішімдік, темекі, нашақорлыққа бой алдырғандарға ше?! Олардың болмыс-бітіміне, іс-әрекетіне қараудың өзі қорқынышты.

Көп жастарымыз шыдамсыз болып келеді. Олардың ойынша аңсаған арман мен мақсат бірден орындалу қажет сияқты. Кедергіге кезіксе, қолды бір сілтеп, оп-оңай беріле салады. Дегенмен, өмір соққысына тік тұрып, төтеп беретін қайратты жастарымыз, шүкір, баршылық. Бірақ жігерсіз, жасып, жасқанып қалатын жастарымыз да жоқ емес. «Бүгін оқуға түсе алмасам да, жұмыс істеп шаршасам да, жасқанып, мұңаймаймын. Бағымды, бабымды қайта сынап көремін. Бәлкім жұлдызым осы жолы жанар. Қазір қатардағы қарапайым студенттің бірімін. Келешекте ел зиялысына, халық қалаулысына айналармын. Бәрі мүмкін ғой» дегендей демеу сөздер арқылы өзіне сенім артса, орындалмайтын мақсат жоқ.

Құрбы-құрдас, замандас! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ел болашағы - жастар» деген сенімін естен шығармайық. Қоғамға өзіндік үлес қосу, ата-баба аманатын аяқасты етпеу, мемлекетімізді жандандырып, гүлдендіру – баршамыздың міндетіміз. Мұны әрбір қазақстандық азамат өзінің Отан алдындағы парызы, әрі қарызы деп түсіну қажет. Жас шағымызда жалындап жанбасақ, бойымыздағы күш-қуаттан не пайда? Солай емес пе? Сіздер не дейсіздер?

(Оспанова А. Шетел тілдері факультетінің ІІ курс студенті)

Жаңа сөздер:

қамқорлық-поддержка

үміт-надежда

нашақорлық-наркотик

іс-әрекет – действие

зиялы-интелегент

міндет-объязность

парыз-долг

күш-куат - сила

Тапсырмалар:

1. Газет мақаласын түсініп оқыңыз.

2. Мәтінді сөздікпен аударыңыз.

3. Жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркестерін құрастырыңыз.

4. Идея, мақсат, жоспар, бағдарлама сөздерін тәуелдеңіз.

5. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді жазыңыз: Қазіргі заманғы жастар ..., ..., ... болу керек.

6. Университеттегі «Жастар ісі жөніндегі комитет» жұмысы туралы не айтасыз. Ойыңызды ауызша жеткізуге тырысыңыз.

7. «Ел болашағы жастардың қолында» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:8]

Қосымша әдебиет: [1.7:13]; [1.7:6]

ХІҮ апта. Кредит 40-42.

Тақырып: Салауатты өмір салты. Т.Әубәкіров. Т.Мұсабаев.

Грамматика: Есімдіктер, мағыналық түрлері.

Мәтіндер: Ғарыштың қос қыраны

ХХ ғасыр... Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи-қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен, енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар. Оның біріншісі – Қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы «мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – «ай нұрын ұстап мінсе де қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманының орындалып, ғарышқа қос қазақ ұланының барып қайтуы.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығындаға осы екі ірі оқиға арқылы кешегі Ұлы даланың перзенттері бүкіл әлемге жаңа қырынан танылды. Тарихқа осылай олжа салуының нәтижесінде еліміз өзінің жігерлі де қуатты, әлеуеті мықты, қабілеті мол екенін көрсетті.

Ол елдің аты – Қазақстан!

Ғарыш атты шексіз кеңістікке самғаған оның ұландарының есімдері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев!

Сондықтан біз бүгінгі таңда ғарышқа алғаш қазақ жерінен түрен салынғанын, айлақтың аты «Байқоңыр» екенін қалай мақтан етсек, тұңғыш ғарышкер қазақ атанған Тоқтар Әубәкіров пен тұңғыш қазақ корабль командирі Талғат Мұсабаевты солай мақтан тұтамыз. Мұны біріншіден, қазақ халқының өркениет көшіне ілескенін көрсететін айғақ деп бағаласақ, екіншіден, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, жүргізіп келе жатқан сарабдал саясатының арқасы деп білген жөн.

Жаңа сөздер:

тарих-история

төңкеріс-революция

дәуір-эпоха

перзент-дитя

өркениет-цивилизация

саясат-политика

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен танысыңыз.

2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

3. Сұрақтарға жауап жазыңыз

а) ХХ ғасырдың қазақ еліне берген екі үлкен сыйы не?

ә) Ғарышқа ұшқан кімдер еді?

б) Олар туралы не білесің?

в) «Байқоңыр айлағы – достық мекені» дегенді қалай түсінесің?

4. Қазақ ғарышкерлері туралы деректермен танысыңыз.

5. «Ғарыштың қос қыраны» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

6. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жасаңыз: Ұлы даланың перзенттері бүкіл әлемге жаңа қырынан танылды.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тоқтар Әубәкіров

1991 жылы қазанның І-і бүкіл халқы үшін есте қаларлық оқиға болды. Бұл күні қазақ жеріндегі космодромнан тұңғыш рет қазақ азаматы ғарышқа ұшты. Ол біздің жерлесіміз Тоқтар Әубәкіров еді.

1946 жылы Қарқаралы ауданының «1 май» кеңшарында туған. Тоқтар ата-анасынан ерте айрылды. Оның балалық шағы «Восток» кеңшарында өтті, кейіннен үлкен әпкесімен бірге Теміртау қаласында тұрды. Қалалық кәсіптік-техникалық училищені бітіріп, Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істей жүріп, Қарағанды оқу-авиация орталығында парашют спортымен айналысты.

Қиыр Шығыста әскери қызметін атқара жүріп өзінің адамгершілігі, адалдылығымен ерекшеленеді. Тоқтардың әскерден кейінгі өмірі сырт жерде өтті. Арзамастағы жоғарғы әскери-авиация училищесін бітіріп, сынаушы-ұщқыш болып А.Микоянның орталығында жұмыс істеді. Тоқтар көптеген және әскери истребительдерді сынап, «қолға үйретті». Оның «Еңбек сіңірген сынаушы-ұшқыш» атағына Совет Одағының Батыры құрметті атағы қосылды. Ол бұл атаққа «Тбилиси» авианосецінің палубасынан «Миг-28» истребителін көтеріп, қондырғаны үшін ие болды. Бұл күрделі ұшуды Тоқтар мүлтіксіз орындады.

1990 жылы ғарышкерлер отрядына кіріп, 1991 жылы қазан айында бүкіл халқының үміт-аманатын арқалап, ғарышқа аттанды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Тоқтардың тікелей ұйымдастыруымен республикамызда ғарыш зерттеу қоры құрылды. Тоқтар Байқоңыр қаласында ашылған жас ғарышкерлер мектебіне қамқорлық жасайды, ол мектепте болашақ Қазақстан ғарышкерлерін даярлайды. Қазір ғарышкер техника ғылымдарының докторы.

Жаңа сөздер:

ғарыш-космос

әскери қызмет-военная служба

сырт жерде-на стороне

суыт-скорбная

сынаушы-ұшқыш – летчик-истребитель

кеңшар-совхоз

қолға үйретті-приручил

қондырған-посадка

мүлтіксіз-без укаризненно

үміт-надежда

зерттеу қоры-фонд исследование

қомқорлық-опека

тікелей-непосредственно

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, оқытушының сұрақтарына жауап беріңіз.

2. Әр абзац бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3. Мына сөздердің синонимдерін жазыңыз: қаһарман, даярлайды, айналысты, қызмет, дос, қаза.

4. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыз: республикамызда, мектебіне, спортымен.

5. Бір сөзбен айтыңыз.

а) Ғарышқа ұшатын нәрсе - ...

ә) Ғарышқа ұшатын адам - ...

б) Ғарыш аланы - ...

6. Сан есімдер бойынша Тоқтар өмірінің кезендерін жазыңыз.

1946 жылы

1969 жылы

1976 жылы

1979 жылы

1990 жылы

1991 жылы

7. Етістерді қайталаңыз. Ауызша бірнеше мысал келтіріңіз.