Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН – SYLLABUS

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Кенжебекова Жібек Алшынбекқызы

(8 ғимарат, №224, сенбі сағат 10.00-12.00)

Кадина Жамбы Зекенқызы

(8 ғимарат, №224, сәрсенбі сағат 10.00-12.00)

Сатеева Ботакөз Серикбекқызы

(8 ғимарат, №224, сәрсенбі сағат 10.00-12.00)

Филология факультеті

Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы

    1. Пән туралы мәліметтер:

«Қазақ тілі»

6 кредит

Өткізу орны: екінші ғимарат, ҚарМУ

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семе

стр

Несие

лер

Семи

нар

лар

СОӨЖ

СӨЖ

Бар

лы

ғы

Бақы

лау

түрі

1

1-2

6

90

90

90

270

емти

хан

1.3 Пререквизиттері: Курстың бастапқы сатысында студент қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу берілген ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну;

Жазу: Емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу;

Тыңдау: Лексикалық минимум көлемынде монологты және диалогты сөйлеуді меңгеру.

Сөйлеу: Өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қою және оларға жауап қайтару.

1.4. Постреквизиттері: Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілі пәні осы факультете жүргізілетін барлық пәндерге қажет.

1.5 Курстың қысқаша мазмұны: 270 сағат көлемінде 1-2 семестрге арналған бағдарлама (аптасына 6 кредит-сағат).

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарам-қатынас компетенциясын қалыптастыру. Интегративтік негізде, лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік – мәдени компетенциясы қалыптасады.

Белгілі бағдарламаның көлемінде оқытылатын тілдің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық компетенцияның мазмұнына кіреді.

Дискурстық компонентке студенттердің тіл нормалары мен сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес етіп, қарам-қатынас және кәсіби әрекеттеріне мәтіндер мен ой-пікірлерді құрастыруға тіл құралдарын білу және дағдылану керек.

Студенттердің мәдени аралық байланысының ұлттық мәдени тіл құбылысының ерекшелігі және өзін-өзі ұстау, тіл иеленушінің, сол елдерге тән құбылыс жағдайларын салыстырумен қамтамасыз етуі әлеуметтік – мәдени компонентке жатады.

Курс міндеттері сөйлеу әрекетінің барлық түрлері: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дискурсты қабылдау мен тудыруға (диалогтық қарым-қатынас) және медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптарымен анықталады.

Пән бойынша шет тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ студенттердің білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:

- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;

- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;

- тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәндерге берілген сағат бойынша лексико-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру, және тұрмыстық, кәсіби және іскер қарым-қатынаста пайдалану.

Студент 1 семестрдің соңында өзін таныстыруды, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілеспе сөздерді күнделікті қарам қатынас ситуацияларында пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен мерзімді баспа әдебиеттерімен жұмыс істеуге дағдылану керек.

Оқу:

1. оқу тәсілдерін меңгеру;

2. оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түп-нұсқасын түсінуге тырысу;

3. таныса және зерттеп оқуларының элементтерін меңгеру;

4. анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.

Жазу:

1. графика мен орфографияны меңгеру;

  1. диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.

Тыңдау:

1. оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;

2. оқылған тақырып көлемінде қазақ тілде айталған сөйлемдерді түсіну.

Сөйлеу:

1. диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтың әр түрлі функцияларын меңгеру;

2. ілікпе фразарды пайдаланып, әңгімені жалғастыруды білу, ақпарат алудың, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бастартуды, алғыс айтуды, кешірім сұраудың, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерліктерді меңгеру;

3. монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);

4. басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестеу) білу керек.

Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жету көмегі ретінде жоспарланған:

- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырманы орындау, құжаттарды толтыруда, талдау дағдысын, критикалық оқу және жазу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

Дәрісханадағы ситуацияларды дамытудағы қойылған және алынған жауаптар, талдау дағдысына, оқу критикалық дағдысына, ауызекі тілдің дағдысына және құжаттарды толтыруға көмектеседі.

- талдау кейсі қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін шынықтыруға, лексико-грамматикалық сөйлеу, талдау, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін серіктесімен өз ара талдауға, шынықтыруға;

- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ой дағдыларын дамытуға.

Жұмыс түрлері және оларды орындаудың тізімі.

а) Оқу нақтылы ситуациялар (Case study) – студенттерге көптеген ситуацияларды ұсынады, оларды дамытып, сұрақтарға жауап беріп, мәселеге байланысты көз қарасын білдіру және өзінің кейсін жазу;

б) Жылдам оқу (Skim) – оқу бағдарламасына (Syllabus) байланысты берілген деректерді оқу;

в) Тақырып бойынша шолу жасау (Review) – Интернет, ақпараттық қор және мерзімді баспа қолданып алынған қосымша деректермен берілген тақырыпқа 1-2 бет қасқаша әдеби шолу жасау.

г) Глоссарий (Glossary) жасау – орыс тіліндегі терминдер және түсініктемелердің қазақ тіліндегі аудармасы мен қысқаша түсіндірме берілген тақырып бойынша орындалады.

д) Таныстыру - өзін таныстыруда студент кез келген тақырыпты таңдауына болады және кез келген аспект бойынша өзінің түсінігін немесе түсінбеушілігін білдіре алады. Таныстыру уақыты – 8-10 мин. Таныстыру мынадай белгілер бойынша бағаланады: қаншалықты тақырып ашылды, аудиторияның көңілінен шықты ма және студент мәселені қаншалықты кәсіби қарастырды.

е) Аударма сайма-сай, толық, логикалық байланысты, жалғастырылған мағына бойынша аяқталған болу керек;

Талап және нәтиже.

Сабақ кезінде жұмысқа белсеңді қатысу үшін, сізде өзіңізге тән топтағы пәнді оқытуда қызықтырушылықтың бар болуы, басқа да топтағы тыңдаушылар арасында стимул ретінде қатысу қажет. Барлық тапсырмалар берілген мерзімге дейін орындалуы керек.

Тақырыптарды талдауды, қажетті сұрақтар қою мәселелерге сын көзбен қарап және оларды шешу үшін сіз сабаққа жақсы дайындықпен келуге міндеттісіз. Сонымен қатар, курс бойынша өзара жұмыс істеуге, сіз өзіңіздің оқуыңызға жауапкершілік алуыңыз қажет.