Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер

Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, отбасында сәби болуын арман етеді. Себебі бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі – зайыптылардың тіреу діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой топшылаған.

Шілдехана алғашқыда «Жас босанған әйелді түні бойы жынпері жағалап жүреді: әйелдер, қыз-келіншектер жас босанған әйелді үш күні бойы жын-періден қорғап күзету керек» деген діни ұғымнан пайда болған. Күн батқаннан таң атқанша жас босанған әйел мен жаңа туған жас сәбиді ұйықтамай күзетіп отыру үшін үш күндей түнімен өлең айтып, ән-жыр, күй-бимен, ойын-сауықпен өткізген. Кейін бұл дәстүр жас нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған жастардың ойын-суық дәстүріне айналып кеткен. Жастар таң атқанша түрлі ұлт ойындарын ойнап, ән салып, күй шертісіп, жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, өнер салыстырады.

Сүйінші. Жас нәрестенің әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі немесе атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған. Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген.

Тұсау кесу. Бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады тойға келгендер шашуға құрт, шай, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ т.б. әкеледі.

Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.

Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке 7,8 немесе 9 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте сүндетке отырғызға, солғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін болған.

Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күз айларында іске асырылған. Себебі суық та, ыстық та балаға әсер етпесін деген мақсат кезделген. Кейде 5, 7, 9 жастағы ауыл балаларын жинап, қожаны шақырып 3-4 үйдің балаларын бір-ақ сүндетке отырғызған.

Сүндетке отырғызу үшін балаларды шешіндіріп, әкесі немесе ересек ағалары қол-аяғын мықтап ұстап, ал қожа балаға: бір, екі, үш, төрт, бес тәшімай үшін кес – дейтін өлең айқызып, алдандырып отырып , өткір пышақпен 1 сантиметр теріні кесіп алып, қанды тоқтату үшін тәнге күл салады, немесе құрым кигізді отқа күйдіріп, соның күлін басады. Қожаға баланы сүндетке отырғызғаны үшін қой, тайынша, тай немесе ақша береді.

Байғазы. Көрімдік. Бұл екі дәстүрдің бір-біріне ұқсастығы болғанмен екеуі ек басқа. Мысалы: «Байғазы - балалардың жаңа киіміне, бір заты үшін (шана, ер тоқым, тон т.б.) берілетін ақшалай немесе заттай сый. Байғазы сұраудың ешқандай сөкеттігі жоқ. Мұны негізінен әке-шешелерінен, құрбы-құрдас, жеңге ағаларынан, сыйлас туысқан, көршілерінен сұраған жөн. Жігіт адам байғазы сұрағанда жеңгелері ойынға айналдырып байғазына – байдың қызы» деп те құтылуға болады. Байғазы көңіл – күй көтеретін, сыйластық, татулықты білдіретін дәстүр..., көрімдік жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдылығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

Көрімдік – жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқаға алғаш көрген сәтте сұралатын сый, лайықты дәстүр. «Көрімдігің» деп жоғарыдағыдай сыйлыққа ақша немесе заттай беруге болады. Сонымен көрімдік адамға, жандыға, байғазы жансыз дүниеге қатысты айтылады. Бұл дәстүрдің мәні алып-беруде ғана емес, тереңде жатыр.

Жаңа сөздер:

салт-дәстүр - традиция

жұбай-супруга

отбасы-семья

бесік-колыбель

сыйластық-уважения

Тапсырмалар:

  1. Салт-дәстүрлерді түсініп оқып, оқытушы сұрақтарына жауап беріңіз.

  2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз.

  3. Мәтінде берілген сын есімдерді теріп жазыңыз.

  4. Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні қандай? Қысқаша мәтін құрастырыңыз.

  5. Тәрбиеге байланысты 10 мақал-мәтел жаттаңыз.

  6. Мәтіндерде аталмаған салт-дәстүрдің біреуі туралы шағын мәтін дайындаңыз.

  7. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді құрамына қарай талдаңыз.