Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Адам келбетін суреттеу

І. Досым Ержан - орта бойлы, денелі жігіт. Қасы қалың, көзі қара, қыр мұрынды. Жасы 20-да. Ержанның түсі жылы. Ол әрқашан көңілді жүреді.

ІІ. Досымың есімі – Данияр. Ол 18 жаста. Данияр ұзын бойлы. Оның шашы қоңыр, бұйра. Досымның беті дөңгелек, маңдайы жазық. Ол адамдармен жылы сөйлеседі.

ІІІ. Менің досымның аты – Бауыржан. Оның жасы 19-да. Оның бойы ұзын. Бауыржан спортпен айналысады, сондықтан денесі шымыр. Ол қара торы, мұртты жігіт, көзі қара, ойлы. Шашы қара, қалың. Әдемі, қалың қасты, қыр мұрынды, қалың ерінді. Маңдайы кең, ашық.. Бетінде дақ бар. Менің досым тартымды жігіт.

Жаңа сөздер:

жауырынды-плечистый

қыр мұрын-прямой нос

қара торы-смуглый

мұртты-усатый

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып аударыңыз.

2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

3. Мына сын есімдерге антоним тауып жазыңыз: ұзын, сабырлы, таза, жарық, толық.

4. Қазақ тіліне аударыңыз, сөз тіркестерін жасаңыз: светлокожий, бородатый, кокетливые, в очках, кудрявые, морщина.

5. Бірілген сөздерден сөйлем жасаңыз:

а) тартымды, кірпік, келбеті, сабырлы, әдемі, ұзын, орташа, жігіт, бойы.

б) секпіл, қараторы, беті, көзі, қалың, қысық, шашы, бойы, қыз, ұзын.

6. Дене мүшелерінің атауларын жазыңыз.

7. Кестені толтырыңыз

Үлгі аларлық қасиеттер

Жағымсыз қасиеттер

Құрбым Тоғжан

Менің құрбыларым көп. Солдардың ішінде ең жақын құрбым - Тоғжан. Оның жасы он сегізде. Тоғжан Алматыда Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде оқиды.

Тоғжан өте ақылды, дарынды, сабырлы, тәрбиелі, сыпайы қыз. Оның шашы ұзын, қап-қара, өзіне жақсы жарасады. Үлкен қара көздері және жіңішке қара қастары үйлесіп тұр. Тоғжан жылы жүзді және қарапайым.

Құрбымның әке – шешесі Қарағандыда тұрады. Тоғжанның ағасы және сіңлісі бар. Әкесі – заң қызметкері, ал шешесі – оқытушы, ақкөңіл және мейрімді жан. Оның ағасы – сәулетші. Сіңлісі – мектепте оқып жүр. Тоғжан жатақханада тұрады. Оның бөлмесі кең, таза және жарық.

Тоғжан екеуміз жазғы демалыста кездесіп, қызықты әңгімелер айтып, пікірлесеміз. Екеуміздің ұқсастықтарымыз бен қызығушылығымыз бірдей болып келеді. Біз бір – бірімізді қадірлейміз, достығымызды бағалаймыз.

Жаңа сөздер:

дарынды-одаренный

сабырлы-спокойный

қарапайым-простой

сәулетші-архитектор

қызығушылық-интерес

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Етістіктерді жедел өткен шақта жазыңыз: көрсетеді, даярлайды.

3. Сөйлемді сөз таптарына талдаңыз: Тоғжанның сіңлісі мектепте оқиды.

4. Мына сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңіз: ақылды, дарынды, сабырлы, тәрбиелі.

5. Антонимдерін табыңыз: мейірімді, маңызды, жақсылық, қиындық.

6. Кестені толтырыңыз.

Қайда?

Менің жақсы әдеттерім

Менің жаман әдеттерім

Жақсы маман болу үшін қажет әдеттер

Өмірде

Үйде

Оқуда

Құрбылар арасында

Мысалы

Өмірде

әзілқой

қызба

сабырлылық

7. Өз құрбыңыз туралы әңгімелеңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:9]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:24]; [1.7:13]

ҮІ апта. Кредит 16-18.

Тақырып: ҚарМУ – білім ордасы. Академик Е.А.Бөкетов. Шетел тілдері факультеті.

Грамматика: Сын есімнің шырайлары.

Мәтіндер: Қарағанды мемлекеттік университеті

1938 жылы мұғалімдер институты болып құрылып, кейіннен педагогика институтына айналған оқу орны негізінде 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды. Сол жылдары бұл білім ордасы жас республика үшін өте қажет педагогикалық кадрларды даярлайтын аймақтағы жалғыз жоғары оқу орны болды.

1980 жылы профессорлық оқытушылар құрамының саны 502 адамға жетті, олардың қатарында профессор, ғылым докторлары, 138 доцент және ғылым кандидаты бар еді. 1991 жылдың 16-тамызында Қазақ КСР министрлер, кабинетінің қаулысымен Қарағанды мемлекеттік университетіне осы білім ордасының бірінші ректоры Е.А.Бөкетовтің есімі берілді.

1994 жылға дейін ҚарМУ құрамында математика, физика, химия, биология, тарих, филология, экономика және заң факультеттері болды. 1994 жылы филология факультеті шет тілдер бөлімінің негізінде шет тілдер факультеті құрылып, мұнда ағылшын, неміс, француз тілдері мамандықтары бойынша қабылдау жүргізіледі.

1996 жылдың маусым айынан университет құрамына 14 факультет енді. Мұнда 100 аса мамандық бойынша сыртқы және күндізгі бөлімдерде студенттер оқиды.

Университет студенттері мен оқытушыларына Интернет залы, Мәдениет сарайы, бірнеше дисплейлік класс, асхана, телеаудитория, лингафон кабинеті, спорт залы, тұрмыстық қызмет көрсету кешені қызмет етеді. Университет студенттері үшін «жастар әлемі» газеті, «Университет» кафесі, Е.А.Бөкетовтің мұражайы және университет тарихы, этнографиялық және табиғат, бейнелеу өнері мұражайлары жұмыс істейді. Сыртқы бөлімінің басқа қалаларда тұратын студенттері үшін халықаралық байланыс үшін Дистанциялық оқыту институты ашылған. Кітапхана қорында миллионнан аса кітап бар, оқу залында, сирек кітаптар қорында, мерзімді баспа сөз залында оқытушылар мен студенттер үнемі шұғылданады. Талантты балалар үшін «Дарын» мектеп-интернаты ашылған. Әр факультеттің өз ғимараты бар. Бүгінде 67 кафедраның жоғары білікті мамандары студенттермен оқу тәрбие жұмысын жүргізеді, олардың ішінде атақты физиктер мен химиктер, белгілі экономистер мен заңгерлер, көрнекті филологтар, суретшілер, спортшылар бар.

2005 жылы ҚарМУ республиканың жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Еуропалық білім стандарттары бойынша халықаралық қоғамдық – кәсіптік аккредиттеу рәсімінен өтіп, Еуропалық менеджментті дамыту қорының дипломын алды. Жыл сайын 30 мамырда университетте «Ашық есіктер күні» өткізіледі.

Жаңа сөздер:

тұрмыстық қызмет көрсету кешені-комплекс бытовых услуг

мұражай-музей

бейнелеу өнері-изобразительное искусство

сирек кітаптар қоры-фонд редких книг

мерзімді баспасөз залы-зал периодической печати

оқу-тәрбие жұмысы – учебно-воспитательная работа

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, оқытушының сұрақтарына жауап беріңіз.

2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз: Мен биыл университетке оқуға түстім.

3. Етістіктердің болымсыз түрін жасаңыз: өткізіледі, жүргізген, қызмет етеді, ашылды.

4. Кестеде берілген сөздерді септеңіз.

Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Таб ыс

Жатыс

Шығыс

Көмек

тес

Сөздер

Ғимарат

Тәрбие

Маман

Кітапхана

5. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз: қызмет, дайындау, ұйымдастыру, қысқартылған.

6. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

7. Туынды сын есімдерді теріп жазыңыз.