Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Талғат Мұсабаев

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы 7 қаңтарда 1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келді.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын (1974) және Ақтөбе жоғары ұшқыштар учелищесін 1993 жылы бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер болып істеген.

1986 жылы азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-пилоты, командирі болды.

25-негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында ұзақтығы 208 тәулік «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. 2001 жылы 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық станциясына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі болды.

Т.Мұсабаев ұшақ спортынан Қазақстан құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан Латвия құрама командасының құрамында жарыстарға қатысты. Гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» және Ресей Федерациясының Батыры, «Отан», «Халықтар достығы», 3-дәрежелі «Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін» (Ресей) ордендерімен, NASA-ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медальмен марапатталды. 2000 жылдан Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі.

Жаңа сөздер:

мамандық-специальность

бағдарлама-программа

ғарыш-космос

кеме-корабль

шебер-мастер

ғарышкер-космонавт

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздермен танысыңыз.

2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

3. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз.

4. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Т.Мұсабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

ә) Мамандығы қандай?

б) Қандай құрметті атақтары бар?

6. Мына сөйлемді сөз құрамына талдаңыз: Халықаралық ғарыштық станциясына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі болды.

7. Мәтінді мазмұндаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ХҮ апта. Несие 43-45.

Тақырып: Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық киімдері.

Грамматика: Сөз құрамы. Омоним. Синоним. Антоним.

Мәтіндер: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойды-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер. Еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болмайды.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден өзікті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.