Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

2.2 Лекциялық сабақтар тезистері бағдарлама бойынша қарастырылмаған.

2.3. Семинар сабақтарының жоспары

І апта. Кредит 1-3.

Тақырып: Ортамен танысу. Өзім отбасым туралы. Өмірбаян.

Грамматика: Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән дыбыстар.

Мәтіндер: Менің отбасым

Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Мен өз отбасымды мақтан етемін. Біз Қарағанды қаласында тұрамыз. Қарағанды – кеншілер қаласы.

Отбасымыз үлкен. Отбасымызда алты адам бар. Атам бізбен бірге тұрады. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер. Жасы 80-де. Атам бізге әрқашан ақыл-кеңес береді. Әкем 48 жаста. Ол шахтада кенші болып істейді. Анам балалар дәрігері. Жасы 46-да. Ағам академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шетел тілдері факультетінде оқиды. Ол төртінші курс студенті. Ағам бірнеше тілді еркін меңгерген. Жазда Ұлыбританияда болып қайтты. Ол шетел әдебиетін сүйіп оқиды. Әпкем Тәттімбет атындағы музыка колледжінде оқиды. Ол 19 жаста. Әпкем тамаша билейді, ән салады. Мен №81 орта мектебінің сегізінші сыныбында оқимын. Оқу озатымын. Жасым 15-те. Бос уақытымда спортпен айналысамын. Болашақта олимпиада чемпионы болуды армандаймын. Отбасымыз өте тату. Туған күндер, әрбір мереке – отабасымыз үшін үлкен қуаныш. Отбасының ынтымағы, бірлігі үшін мен де өзімді жауапты сезінемін.

Жаңа сөздер:

ардагер-ветеран

зейнеткер-пенсионер

оқу озаты-отличник учебы

бос уақыт-свободное время

тату-дружный

бірлік-единство

жауапты-ответственный

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

  2. Мәтінді өз бетіңізше аударыңыз.

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

4. Есімдіктерді тауып, зат есім етіп жазыңыз.

5. Мәтінді үлгі етіп, өз отбасыңыз туралы мәтін құрастырыңыз.

6. Берілген диаграмма бойынша туыстық атауларын жазыңыз.

7. Ынтымақ, бірлік сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

Өзім туралы

Менің тегім – Төлеутай, есімім - Дарын, әкемнің аты – Серікбол. Мен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында тудым. 1989 жылы, 25 сәуірде дүниеге келдім. Мен қазақпын.

Биыл М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп–гимназиясын бітірдім. Мектепте домбыра үйірмесіне қатыстым. Атақты күйші – композиторлардың, мысалы, Құрманғазы, Дина, Сүгірдің күйлерін орындауды үйрендім.

Мен тіл маманы болуды армандадым. Сондықтан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шетел тілдері факультетіне оқуға түстім. Қазір бірінші курстың студентімін. Күнделікті сабаққа кітапханада, университеттің оку залында дайындаламын. Біз тобымызбен факультеттің қоғамдық өміріне белсене қатысамыз.

Маған бұл оқу орны ұнайды.

Біз бос уақытымызда тобымызбен театрға, мұражайға, тауға, саябаққа барамыз. Демалыс күндері теледидар көремін, кітап, газет – журналдар оқимын және достарыммен кездесемін. Бос уақытымды үнемді пайдалануға тырысамын.

Жаңа сөздер:

үйірме-кружок

қоғам-общество

тырысу-стараться

мамандық-специальность

қызмет-должность

Тапсырмалар:

1. Мәтінді бірнеше рет оқыңыз.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркесін жасаңыз.

3. Үлгі бойынша сұрау есімдіктеріне кесте құрастырыңыз.

Дина күйші Теңге . . . . .

Абай . . . . . Ә деген . . . . .

Кім? Не?

Ыбрай . . . . . Алмұрт . . . . .

Тоқтар . . . . . Балқаш . . . . .

ҚарМУ . . . . .

Кен . . . . .

Қайда?

Студент . . . . .

Ақша . . . . .

4. Мәтінді өз бетіңізше аударыңыз.

5. Әр сөзді, сөйлемді толық және анық оқыңыз. Төл дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

6. Хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлем жасаңыз.

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

1. Тіл маманы болуды армандадым

2. Мамандығым өзіме ұнайды.

3. Сабаққа кітапханада дайындаламын.

7. Сан-сән қаз-кез жық-жік

Үлгі негізінде жуан, жіңішке дыбыстарға мысалдар жазыңыз.