Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық Заң қабылданды. Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық, құқықтық мемлекет деп анықтама берілген.

Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі – қазақ ұлты мен Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің, салт-дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады..

Қазақстан Республикасы дүниежүлік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін дамыту шараларын қабылдайды. Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан 200 жылдан астам уақыттан кейін дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды.

Жаңа сөздер:

тәуелсіздік-независимость

құқықтық мемлекет-правовое государство

құжат-документ

маңызды-актуальное

өкілдер-представители

дүниежүзілік-всемирный

салт-дәстүрлер – традиция

мүмкіндік-возможность

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Кеңестер Одағында болған тәуелсіз мемлекеттерді атаңыз.

3. Қазақстан тәуелсіздігінің маңызы неде?

4. Газеттен Қазақстан мүше болған халықаралық ұйымдар туралы материал қараңыз.

5. Мәтіндегі берілген етістіктермен бірнеше сөйлем құраңыз.

6. Мәтін бойынша сын есіммен берілген сөз тіркестерін жазыңыз.

7. «Қазақстан – құқықтық, демократиялық мемлекет» тақырыбына мәтін құрастырып, мазмұндаңыз.

Аймақтағы өркениеттер арасындағы қатынас

Жақында ҚР Білім және Ғылым министрлігінде ҚРҰҒА және ҚРБҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты Қазақстан Республикасындағы ИИР елшілігімен бірге «Орталық Азия: ХХІ ғасырдағы өркениет диалогы» атты халықаралық конференция өткізді.

Аталмыш конференцияға Орталық Азия және Қазақстан, Иран, Ресей мемлекеттерінің белгілі ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, елшіліктер өкілдері қатысты.

Түрлі оркениеттер арасындағы диалог тұжырымдамалары, нақ ХХІ ғасырдағыдай маңызды болып көрген жоқ. Тарих әлдеқашан көрсетіп, дәлелдеп бертенірдей, қандай да бір этномодени ареал болмасын басқа мәдениеттерден бөлекше жалғыз дами алмайды, олар ешқашан да өз даму жолдарында үнемі бірібірі толықтырып отырды. Сондықтан да басқа мәдениетпен араласа алғандары ғана өркендеу мүмкіндігіне ие болды.

Өркениет пен мәдениет диалогының табысты дамуы – бүгінгі күннің де түбегейлі мәселесі. Оның оң шешімдері жақын болашақта тек ғана жалпы қабылданған саяси нормалардағы әрідегі дамуға ғана емес, сондай-ақ әлемдік толғақтымәселелерге де ықпал жасайды. Осындай сұраныс мемлекеттер арасындағы қайшылықтар және бөлектену саясатының зияндылығын түсінетін көптеген мемлекет басшыларының тарапынан да туындауда.

Әсіресе, дәл қазір ішкі діни құрылымдағы және көп ұлттық жағдайындағы Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы келісім аса қажет. Осыған орай түрлі халықтар арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету, кез-келген тұрақты бейбітшіліктің бастауы болып табылады.

Конференция – Орталық Азия аймағындағы өркениеттер арасындағы қатынастар мәселесі бойынша – тарихшылар, деректанушылар, саясаттанушылар, лингвистер, мәлениеттанушылар сынды жетекші мамандар арасында ақпараттар алмаса отырып, әлем тарихындағы ОА халықтарының тарихи және мәдени мұраларының анағұрлым толыққан бейнесін жасау мақсатымен өткізіліп отыр. Конферецияда Орталық Азия, Ресей және Иранның жете танылмаған ежелгі, ортағасырлық және қазіргі өзара қарым-қатынастарының тарихы қаралды, ірі ғаламдану процесі жүріп жатқан кездегі ОА халықтарының діндер арасы, этномәдени және геосаяси қатынастарының келешегі талқыланды.

Сондай-ақ, аталмыш конференция Қазақстан, Ресей, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Франция мемлекеттерінің Шығыстану институты директорлары мен зерттеу орталықтарының ғылыми форумы да болып табылады. Қазақстан Шығыстану институты қазіргі қарым-қатынас пен тарихи сабақтастықтың ақиқатын ашуға бағытталған біріккен жобаларды іске асыру және біртұтас ғылыми-ақпараттық, мәдени кеңестік құру сынды ойларын ұсынды.

Жаңа сөздер:

тұжырым (дау)-заключение, сформулировать

жалғыз-один, единственный, одинокий

ықпал-влияние

сұраныс-спрос

қайшылық-противоречие

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі жаңа сөздерді оқып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударырыңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз, пікіріңізді айтыңыз.

а) Қазақстанда қандай халықаралық конференция өтті?

ә) Бұл конференцияның өзектілігі неде?

б) Орта Азия халықтары арасында осындай конференциялардың өтілуі неге әсер етеді?

в) Конференцияда талқыланған мәселелер ғылымның келешегіне пайдасы бар ма?

4. Қысқартылған сөздерді толық жазыңыз:

ҚР –

ҚРҰҒА –

ҚРБҒМ –

ИИР –

ОА -

5. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: жетекшілігімен жұмыс істеу, бірінші ғылыми мақаланың қолжазбасы, ескертпе жасау, өз ойын нақты жеткізу, материалдың оқырманға түсінікті болуы, жұмысқа бағыт беру.

6. Мәтіндегі есімше, көсемше тұлғалы сөздердің жасалу жолын түсіндіріңіз, теріп жазыңыз.

7. Мәтін арқылы кестені толтырыңыз

Мемле

кеттер

Қазақ

стан

Ресей

Иран

Өзбек

стан

Қырғыз

стан

Тәжік

стан

Фран

ция

Елбасы

Туларын

дағы негізгі

белгілер

Мемлекет

тік тілі

Ұлты

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ХҮ апта. Кредит 43-45

Тақырып: Шетел жаңалықтары. Қатарда да бай коллекция бар. Ұлы ақын туралы дерек. Өздігінен аударуға арналған мәтін.

Грамматика: Сөйлем мүшелерін қайталау.

Мәтіндер: Қатарда да бай коллекция бар

2007 жылы Сотби бәссауда үйінде америкалық суретші Марк Ротконый «Ақ түсті белдеу» деп аталатын туындысын 72,8 миллион долларға сатып алған қалталы азамат қатарлық шейх Хамад бин Халиф әл-Тани болып шықты.

Әл-Танидің осы бәссауда кезінде ағылшын экспрессионисті Фрэнсис Бәконный «Иннокентий Х портретіне этюд» суретін және тағы бір ағылшын суретшісі Дэмиен Херстің «Көктемгі бесік әні» туындысында сатып алғаны да мәлім болды. Ол бұл суреттерге, тиісінше, 52,7 миллион және 19,7 миллион көлемінде доллар төлеген көрінеді. Қысқасы, қатарлық көркемөнер жанкүйері бір күнде 150 миллион доллардан астам қаржыны өзінің коллекциясын толықтыруға жұмсаған болып шығады.