Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Ірі ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түрколог, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын, аудармашы, публицист, өз кезі үшін белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Торғай облысы, Торғай уезінде қарапайым жанұяда туған. А.Байтұрсынов ең алғашқы сауатын (араб жазу негізінде) өз ауылында ашады. Кейін 1886-1891 жылдары Торғай орыс-қазақ училищесінде, ал 1891-1896 жылдары Орынбор мұғалімдер дайындайтын семинарияда оқиды. Түрколог, ғалым А.Байтұрсынов бірнеше тілді білген.

Еңбек жолын А.Байтұрсынов бала оқытудан бастайды. Ол орыс-қазақ мектептерінде, семинарияда педагог болып жүріп, қоғамдық-әлеуметтік өмірге терең үңіледі. Ғылым-білім таратудың тиімді жолдарын қарастырып, қазақ тілі және әдебиетінің тарихымен, теориясымен шұғылданады. Ол қазақтың тұңғыш әліппесін, оқулықтарын жазған. «Қазақ» газетінің жарық көруіне де Ахметтің сіңірген еңбегі өте зор.

1917-1919 жылдары А.Байтұрсынов «Алаш» партиясының белсенді мүшелерінің бірі болады және қырғыз аймағының әскери-революциялық комитетінің мүшесі болып сайланады. 1920-1921 жылдары осы аймақтың халық оқу ағартушысы, Академиялық орталықтың басқармашысы, ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі болды. Ал 1921-1928 жылдары Қазақ білім беру институтында істейді. 1928-1929 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры болды. 1929 жылы ешқандай дәлелсіз түрмеге жабылап, 1937 жылға дейін айдауда жүреді. 1937 жылы қайтадан түрмеге жабылып, 8 желтоқсанда түрмеде атылады.

А.Байтұрсыновтың қоғамдық қызметі, ғылыми, әдеби мұрасы бүгінгі күні халқымыздың рухани қазынасына қосылып отыр.

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Тіл білімі институты А.Байтұрсынов есімімен аталады.

Жаңа сөздер

дарынды-талантливый, одаренный

қайраткер-деятель

сауат-грамота

тиімді-выгодный

шұғылдану-заниматься чем-либо

аймақ-край, территория

дәлел-доказательство, основание

мұра-наследие

қазына-сокровища

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Берілген етістіктермен сөйлем құрастырыңыз: барған, оқыған, отыр, зерттеген, жүр, аударды.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) А.Байтұрсынов кім?

ә) Халқымыздың тарихында қандай еңбегімен із қалдырды?

б) Ғалымның өмірі туралы не білесіз?

4. Берілген сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құраңыз: сауат ашу, терең үңілу, жарық көру, қазынасына қосылу, есімімен атау.

5. Есімдіктерді түрлеріне қарай ажыратып, кестені толтырыңыз: осы, кейбіреу, өзім, қанша, мынау, кейбір, ешқашан, барша, мен, анау, ешқандай, әлдеқашан, түгел, сол, біз, бәрі, ешқайдан, ештеме, олар, әрбір, ешнәрсе, бүкіл, әлдеқашан.

жіктеу

сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

болымсыздық

жалпылау

6. Оқыңыз, аударыңыз және жаттап алыңыз.

Мінсіз таза меруерт

Су түбінде жатады,

Мінсіз таза асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан зат

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

7. Әлемге танымал полиглот тілшілерді білесіз бе? Атаңыз. А.Байтұрсыновтың көркем шығармаларынан үзінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:28]

Қосымша әдебиет: [1.7:23]; [1.7:6]

ХІ апта. Кредит 31-33

Тақырып: Шетел және қазақ прозасы. В.Шекспир. Бальзак. М.Әуезов.

Грамматика: Сөйлем түрлері. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер.

Мәтіндер: Вильям Шекспир

Вильям Шекспир – ағылшын драматургы, ақын. Ол 1564 жылы көкек айында Страдсфорд – на – Авонада туды. Оның әкесі қолғап сататын бай азамат болды.Страдсфорд грамматика мектебінде оқып, латын және көнек грек тілдерің үйренген Вильям 19 жасында үйленеді. Ақын отбасымен 1585-1612 жылдары Лондонда тұрды. 1590 жылы Лондонның «Глобус» театрының актері болды әрі сол жылы драматургтік қызметін бастады. Шекспир пьесалармен қатар көптеген сонеттер. «Венера мен Адонис» (1593), «Лукреций» (1594), тағы басқа поэмаларын жазды. Оның 1590-1600 жылдары аралығындағы пьесалары оптимистік сарында болып келеді. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттелді «Қателіктер комедиясы» қойылымы 1594 басылды. Шекспирдің саяси көзқарасы пьеса – хроникаларында байқалады. «Генрих 4», «Ричард 3» (1592 қойылуы 1593, басылуы 1957), тағы басқа пьеса – хроникаларының негізгі идеясы – мемлекеттік елдік бірлік.

Шекспир пьесаларында дүние жүзінде алғаш рет драматургия саяси күресті мифтік емес, реалистик әдіспен бейнеледі. Ол шығармаларында қоғам өкілдерінің барша тобын қамтыды. Бұл кезеңде Шекспир өз дәуіріндегі ағартушы – гуманистердің ықпалында болды. Шекспир шығармаларының 2 – кезеңі (1601-1608) Англия өміріндегі қоғамдық саяси өзгерістермен тұспа – тұс келді. Елдегі әлеуметтік шиеленіс Шекспир шығармаларында трагедиясынның молаюына себепкер болды. Бұл жылдары ол әлеуметтік – философтік бірқатар пьесалар жазды: «Гамлет» (1602), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1606), «Макбет» (1606), «Антоний мен Клеопатра» (1607), «Афиналық Тимон» (1608), «Кориолан» (1608) және тағы басқа. Бұл жылдардағы Шекспир шығармаларының желісі – қоғамның жаңаруын көрсеті, қоғамдағы келеңсіздіктерді әжуаға айналдыру.

Шекспир шығармаларының 2 - кезеңінде (1609-1612) бұрыңғысынша зұлымдық пен адамгерщіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және идеялдық тұрғыдан жеңдіру арқылды шешеді («Перикл» (1609), «Цимбелин» (1609-1610), «Қысқы ертегі» 1611 тағы басқа). Шекспир ХҮІІІ – ғасырдан Ресейде жоғары бағалады, В.Б. Белинский «Гамлет» атты арнайы мақала жазды. 20 – ғасырдың бас кезінін бастап Шекспир пьесалары орысша нұсқасынан қазақ тіліне аударылып, республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Отелло», «Асауға тұсау», тағы басқа туындылары М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары мен сонеттері бірнеше рет қазақ тілінде жарық көрген. Шекспир 1616 жылы қайтыс болды. Шекспир есімі – ағылшын театрының символы.

Жаңа сөздер:

азамат-гражданин

қызмет-работа, служба

бірлік-единство

қоғам-общество

қиындықтар-трудности

қойылым-спекталь

көзқарас-взгляд

ағартушы-просветитель

ықпал-влияние

саяси өзгеріс-политические изменение

адамгершілік-человечность

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, жаңа сөздерді қайталаңыз.

2. Мәтінді кезекпен абзац бойынша аударыңыз

3. Шикспир шығармаларынан лепті, бұйрықты сөйлемге 4 мысал жазыңыз.

4. Драматург, қойылым, қоғам сөздерін септеңіз.

5. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

6. Шекспир жайлы не білесіз? 5 сөйлем жазыңыз.

7. «Ұлы драматург» тақырыбына әңгіме жазыңыз.