Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов.

Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Евней Арыстанұлы Бөкетов атақты металлург – ғалым және физик – химик, Қазақстандағы ғылым мен жоғарғы оқуды ұйымдастырушылырдың бірі, ақын, жазушы, аудармашы, және әдебиет сыншысы.

Е.А.Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Сергеев, қазіргі Шалақын ауданының Бағанаты ауылында дүниеге келген. Әкесі Арыстан Бөкетұлы діншіл болғандықтан ұлының атын Ибн Қабиден деп қойған болатын, ал анасы Бәлтәй Байжалқызы баласын еркелетіп Ебіней деп атайды. Содан оның есімі елге Евней болып тарап кетеді.

Ол 1941 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь ауданындағы Марьевка мектебінің 9 сыныбын бітірген кезде соғыс басталып, ол өмір жолын осы өңірлердегі мектептерде мұғалім болып қызмет атқарып бастайды. Кейін 1945 жылы Марьевка орта мектебінде орта білім жөніндегі аттестатқа шұғыл түрде емтихан тапсырған. 1945 – 1950 жылдары Алматы қаласындағы қазақ тау-кен металлургия институтын (Қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін) аяқтап, осы институттың аспиранты болады. 1954 жылы техника ғылымдарының кандидаты, 1967 жылы техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми атағы берілді.

1960 жылы ұстазы академик Қ.И.Сәтбаев Е.А.Бөкетовті Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы химия – металлургия институтына шақырып, ол 12 жыл осы институттың директоры болады.

1972 – 1980 жылдары жаңадан ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры.

Е.А.Бөкетов металлургия және химия саласындағы белгілі ғалым ғана емес, сонымен бірге көркем әдебиетке де құштар болған, тарихты да ұнататын еді. Іс – сапарларында, демалыста болғанда, тарихи өңірлердегі ескерткіштерді көріп, табиғатты тамашалайтын.

Евней Арыстанұлы: «Мен әдебиетті білмеген ғалымды нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашан да мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған», - деп жиі айтатын. Евней Арыстанұлы өзі осындай ғалым еді. Сонымен бірге ол қазақ тілін де, орыс тілін де жетік білді, екі тілде де еркін жаза алды.

Е.А.Бөкетов 406 ғылыми еңбек, 9 монография, «Досыма алты хат» автобиографиялық повесін, «Шоқанның жарқын істері», «Жас Қаныш» шығармаларын жазып, С.Есениннің «Анна Снегина» поэмасы мен өлеңдерін, В.Шекспирдің «Макбет» және «Юлий Цезарь» трагедиясын, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын қазақшаға аударды. Өмірінің соңғы кезінде Е.А.Бөкетов ғылым саласында Қарағанды көмірінен сұйық жанар май (мұнай өнімдерін) алу мәселесімен шұғылданған, өкінішке орай бұл жұмыстары аяқталмады.

1983 жылы 13 желтоқсанда ғалым Е.А.Бөкетов қайтыс болды. Марқұмның мәйіті Қарағанды қалалық зиратында жерленді.

Жаңа сөздер:

еркелету-баловать

шұғыл түрде-срочном порядке

құштар болу-стремление

іс-сапар - камондировка

Тапсырмалар:

1. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

а) Е.А.Бөкетов кім?

ә) Ол ғылымның қандай салаларына үлес қосты?

б) Е.А.Бөкетов мұражайында болдыңыз ба?

в) Академик есімі университетке қай жылы берілген?

г) Е.А.Бөкетов еңбектерін білесіз бе?

2. Мәтінен етістіктерді теріп жазыңыз, қай шақта берілгенін анықтаңыз.

3. Сын есімдерді теріп жазып сөз тіркесін құрастырыңыз.

4. Мына сөздерге синоним жазыңыз: атақты, ғылым, мұғалім, ұнату, еңбек, зират.

5. Төмендегі сөздерді жіктеңіз: ғалым, ұстаз, аспирант, аудармашы.

6. Мәтін бойынша Е.А.Бөкетов өміріне хронологиялық таблица жасап көріңіз.

7. Мұражай, әдебиет сөздерінің әрбір әрпіне сөздер жазыңыз.

Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

Оставленные комментарии видны всем.