Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

Ростислав Викторович Петров, «Простор» журналының редакторы:

- Мен әр күнімді жоспарлаймын. Әр күні әртүрлі жоспар жасауға тура келеді. Өйткені күндер бір-біріне ұқсамайды ғой, өз міндеті бар. Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. Бұл уақытта мен номерге жіберілетін барлық материалдарды оқимын. Түске дейінгі тәртіпті қатаң сақтаймын, тіпті телефон тұтқасын да көтермейтін кездерім болады. Олай етпесем жұмысым, демек, журналдың жұмысы тоқтап қалады. Күннің екінші жартысында авторлармен сөйлесем, келушілер бар, телефон соғушыларға жауап берем. Жоспарланған жұмысымның бәрін орындауға мүмкіндік бола бермейді. Күтпеген жағдайлар кедергі келтіреді. Оларды ертеңгі жоспарға енгізуге тура келеді. Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар – келіп-кетушілер, телефон қоңыраулары, авторлармен сөйлесу, негізінен менің көп уақытым номерге жіберілетін материалдарды оқуға кетеді. Сондықтан бұл жағынан жұмысымды ақсатпауға тырысам.

-Бәрін жоспарлау табысқа жеткізеді деп есептейсіз бе?

-Тәжірибеме сүйенсем, тек жоспармен жүру ешқандай нәтиже бермейді. Жағдайға қарай икемделе білу қажет. Жоспарлау керек, егер болмаса өзгерткен жөн.

Баянов Асқар, «Новое поколение» газетінің тілшісі:

-Күн тәртібі менде жоқ. Негізінен биологиялық ырғақ бойынша өмір сүрем. Таңертеңгісін тұрам, таңғы ас. Жұмыс күні, кешкі ас, теледидар көрем, ұйқыға жатам. Жұмыстағы барлық шаруаны өз мезгілінде бітіруге тырысам. Кейінге, әсіресе, дем алатын уақытыма қалдырмаймын. Яғни, адамда жұмыс уақыты және дем алатын уақыт болуы керек деп есептеймін. бірақ әрқашан ойымдағы бола бермейді. Кейде жағдайлар бізге билік жүргізеді. Күнделікті жұмыс күнімді жоспарлаймын. Бұл проблемаларды шешуге көмектеседі.

Жаңа сөздер:

ұқсамайды-непохоже

қатаң-строги

кедергі-препятствие

мүмкіндік-возможность

билік-власть

күтпеген жағдай-непредвиденные обстоятельство

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, жаңа сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

2. Мәтінді ІІІ жақта баяндаңыз.

Үлгі: «Простор» журналының редакторы әр күнін жоспарлайды. Күннің алғашқы жартысында оның жоспары өзгермейді.

3. Редактор мен тілшінің күн тәртібін салыстырыңыз.

Үлгі:

Редактор Тілші

әр күнің жоспарлайды күн тәртібі жоқ

уақытының жартысы негізінен биологиялық

жоспармен өтеді ырғақпен өмір сүреді

__________________ ____________________

__________________ ____________________

4. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз: осталось мало времени, установить время, время летит быстро, время настало, время не ждет, время дорого, с течением времени, продлить время, зря тратить время, жалеть о потерянном времени.

5. Мына сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді табыңыз.

кеше –

күн –

таңертең –

ертерек –

кешігу –

жоғалту -

6. Аяқталмаған жұмыс, баяндама жасау, ертеңге қалдыру, уақытты созу тіркестерін жедел өткен шақта жазыңыз.

7. Оқыңыз, есте сақтаңыз. Уақытыңызды дұрыс пайдалаңыз, уақытыңыздың жауларынан сақ болыңыз:

а) Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз

ә) Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі

б) Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл – күш жігер бастауы

в) Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл – жастық құпиясы

г) Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл - білім негізі

ғ) Достық үшін уақыт табыңыз, бұл – бақыттың шарты

д) Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл – жұлдыздарға барар жол

е) Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл - өмірдің шынайы қуанышы

ж) Көңіл көтеру үшін уақыт табыңыз, бұл – жанның әуені

Уақытымыздың жаулары

а) түсініксіз мақсаттар

ә) тыңдай білмеу

б) «жоқ» - деп айта алмау

в) телефонмен ұзақ сөйлесу

г) асығыс шешімдер

ғ) ұмытшақтық

д) жұмыс уақытында кофе, шәй ішуге кететін үзілістер

е) жоспарлай білмеу