Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Мұхтар Әуезов (1897-1961)

Қазақ халқының ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері М.О.Әуезов 1897 жылы. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау жерінде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Білім алуды ауыл мектебінен бастаған кішкентай Мұхтар Абай өлеңдерін оқып өсті. 1908 жылы Семейдегі қалалық училищесінде, мұғалімдік семинарияда оқыған кезінде орыс және шетел әдебиеттерімен танысып, өзінің шығармашылығына жол ашады. Ол алғашқы туындысы «Еңлік - Кебек» пьесасын 1917 жылы семинарияда ақын жүргенде кезде жазған. Болашақ ғаоым, ғұлама жазушы Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкентте Орта Азия университетінде оқыған. 1920-1930 жылдары жазушы қазақ халқының өмірінен көптеген әңгімелер, повестер жазды. М.Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі. Ол тарихи тақырыпқа арналған драмалық шығармалар жазды. Қаламгердің есімін әлемге әйгілі еткен ең басты көркем шығармасы – «Абай жолы» тарихи роман-эпопеясы. Бұл романда жазушы ұлы Абайдың өмірі арқылы қазақ халқының өткен тарихын, салт-дәстүрін суреттейді. «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемнің 40-тан астам тілдеріне аударылған.

Жазушы өзінің шығармашылық жолында көптеген әңгіме-романдар, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдебиет тарихын зерттеген. Ол өмірінің біраз жылдарын жастарға білім беруге, тәрбиелеуге арнаған.

М.Әуезов ұрпағына бай шығармашылық мұралар қалды. Олар: көркем шығармалар, оқулықтар мен мақалалар. Ең танымалы «Абай жолы» роман-эпопеясы. Осы еңбегі үшін жазушы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Жаңа сөздер:

шығармашылық – творчество

мұра – наследие

танымал (белгілі) – известный

иегер - лауреат

Тапсырмалар:

1. Мәтінді бірнеше рет оқыңыз. Әр сөзді, сөйлемді толық және анық оқыңыз. Мәтінді өз бетіңізше аударыңыз.

2. Лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдер құрастырыңыз.

3. Мәтіндегі берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.

4. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауларын жазыңыз:

Мен шетел тілдері факультетінің студенті... . Біз қаланың орталығында тұра... . Сен бірнеше тілде сөйлей... . Сіздер ағылшынша, қазақша сөйлей... .

5. Мына сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыз: шығарма, жазушы, әдебиет, роман, аудармашы, тәрбие, ұрпақ, қоғам.

6. Өздік, ырықсыз етістермен бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

7. «Менің сүйікті жазушым» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:28]

Қосымша әдебиет: [1.7:23]; [1.7:6]

ХІІ апта. Кредит 34-36.

Тақырып: Грек суретшісі Эль Греко. Саяхатшы Фритьоф Нансен. Диего Родригес де Сильва Веласкес.

Грамматика: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Мәтіндер: Грек суретшісі Эль Греко

Өзінің керемет еңбекқорлығымен, айрықша даралығымен және сурет салудағы бейнелі мәнерімен, тегі – грек, рухы – испандық осынау суретші көзінің тірісінде-ақ атақты болып, сый-құрметке бөленді.

Оның тумысынан берілген аты Доменикос Теотокопулос. Ол 1541 жылы Криттің астанасы Кандияда, ауқатты салық жинаушының отбасында дүниеге келді. Георгий Теотокопулостың биік мансабы оның балаларына тәуір білім алу құқығын берді. Жиырма жасында Доменикос ие болған куәлікте оның бұдан былайғы жерде «егурафос», яғни суретші екендігі атап көрсетілген.

Оның алғашқы туындылары, атап айтқанда, «Құдай анасының үлгеруі» иконы он алтыншы ғасырдың екінші жартысындағы Криттің мәдени және қоғамдық өмірінде орын алған жағдаяттарды паш етеді. Бұл кезде Византияның қатаң діни дәстүрлері Батыстың сынақтарға бейімделіп алған өнерімен қосылып, үйлескен болатын. Православиенің қағидалы бейнелерінің арасында суретші көгершінді әспеттеді – католиктер көбінесе қасиетті рухты осылай бейнелейтін.

Италияндық бейнелеу өнеріне ден қоюы гректі Криттен кетуге мәжбүр етті. Жолға қаражат жинау үшін ол өз икондарының біреуін сатты. Сол шақта «тәңірінің таңдаулысы» Тициан Венецияның бірінші суретшісі болып саналатын. Жиырма бестер шамасындағы Доменико оның шеберханасына шәкірт болып кірді, ақсүйектер өмірін діни желімен өрнектеп салу мәнерін меңгерді. Кейінірек Тицианның кепілдемесімен Венециялың одан соң Римнің ақсүйектер қауымына жол ашты. Суретшілік қабілеті, ақыл-ойының пәлсапалық жүйесі, ықылас-пайымның кендігі Дамениконы қауымға мәшһүр етіп, соның арқасында ол көптеген тапсырыстарға ие болды. Біріншісінен бастап соңғысына дейінгі өзінің барлық жұмыстарын ол грек әріптерімен таңбалады.

Өзінің Римдегі тым тәуір жағдайына қарамастан, суретші мұнда да тұрақтап қалмады. Эль Греко отыз алты жасар бейнелеуші Испанияға қоныс аударады. Алғашында Мадридте болады. Бірақ онда өзіне лайықты жұмыс таппағасын бір замандарда испан астанасы болған және әлде де ерекше қала рухын сақтаған Толедодағы Санто-Доминго шіркеуінің мехрабын көркемдеуге аттанады. Испандықтар Эль-Греко деп атай бастаған суретші осы жұмысы арқылы майталман шебер деген абырой-атаққа бөленді.

Шіркеу тапсырыстарымен қатар Эль Греко көптеген портреттер де салды. Толедо ақсүйектерінің құрметі мен сеніміне бөленген оған атақты отбасылардың мүшелері, жазушылар, ғалымдар өз суреттерін ықыласпен салғызды.

Әйткенмен, бейнелеу өнері Эль Греко үшін негізінен табыс көзі емес, рахат қайнары болды. Өмірінің соңғы күндерінде де қолдан қылқаламын тастамады. Суретші 1614 жылдың жетінші сәуірінде жетпіс үш жасында көз жұмды.

Жаңа сөздер:

еңбекқор-трудолюбивый

айрықша-особенно

рух-дух

құрмет-уважение

салық-налог

екінші жартысы-вторая половина

қоғамдық-общественный

жағдаят-сетуация

шәкірт-ученик

қабілет-способность

жүйе-сестема

пәлсапа-философия

тапсырыс-заказ

абырой-авторитет

шіркеу-церковь

Тапсырмалар:

1. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

2. Жаңа сөздермен танысыңыз, сөйлем құраңыз.

3. Берілген модаль сөздермен сөйлем құрастырыңыз: мүмкін, шығар, рас, сияқты, әрине.

4. Әр абзацты сөздіктің көмегімен аударыңыз, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

5. Мазмұнының сақтап, мәтінді қысқартыңыз.

6. Мәтін бойынша соңғы екі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

7. «Суретші көрмесінде» тақырыбына сұхбат жазыңыз.