Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстанның ежелгі, тарихи қалалары Түркістан

Түркістан – Қазақстанның оңтүстігіне қарай орналасқан тарихи қала. Түркістан қаласының тарихы Қожа Ахмед Яссауи атымен байланысты. Бұл қаланың салынуы туралы көптеген аңыздар бар.

Ақсақ Темір Қожа Ахмедтің кесенесін салдырған деседі. Түркістан қаласында 50 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда Қожа Ахмед кесенесі. Арыстанбаб кесенесі бар. Бұл кесенелер киелі жерге айналды. Қазір бұл кесенелер – тарихи мұражайлар. Түркістан кесенесі – дүниежүзілік мәдени мұралар қатарына жататын аса үлкен ескерткіш. Түркістанның бұрынғы аты Яссы болған. Түркістан Тәуке ханнан бастап, қазақ хандығының орталығы болған.

Әбілхайыр, Жолбарыс хан, Абылай хан, Қазыбек би және басқа да атақты кісілер осы кесенеде жерленген.

Жаңа сөздер:

кесене-мавзолей

аңыз-легенда

мұра-наследие

киелі-священный

даму-развитие

мәдени-культурный

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Сіз Түркістанда болдыңыз ба?

Түркістан қайда орналасқан?

Түркістан қандай қала?

Түркістанның 1500 жылдығы қашан болды?

3. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз: киелі, бұрынғы, кесене, атақты, тәңір.

4. Мәтін бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құраңыздар.

5. Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

6. Мәтінді үнтаспадан тыңдап, мазмұнын айтыңыз.

7. Соңғы сөйлемге грамматикалық талдау жасаңыз.

Отырар

Орта ғасырлардағы Қазақстанның ең ірі мәдени орталықтарының бірі – Сырдария бойындағы Отырар жері. 300 шаршы км. жерді алып жатқан осы өңірде 50-ден астам ескі қалалардың, елді мекендердің орындары бар. Осы қалалардың ең ірісі – Отырар. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Тарихи деректер бойынша, Отырар кезінде Фараб деген атпен аталып, астанасы Отырар болған. Сонымен бірге қала ІХ ғасырдың басында Тирбаж деп те аталған. Қаланың мұндай аты Білге Қағанға арналған ежелгі түрік руникалық жазуында кездеседі. Отырар қаласының аты белгілі бола бастаған кезі Шыңғыс хан жаугершілігі тұсында. Отырар қаласы, жалпы Отырар мәдениеті моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.) кезінде қатты ойрандалыпты. 1218 жылы Шыңғыс хан Қайырхан басқарған қазақ қаласына 450 адамнан тұратын саудагерлер елшілігін жібереді. Саудагерлер керуені Отырарға келген кезде Қайырхан олардың арасында «жансыздар» бар екенін естіп, сенімсіздік білідіреді де, тұтқынға алып жазалайды. Осы уақиға монғолдардың қазақ даласына жаугершілік жасауына себепші болады. 1219 жылы монғол қолы Отырарды қоршап алып, бес ай бойы жанкешті ұрыс жүргізеді. Ақырында өз іштерінен шыққан әскери басшы Қараша қожаның сатқындығынан қала монғолдар ойранына ұшырап, қайсар да ержүрек басшы Қайырхан қолға түседі. Халқының басым көпшілігі қырылған, қалғандары босып кеткен, әйгілі кітапхананың қоры құрып, тоз-тоз болған. Бұл халқымыздың тарихында «Отырар ойраны» деген атпен сақталған.

Осындай есеңгіреткен қырғыннан кейін де Отырар қайтадан қалпына келтіріледі. Бір жағынан тоғыз жолдың торабында – Жібек жолының бойында орналасқандықтан, қала экономикалық жағынан тез өркендеп өседі. 1248 жылы қалада алғаш рет Отырар белгісімен ақша соғылды.

Ұлы ғұлама, данышпан бабамыз Әбу-Нәсір әл Фарабидің туған қаласы көптеген ғасырлар бойы батыс пен шығысты байланыстырып тұрған орталық болған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері көрсеткендей, бұл қала сол кездің өзінде-ақ озық ойлы жобалармен тұрғызылғаны анықталды. Қаланың бір елең еткізетін, мамандарға ой салатын жері – оның су жүйлерінің қазіргі қалалардағы жүйелерге тән ұқсастығы. Онда үйлердің әр бөлмесіне су құбырлары жүргізілген. Құбырлардың жасалуы да әрі ықшам, әрі әдемі, ернеулеріне нақышты өрнектер салынған. Үй мен үйдің арасын жалғайтын құбырлар бұлардан едәуір жуандау болып келеді. Сонымен қатар кейбір бөлмелерде жуынып-шайнатын бұрыштар, тіпті ванналар кездеседі. Бір жағы сынған, қабырғасында көне жазуы бар, көгілдір гранит тастан ойып әшекейленген осынау мүлікті 600 жыл шамасы бұрын жасаған хас шеберге таңданасың, бабалар өнеріне тәнті боласың. Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар-хумдар көптеп кездеседі. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні – оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ – дастархандары. Әсіресе Отырар керамикалары өзінің композициялық құрылымы жағынан, ою-өрнектерінің күрделілігі, ерекшелігі жағынан назар аударытады. Қаншама ғасыр өтсе де табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік.

Кейінгі қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырарда сәулетті сарай, мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары аршылып алынуда. Бұл жағынан Қазақ Республикасы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы археология, тарих және этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді экспедициясының 1970 жылдан басқарып, жемісті еңбек істеп келе жатқан атақты археолог-ғалым ағаларымыз Кемел Ақышев пен Карл Байпақовтың ашқан жаңалықтарының арқасында Отырар қазынасы жалпақ жұртқа әйгіленді.

Жаңа сөздер:

ірі мәдени орталық-крупный культурный центр

шаршы-квадрат

дерек-сведение

ежелгі-древний

керуен-караван

елшілік-посольство

әскери-военный

сатқындық-предательство

нәтиже-результат

керамикалық ыдыстар-керамические посуды

атақты-знаменитый

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзац бойынша оқыңыз.

2. Жаңа сөздерді қайталаңыз, мәтінді сөздіктің көмегімен аударыңыз.

3. Мәтіннен етістіктерді терін жазып, келер шақта бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

4. 2 топқа бөлініп, мәтін бойынша өзара сұрақтар дайындап, жауап беріңіз.

5. «Ежелгі қалалар» тақырыбына шағын мәтін жазыңыз.

6. Етістіктің шақтарын қайталаңыз және етістіктің шақтарына сөйлемдер құрастырыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндап беріңіз.

Тараз

Қазақ халқының көне тарихының көзіндей өмір сүрген мәдени қалаларының бірі – ежелгі Тараз (қазіргі Жамбыл). Қала жазба деректерде сонау Ү ғасырдан белгілі. Көне жылнамалар түрік қағанатына қарайтын Тараз қаласына 568 жылы юстинианың – (Византия императоры), Земарх Киликский басқарған елшілігі келгенін баяндайды. Елшілік сол кезеңдегі қаған Дизабулмен кездескен. Сонау көне заманнан бері қарай Тараз қаласы шығыстағы елге мәлім ірі қаланың бірі болған. Ірі керуен жолының бойында тұруы, жанындағы Талас алатауының қойнауынан күміс кенішінің жұмыс істеуі қаланың тез өркендеуіне әсер етті. Х ғасырда қалада болған араб жиһангері Макдиси былай деп жазады: «Тараз – ірі қорғанды, көптеген бау-бақшалары бар, халық жиі қоныстанған қала. Оның төрт қақпасы бар, қала ортасынан өтетін өзен оны екіге бөлген, оларды байланыстыратын көпір бар. Орталық базарда жиналмалы мешіт орналасқан». Қала Х-ХІІ ғасырларда өзінің өркендеуін басынан өткерді. Ал монғол шапқыншылығы кезінде Хорезмшах Мухаметтің бұйрығымен қала қиратқызылады. Көз жауын алатын әсем қаланы жау қолына бергенше, билеуші амалсыздан осылай істеген еді. Содан қала ХІІІ ғасырда өмір сүруін тоқтатады.

Таразда Х-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған әсем сәулет сарайлары, мешіттер сақталмаған. Бірақ ондағы аршылып алынған Шығыс моншасы жұрнағының, табылған түрлі керамикалық ыдыстарының өзі және қала маңында сол дәуірлерде тұрғызылған кесенелер оның ежелгі даңқын жоққа шығармайды. Қала орталығынан ашылған монша құрылысы өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Оның бөлмелерінің еденіне түрлі-түсті 50х50 см шаршы плиткалар төселген, ал жуынатын ванна бөлмесінің керегелері әр түсті глазурлы кірпіш-плиткалармен көмкеріліп, сегіз бұрышты өрнекті жазулармен айшықталған. Өрнектер қара сызықтармен жиектелініп, қызыл түспен көмкерілген. Ал жуынатын жердің өзі су өткізбейтін сылақпен сыланған кірпіштермен өрілген. Моншаны жылытатын бу, су құбырлары еденнің асты арқылы өтіп, жуынатын бөлмелердің еденін белгілі бір жылылықта ұстап тұрған. Қазіргі Алматындағы Арасан моншасының шығыс бөлігі осы Тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған.

Тараздың керамикалық ыдыстарының басқа қалалардан табылған табақтардан өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндағы ыдыстарда символикалық белгі-өрнектермен қоса, жан-жануар бейнесі жиі кездеседі. Сондай ыдыстың бірі – тәкаппар, арыстан бейнесі кескінделген табақ. Табақта жыртқыш аң бейнесі аса бір нәзіктікпен, аса зор шеберлікпен салынған.

Жаңа сөздер:

аңыз-легенда

киелі-свешенный

мұра-наследие

жерленген-похоронен

төбе-холм

аймақ-территория, регион, край

шапқыншылық-разбой

ойрандау-разрушить, уничтожить

саудагер-торговец

тұтқын-пленник

жанкешті-лихой, отчаянный

сатқын-предатель

есеңгіреу-обморочное состояне человека, быть запущенным (о ране)

күретамыр-вна

ернеу-край чего-небудь

қыш-кирпич

мәлім-известный

тәкәппар-горделивый

Тапсырмалар:

1. Мәтіндерді оқу, аударыңыз.

2. Мәтіндер бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз: киелі, бұрынғы, атақты.

4. Мәтіндер бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құраңыз.

5. Мәтіндерден 10 етістікті теріп жазып, келер шақ формаларына қойыңыз.

Үлгі: баяндау – баяндамақ – баяндар - баяндайды

6. Өрнек, елші сөздерін септеңіз.

7. Қазақстанның басқа ежелгі қалалары туралы мәтін дайындаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:9]

Қосымша әдебиет: [1.7:30]; [1.7:13]

ХІІ апта. Кредит 34-36.

Тақырып: Қазақстандағы білім беру жүйесі. Жоғары білім ордалары. 1 қыркүйек – білім күні.

Грамматика: Жіктік жалғаулары.

Мәтіндер: Қазақстандағы білім жүйесі

Балалар мектепке барғанша 6 немесе 7 жасқа дейін балалар бақшасына барады. Білім беру біздің елде жеті жастан басталады, сонда бала бастауыш мектепке барады.

Орта білім 5-ші сыныптан басталады, онда балалар әдебиет, тарих, жаратылыстану ғылымдары сияқты көптеген жаңа пәндер өтеді.

Емтихан 9-ыншы және 11-інші сыныптарда өткізіледі. Кейбір оқушылар 9-ыншы сыныптан кейін мектепті тастап, кәсіптік – техникалық училищелерде оқуын жалғастыра алады. Қазақстанда негізгі типтік мектептен басқа да, орта типтік мектептер бар. Сондай – ақ, бір пәнді мысалы, шет тілін, әдебиетті, физиканы т.б. пәндерді әрі тереңдетіп, әрі жедел оқытатын арнаулы орта мектептер де жоқ емес. Сонымен бірге мамандандырылған музыкалық, балет, көркем сурет және спорттық мектептер бар. Олар аса дарынды балаларға арналған. Мүгедек балаларға да арнаулы мектептер бар.

Орта білім алу біздің елімізде тегін. Жаңа типті орта мектептердің арасында гимназия, колледж және лицейлер де бар. Олардың көбісі ақылы оқу жүйесіне көшкен. Жоғары оқу орындарының арасында елімізде институт, жоғары білім беретін мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді.

Қазақстанның жоғары оқу жүйесі 1992 жылдан батыс елінің үлгісімен төрт жыл оқытып – бакалавр, қосымша екі жыл оқытып – магистр дәрежесін алады.

Жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде сол оқуға түсу алдындағы сынақтан өтуі керек. Тегін жоғары білімді республикалық тестен өткен талапкерлер ғана ала алады. Басқа жағдайларда оқу негізі ақылы.

Жаңа сөздер:

бастауыш мектеп – начальная школа

жаратылыстану – естествознание

дарынды – одаренный

мүгедек – инвалид

ақылы – платно

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2. Біздің еліміздегі мектепке дейінгі білім және тәрбие туралы әңгімелеңіз.

3. Мәтіннен есімдіктерді тауып, түрін ажыратыңыз.

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) 1-5 сынып аралығында қандай пәндер оқытылады?

ә) Орта типтік мектеп туралы не айтасыз?

б) Дарынды балалар үшін қандай жағдайлар жасалған?

в) Біздің елімізде жоғары білімді қалай алуға болады?

г) «Болашақ» бағдарламасы жайлы не білесіз?

ғ) Тегін жоғары білім алу үшін не істеу керек?

5. Шетел мемлекеттеріндегі белгілі жоғарғы оқу орындарын атаңыз.

6. Мәтіндегі жіктік жалғауын қабылдайтын сөздердің астын сызыңыз.

7. Тұйық етістік формасындағы сөздерді теріп жазып, екеуін жіктеңіз.