Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Өмірбаян

Мен, Алмас Ерғазыұлы, 1970 жылы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, 1977 жылдан 1987 жылға дейін №8 орыс орта мектебінде оқыдым. 1987 жылы Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түстім. Мамандығым – қаржыгер. Университетті 1992 жылы бітірдім. Осы жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша салық комитетінде қызмет істеймін. Отбасым бар. Жұбайым Дана мектепте қазақ тілінің мұғалімі. Ұлым Ержан 6 сыныпта оқиды. Қызым Айдана бала бақшаға барады.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант шенім бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ(ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгердім, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекен-жайым: Қарағанды қаласы, 19-шағын ауданы, 40-үй, 15-пәтер.

Жаңа сөздер:

мамандық-специалность

қаржыгер-финансист

салық-налог

меңгеру-усвоить

жұбай-жена

мекен-жайым - адрес

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздермен жұмыс.

2. Қаржыгер, мұғалім сөздерінің грамматикалық құрылымын түсіндіріңіз.

3. Төмендегі сауалнаманы толтырыңыз.

Сауалнама

а) Аты-жөніңіз------------------------------------------------------------

ә) Туған күніңіз, айыңыз, жылыңыз----------------------------------

б) Мекен-жайыңыз-------------------------------------------------------

в) Біліміңіз-----------------------------------------------------------------

г) Мамандығыңыз--------------------------------------------------------

ғ) Ұлтыңыз-----------------------------------------------------------------

д) Бітірген оқу орны-----------------------------------------------------

е) Отбасы туралы мәлімет----------------------------------------------

ж) Қосымша ақпарат----------------------------------------------------

з) Телефон нөміріңіз----------------------------------------------------

4. Қазақ тіліне аударыңыз: Счастливые родители. Его специальность – врач. Она советник юстиции. Старший – сын экономист. Сноха – переводчик. Это счастливая семья.

5. Сұхбаттарды толықтырыңыз.

1.-Кешіріңіз,Сіздің атыңыз Болат па?

-Иә,............................ .

-Сіз университетте жұмыс істейсіз бе?

-Жоқ,........................ .

-Жұмысыңыз алыс па?

-Жоқ,алыс емес,......... .

2.-.....,..............?

-Менің атым-Әсел. Тегім- Садыкова.

-Сіз Ақпарат министрлігінде жұмыс істейсіз бе?

-Жоқ,................ .

-................. .

-Әкімшілік Бұқар жырау даңғылында орналасқан.

-..................... .

-Мен де өте қуаныштымын.

6. Мәтінді қолдана отырып, өзіңіздің өмірбаяныңызды құрастырыңыз.

7. Өм...р, қарж...гер, ж...мыс, мәл...мет, ме...геру, к...нделік, қо...ам көп нүктенің орына тиісті дыбыстарды қойып сөздерді оқыңдар.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:8]

Қосымша әдебиет: [1.7:9]; [1.7:13]

ІІ апта. Кредит 4-6.

Тақырып: Әлеуметтік тұрмыс. Мекен-жайым. Менің үйім. Жатақхана өмірі.

Грамматика: Сөз құрамы. Үндестік заңы. Тәуелдік форма.

Мәтіндер: Менің үйім

Біздің үй Астанада, Жеңіс көшесінде орналасқан. Үйіміз қазыналық емес, жеке меншік үй. Біздің үйдің төрт бөлмесі бар. Кіре берісте кең, үлкен дәліз. Одан ары қарай төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар. Төргі бөлменің оң жағында екі кресло, бұрышта түрлі түсті теледидар және қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және журнал үстелі тұр. Қабырғада кітап сөресі, сөренің үстінде қабырға сағаты ілулі тұр. Төргі бөлменің едені – паркет. Паркеттің үстінде әдемі, жақсы кілем жатыр.

Екінші бөлме - әкем мен шешемдікі. Бөлмеде екі кереует, үлкен шкаф және айна бар.

Үшінші – кішкене бөлме – інім екеуміздікі. Біздің бөлмемізде екі кереует, гардероб, жазу үстелі, бір орындық бар. Үстелде компьютер, гүл, шам тұр. Үстелдің тартпасында қалам, қарындаш және кітап, дәптерлер жатыр.

Төртінші бөлме – апам мен қарындасымдікі. Мұнда да, біздікі сияқты, екі кереует, гардероб, үстел, орындық және үлкен айна бар. Кітап сөресі осында. Сөреде көркем әдебиет, оқулықтар тұр.

Менің ағамның үйі – үлкен қазыналық үй. Олардың үйі де төрт бөлмелі. Дәлізі кең. Ас үйі біздікінен кең. Жылыту жүйесі орталықтан. Бөлмелері бір – бірінен оңаша, өте қолайлы. Телефондары да бар.

Жаңа сөздер:

қазыналық - казенный

жеке меншік – собственный

дәліз – коридор

төргі бөлме – гостиная

сөре – полка

жылыту жүйесі – система отопления

оңаша – изолированные

қолайлы – удобные

Тапсырмалар:

  1. Грамматикалық материалдарды оқыңыз, конспектілеңіз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

4. Оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Менің үйім «Орбита» ықшамауданында. Ал сенің үйің қайда?

ә) Менің үйім – тоғыз қабатты қазыналық үй. Ал сенің үйің қандай?

б) Менің пәтерім бесінші қабатта. Сенің пәтерің нешінші қабатта?

в) Біздің пәтерімізде үш бөлме бар. Сендердің пәтерлеріңде неше бөлме бар?

г) Біздің үйіміздің ас үйі, дәлізі кең, жылыту жүйесі орталықтан беріледі. Сіздің пәтеріңізде қалай?

д) Біздің пәтер таза, жарық, оңтүстік бетте, өте қолайлы. Ал сендердің пәтерлерің?

5. Сөйлемдерді сұраулы сөйлем етіп жазыңыз.

Біздің үй «Ақсай» ықшамауданында.

Жуынатын бөлме бөлек орналасқан.

Біздің пәтеріміздің жылыту жүйесі орталықтан беріледі.

Апамның үйі жеке меншік үй емес.

Нөмірі алтыншы үй – біздікі.

Кіре берісте кең, үлкен дәліз бар.

Пәтеріміздің бөлмелері қолайлы.

6. Мәтіннен үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды табыңыз.

7. Мәтін ішінен зат есімдерді алып, ілгерінді, кейінді ықпалға мысалдар (кітап - кітабым) келтіріңіз.