Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Диего Родригес де Сильва Веласкес

Диего Родригес де Сильва Веласкес 1599 жылы 6 маусымда Севильяда туған. Оның ата-аналары өте бай адамдар болғандықтан Диего жақсы тәрбие, жан-жақты білім алды. Ол өте ақылды бала болып өсті.

12 жасында суретші боламын деп шешкен Диего ең әйгілі Севильдік суретші Франсиско де Эррероның шеберханасында жұмыс істеп армандаған мақсатына жетеді. 1617 жылы Веласкес Севильдік суретшілер корпорациясына кіріп, үлкен өмір жолын бастайды. 1623 жылы бірінші министр – герцог де Оливарес Веласкесті Мадридке патшаның суретін салуға арнайы шақырады. Мұндай құрметке талантты суретшілер ғана ие болатын.

Суретші патша сарайында 5 жылдай қызмет істеп, Филипп ІҮ-нің шенін алады. 1629 жылдан 1631 жылға дейін танымал суретші Веласкес Италияда болып, өз шығармашылығын жалғастырады. 1660 жылы Веласкес Францияда Людвик ХІҮ және Филипп ІҮ патшалардың ресми кездесуіне қатысады. 1660 жылы әлемге әйгілі суретші Диего Родлигес де Сильва Веласкес қайтыс болды. Оның бай мұрасы, шығармалары халқына үлгі, аңыз болып қалды.

Жаңа сөздер:

тәрбие-воспитания

шеберхана-мастерская

патша-царь

үйленген-женился

суретшілер корпорациясы-корпорация художников

сарай-дворец

кеңес-совет

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, аударыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

3. Берілген сөздерді септеңіз: ата-ана, тәрбие, білім, шәкірт, суретші, мұражай.

4. Мәтіндегі соңғы екі сөйлемге фонетикалық талдау жасаңыз.

5. Мәтін бойынша суретшінің шығармашылық кезеңдерін әңгімелеп беріңіз.

6. Мәтіннен зат есім+сын есім сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

7. «Ұлы талант» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ХІІІ апта. Кредит 37-39.

Тақырып: Халықаралық - экономикалық қатынастар. Қазақстан және Германия ынтымақтастығы. Дипломатиялық қатынастар.

Грамматика: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Мәтіндер: Халықаралық - экономикалық қатынастар

Лондонда «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» деген тақырыпқа арналған конференция өз жұмысын бастайды. Осы аса маңызды экономикалық форумға қатысу үшін Қазақстанның делегациясы Ұлыбритания астанасына жүріп кетті.

Конференция 18-19 қыркүйек күндері өтеді. Оған тұманды Альбион іскерлерімен бірге Бельгия, АҚШ, Франция, Швеция, Нидерланды, Канада, Австрия, Испания және басқа бірқатар елдердің ірі бизнесмендері мен экономистері де қатысады.

Алқалы жиын үстінде Қазақстандағы экономикалық реформалардың әр түрлі салалары терең талдау және жан-жақты пікір алысу объектісіне айналады. Бұрындары шетелдіктердің көбінесе Қазақстанның мұнай-газ өндірісіне көбірек мүдделілік танытатындығы ерекше назарда ұсталатын боса, бұл жолы экономикамыздың басқа секторларының инвестициялық мүмкіндіктерін бірінші қойып ұсынуға көбірек мән беретіндігі байқалады.

Қазақстанға арналған үлкен саммиттің Лондонда өтуі кездейсоқ емес. Ұлыбритания инвестицияларды сыртқа шығару және өзіне тарту жөнінде дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Бірақ қазірше екі ел арасындағы осы саладағы байланыстар айтарлықтай жоғары дәрежеде дей қою қиын.

Тағы бір назар аударарлық мәселе, конференцияны ұйымдастыруға жұмсалатын қаржы бюджет есебінен емес, инвесторлар есебінен бөлінген. Халықаралық экономикалық байланыстарды орнықтыру және нығайту тұрғысынан алғанда шетелдік инвесторларға барынша қолайлы жағдай туғызумен қатар, олардың өз мойындарына алған бағдарламалары мен міндеттемелеріне де жауапкершілікпен қараудың қажеттелігіне де назар аударылады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инвесторлардың барлығы бірдей өз міндеттемелерін орындамайды. Әрине, қарым-қатынастың нәтижелі болуы үшін жауапкершіліктің екі жақтан бірдей сақталуы шарт екендігі даусыз.

Жаңа сөздер:

экономикалық форум-экономический форум

іскер-деловой

жиын-собрание, совещание

назар-внимание

ұйымдастыру-организавать

жауапкершілік-отвественность

қажеттілік-необходимость

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесін және сөйлемдер құрастырыңыз.

3. Мәтіннен сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тауып, астын сызыңыз және сұрақ қойыңыз.

4. Теледидардан халықаралық қатынастар жайында бағдарлама көріп, оқытушымен пікірлесіңіз.

5. Газет материалдарымен жұмыс істеңіз.

6. Халықаралық терминдермен сөздік жасаңыз.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.