Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Вольтер Скотт

Вольтер Скотт 1771 жылы 15 тамызда Эдинбург қаласында дүниеге келді. әкесі өте танымал жақсы адвокат болған, бірақ мінезі өте жұмсақ, адал болғандықтан байлық дәулет жинай алмайды. Вольтердің анасы медицина профессоры Джон Резерфордтың қызы болатын. Жұртпен тез тіл табысатын ашық мінез, биязылық, көнеге деген құштарлық сияқты қасиеттер Скотқа ана сүтімен дариды. Вольтердің кішкентай сәбилік шағы өмір үшін жанталасқан күреспен өтеді. Бір жарым жасында қатты ауырып нәтижесінде Скоттың оң аяғы өмір бойы ақсақ болып қалады. Қала сыртындағы таза ауа жәрдемдесер деген үмітпен баланы фермадағы атасының қолына жібереді. Осында жүріп бала тұңғыш рет халық әндері мен аңынздарды естиді, олар сәби жүрегінде тарихқа деген құштарлықты оятады.

Жеті жасында Вольтерді Эдинбургтағы орта мектепке береді, табиғатынан алғыр, ғажайып зейінді, бір оқығаннан-ақ ұзақ балладаларды жаттап алатын, бес жасында-ақ Гомер мен Мильтанды түгел оқып бітірген Волтер мектепте айрықша бір озық оқуымен көзге түсе қойған жоқ. Сабақтан гөрі оған әңгіме-ертегі айтып сыныптастарының көңілін аулаған, балалармен төбелесіп, тауға өрмелеген көбірек ұнайтын. Скотт мектепте ержүрек альпинистердің бірі ретінде танылды. Он екі жасында колледжге түседі, бірақ көп өтпей науқастанып, оқудан қол үзуге тура келеді. Денсаулығын түзесін деп қыстаққа жібереді, сол жерде ол күні бойы шарлап айналасын зерттейді, кітап оқиды. Он үш жасында ішегіне қан құйылады, бірақ бұл ауыр дертің емі табылады. Вольтерді мұздың үстіне жатқызады, денесінен қайта-қайта қан алып, бірнеше ай бойы қатаң түрде дистада ұстайды. Ғайыптың күшімен тірі қалған он бес жасар Скотт Эдинбургке оралып, әкесінің кеңсесіне шәкірт болып орналасады. Сот құжаттарын көшіру арқылы тапқан ақшасына кітап сатып алады. Он сегіз жасында әкесінің кеңесімен Скотт заң жүйесін оқып-үйренуге кіріседі. Үш жылдан соң емтихан тапсырып, заң саласында жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Көп өтпей заңгерлердің арасында даңқы шығады, бірақ адвокат ретінде емес, тамаша әңгімеші, көне тарихтың білгірі ретінде құрметке бөленеді. Бос уақытының бәрін Скотт тарихи орындарды аралауға, аңыз-әңгімелер жинауға, сондай-ақ өлең жазуға жұмсады.

1814-жылы «Уэверли» романы жарыққа шығады, бірақ мұқабасында автордың аты көрсетілмейді, жұртшылық «ұлы инкогнито» деп атайды. Одан кейінгі он екі жылдың ішінде «Уэверлидің» авторы жиырма алты роман жазып бастырады. Солардың ішіндегі әйгілілері – «Пуритандар», «Роб Рой», «Айвенго».

Вольтер Скотт 1832-жылы жиырма бірінші қыркүйекте, алпыс екі жасында қайтыс болады. Артында өз қызметшілеріне аса мейірімді, қолы ашық, жомарт қожайын, қамқор әке, қонақжай, қағылез дос, жігерлі, ақжарқын жан еді деген ізгілікті аты қалды.

Жаңа сөздер:

танымал-известный

қасиет-своиство

күрес-борьба

тұңғыш-первый

құштарлық-интерес

халық әндері-народные песни

аңыз-легенда

ғажайып-чудеса

сынып-класс

науқас-больной

дерт-болезнь

шәкірт-ученик

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз.

2. Жаңа сөздерді қайталаңыз.

3. Әр абзацқа тақырыпша қойыңыз, жазушының шығармашылық кезеңдеріне назар аударыңыз.

4. Мәтін бойынша сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызыңыздар және сұрақ қойыңыздар.

5. Мәтіндегі сын есімдерді сөзбен жазыңыз.

6. Қол үзу, тіл табысу, көзге түсу теркестерімен сөйлем құраңыз.

7. Мәтіндегі етістіктермен осы шақ, бұрынғы өткен шақта сөйлемдер құрастырыңыз.