Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)

Жүсіпбек Аймауытов – ақын, прозашы, сыншы, публицист, аудармашы. Ол – қазақтың жаңа әдебиетінің негізін салушы. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрлардағы ізденістерді орнықтырды.

Ж.Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылту болысының бірінші аулында туған. Жазушының өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Ол ауыл молдасынан сауат ашады. Кейіннен Керекудегі орыс-қазақ мектебін бітіріп, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі.

Оны 1919 жылы бітіреді де, 1922–1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924–1926 жылдары Ташкентте «Ақ жол» газетінің реадакциясында қызметтер атқарады. 1926–1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болды. 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдар ұйымымен байланысы бар деген сылтаумен тұтқынға алынады. Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша 14 адамға түгелдей сырттай үкім шығарылған. Міне, солардың қатарында Ж.Аймауытовтың өмірі 1931 жылы 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды.

Жүсіпбектен қалған мұра өте бай. Оның ішінде «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптетен әңгімелер, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалар, өлеңдер мен «Нұр күйі» поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар, аудармалар және оқулықтар бар.

Жаңа сөздер

ұлтшыл – националист

ұйым – организация

сылтау – благовидный предлог

үкім – приговор

мұра – наследие

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Мәтіндегі берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.

3. Мәтіннен зат есім, есімдіктерді теріп жазып, морфологиялық құрамын ажыратыңыз.

4. Оқып, аударыңыз. Антонимдерді табыңыз:

Ақыл – дос, ашу – дұшпан. Жақсының қадірін жаманды көргенде білесің.

Үлкен бастар, кіші – қостар. Білімді мыңды жығады, білікті бірді жығады.

Аз сөз алтын, көп сөз көмір.

5. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойыңыз.

Ол-қазақ … жаңа әдебиеті … негізін салушы. Ол ауыл молдасы … сауат ашады. Жүсіпбек … қалған мұра өте бай. Балалар … арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар, аудармалар және оқулықтар бар.

6. Ж.Аймауытовтың өмірін кезендерге бөліп жазыңыз.

1889 жылы

дүниеге келді

1914 жылы

1922-1924 жылдары

1924-1926 жылдары

1929 жылы

1931 жылы

7. Тіл, білім, тәрбие, мәдениет тақырыптарына мақал-мәтелдер жаттаңыздар.

Мағжан Жұмабаев

М.Жұмабаев – қазақ поэзиясында Байрон, Пушкин дәстүріндегі поэзияның, оның ішіндегі жаңа сипаттағы поэманың негізін қалаушы ақын болып табылды. «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт» дастандары – романтикалық поэзияның үздік үлгілері. «батыр Баян» дастанында ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының басына түскен ауыр хал, елдің бірлігі мен тірлігі реалистік әдіспен көркем суреттеледі.

М.Жұмабаев 1893 жылдың маусым айының 25-де қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданына қарасты Мағжан атындағы кеншарда дүниеге келді. Мағжан төрт жасында мектеп есігін ашады, оқу-білімге қызыға түседі. Әкесі Мағжанды Қызылжардағы медресеге береді. Ол мұнда төрт жыл оқып, мұсылманша орталау білім алады, арабша, парсыша, түрікше үйренеді. 1910 жылы Уфа қаласындағы мұсылмандық жоғары оқу орны «Медресе - Ғалияға» оқуға түседі, одан кейін 1913 жылдары Омбыдағы оқытушылар семинариясында оқып осы оқу орнын алтын медальмен бітіреді.

Ақын «Алаш-Орда» партиясының құрылтай съезіне делегат болады. Ақмола облысында оқу комиссиясына мүше болып сайланады. 1919 жылы «Бостандық туы» газетіне редактор болып тағайындалады. Ақын енді жаңа өмірге белсене араласады. Өмірдің әр саласын қамтитын мақалалар жазады. 1922 жылы Орынборда оның «Педагогика» деген еңбегі жарық көрді. Сол жылы өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады. Бұл «Шолпаннан» кейінгі екінші кітабы еді. Ал үшінші өлеңдер жинағы 1920 жылы Ташкентте жарық көреді.

1922 жылы Мағжан Ташкентке келеді. «Батыр Баян» дастаны, Түркістан мен Сыр циклдері, Ақан сері, Базар жырау және Әбубәкір Дибаев туралы мақалалары осы қалада жазылады. Сонымен қатар «Шолпан», «Сана» журналдары мен «Ақ жол» газетінің жұмысына белсене араласты, қазақ-қырғыз білім комиссиясының мүшесі ретінде қыруар жұмыс істеді.

1924 жылдың қараша айының 24-күні Москвада оқитын қазақ жастарының жиналысында Мағжанның өлеңдер жинағы талқыланды. Онда «Мағжан өлеңінің көбіне өткенді көксейді, ескілікті іздейді, ұлтшылдықты жырлайды, өзімшілдік, менмендікті дәріптейді» деген сияқты қаулы қабылдайды. Осы кезден бастап ҚазАПП басшылары Мағжанға қарсы ұйымдасқан түрде шабуыл бастайды, Солақай сыншылар оған ұлтшылсың, түрікшілсің, байшылсың, өзімшілсің деген айыптар тағады. Жұмабаев 1924 жылы Ташкенттен Москваға ауысады, бірақ осындай қиқулар басылмайды. 1929 жылы 300-ден астам қазақ интеллигенциясы өкілдері қамауға алынды.

1927 жылы М.Жұмабаев елге қайтып оралды. Қызылжар қаласындағы қазақ педагогикалық техникумы мен кеңес-партия мектебінде сабақ беріп жүреді. 1929 жылы ұсталып, Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалды. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда айдауда болады. Горькийдің көмегімен абақтыдан босанады. Көп ұзамай, ол 1937 жылы желтоқсанның 30-да тұтқынға алынады. Сөйтіп, аяулы ақын сталинизм құрбаны болды.

Жаңа сөздер:

дәстүр-традиция

үлгі-образец

бірлік-единство

әдіс-метод

үздік-отличный

көксеу-тосковать

дәріптеу-восхвалять

қабылдау-принять

қыруар-множество

шапқыншылық-нашествие

тірлік-бытие

жарық көру-увидеть свет

талқылану-обсуждаться

босану-освободиться

солақай сыншы-недальновидные критики

іздеу-искать

қаулы-постановление

ұйымдасу-организоваться

айып-обвинение

айдау-изгнать

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерді қайталаңыз.

2. Мәтін бойынша 7-8 сұраулы сөйлем жазыңыз.

3. Дәріптеу, көксеу, талқылау, ұйымдастыру етістіктермен өткен шақта сөйлем құраңыз.

4. Айып, қаулы, бірлік сөздерімен сөз тіркестерін жасаңыз.

5. М.Жұмабаевтың еңбектерін атаңыз.

6. Мәтіндегі сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.

7. Ақынның бір өлеңін жатқа айтып беріңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ХІ апта. Кредит 31-33.

Тақырып: Қазақстан халқы. Қазақстанның ежелгі, тарихи қалалары.

Грамматика: Келер шақ.

Мәтіндер: Қазақстан халқы

ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан территориясында халықтың этностық құрамы біркелкі болды. Олар: негізінен қазақтар болатын. 1897 жылғы Бүкілресейлік бірінші халық санағы бойынша Қазақстан халқының 4/5 (бестен төрті) қазақтар болды. Бұл – халықтың 80 % еді. Осы кезде Ресейде капитализмнің дамуына байланысты, қазақ ауылдарында бірті-бірте феодалдық қатынастар ыдырай бастады. Ресейдің орталығындағы жері аз губерниялардан, Волга бойынан, Украинадан, Орал мен Батыс Сібірден қоныс аударушылар Қазақстанға келе бастады. Қоныс аударушылар орыстар, украиндар, татар, мордва, чуваш, неміс тағы басқа халықтар еді. Сөйтіп, Қазақстанда басқа ұлт өкілдері көбейе бастады ...

1897 жылы санақ бойынша басқа ұлттар халықтың 12 % болды. Осылайша, Республика халқы табиғи өсім және басқа жерден көшіп келген адамдар есебінен өсті.

Тәуелсіз Қазақстан республикасында 1994 жылдың 1-қаңтарында 16 млн. 854 мың адам болды.

Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда халық тығыз орналасқан. Ал Қазақстанның батыс, орталық және оңтүстігіндегі шөл және шөлейт жерлерде, керісінше, халық сирек қоныстанған. Бұл жерлерде халықтың орташа тығыздығы 1 шарша километрге 2 адамнан келеді. Соңғы жылдары көші-қон өсуде. Көші-қон республика ішінде де, алыс және жақын шетелдерде де жүріп жатыр.

Жаңа сөздер:

өкіл-представитель

өсу-рост

шөл-пустыня

сирек-редки

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Тарихи даталар бойынша бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

3. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңыз.

4. Мәтін мазмұнымен үндес келер шақта бірнеше сөйлем жазыңыз..

5. Сын есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы жасалған сөз тіркестерін табыңыз.

6. Сөз тіркестерін аударыңыз: халықтың тығыздығы, этностық құрамы, дамыған қала, басқа ұлт өкілдері.

7. Мәтіндегі жалқы зат есімдерді тауып, септеңіз.