- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Баға туралы ақпарат:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері бағдарлама бойынша қарастырылмаған.
- •2.3. Семинар сабақтарының жоспары
- •Өзім туралы
- •Өмірбаян
- •Менің бөлмем
- •Жатақхана
- •Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
- •Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
- •Уақытты бағалай біл
- •Адам келбетін суреттеу
- •Құрбым Тоғжан
- •Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов.
- •Шетел тілдері факультеті
- •Қазақстан Республикасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
- •Қазақ елінің әнұраны
- •Астана – Қазақстанның ел ордасы
- •Астаналар тарихы
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Қазақстан экологиясы
- •Жаңа сөздер
- •Тапсырмалар
- •Арал теңізі
- •Семей - Невада қозғалысы
- •Туған өлкенің өзен-сулары
- •Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)
- •Мағжан Жұмабаев
- •Қазақстанның ежелгі, тарихи қалалары Түркістан
- •Еуразия университеті
- •Резюме (түйін) Мұқажанов Ернұр Ерғалиұлы
- •Ел ертеңі – жастар
- •Мен елімнің патриотымын
- •Талғат Мұсабаев
- •Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
- •Қазақ халқының ұлттық ойын-сауықтары
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Халықаралық ытымақтастық
- •Қазақстан – Британ техникалық университеті
- •Ержан Біртанов – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы тұңғыш қазақ
- •Нидерландтар корольдары
- •Нидерланд табиғаты.
- •Норвегия Корольдығы
- •Қазыбек би (1665-1765)
- •Әйтеке би (1644-1700)
- •Вольтер Скотт
- •Вольтер шығармашылығы
- •Уильям Гершель (1738-1822)
- •Иоганн Вольфанг Гете (1749-1832)
- •Француз драматургы
- •Шолом Алейхем
- •Питер Брейгель
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
- •Оноре де Бальзак
- •Мұхтар Әуезов (1897-1961)
- •Фритьоф Нансен
- •Диего Родригес де Сильва Веласкес
- •Қазақстан және Германия қарым-қатынастары
- •Дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі
- •Аймақтағы өркениеттер арасындағы қатынас
- •Ұлы ақын туралы дерек
- •Өздігінен аударуға арналған мәтін Как я изучаю языки
- •2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары (бағдарлама бойынша қарастырылмаған).
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •І апта. Соөж 1-3
- •Іі апта. Соөж 4-6
- •Ііі апта. Соөж 7-9
- •Іү апта. Соөж 10-12
- •Ү апта. Соөж 13-15
- •Үі апта. Соөж 16-18
- •Үіі апта. Соөж 19-21
- •Түркістан
- •Хіі апта. Соөж 34-36
- •Хііі апта. Соөж 37-39
- •Хіү апта. Соөж 40-42
- •Хү апта. Соөж 43-45
- •Хү апта. Соөж 31-33
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық өткізілуі
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •І вариант іі вариант
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны:
- •Пән туралы мәліметтер .............................................................3
- •2008 Жылғы 4-сәуірдегі №8 хаттамасы
- •2008 Жылғы 25-сәуірдегі №6 хаттамасы «қазақ тілі» пәні бойынша
Уақытты бағалай біл
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт - әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.
Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, кейбіреуі үш күнін қанағат тұтады.
Уақыт – ақсүйекті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне 24 сағат.
Дүниеде уақытты белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне - өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.
Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.
Уақыттың көп шашылуы – шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мысалы, бір нәрсені жасау үшін уақыт неғұрлым көп кетсе, соғұрлым оның құны да қымбатқа түспек.
Жаңа сөздер:
құн-цена
сәт-момент
босқа-зря
даналық-мудрость
өзін-өзі қадағалау-самоконтроль
бағыт-направление
дерт-болезнь
еріншектік-ленивость
шашылу-трата
үнемі-постоянно, регулярно
Тапсырмалар:
-
Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздермен сөйлем құраңыз.
-
Мәтіннен септік жалғауларын табыңыздар.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз? (демалыс күніңізді)
ә) Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?
б) Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?
в) Әр күнге жоспар құрасыз ба?
г) Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?
д) Уақыт – алтыннан қымбат дейді. Неге?
4.Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар
а) Уақытты басқару дегеніміз не?
ә) Уақытты меңгеру не үшін қажет?
б) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?
5. Сөздердің антонимдерін жазыңыз: басталу, кешігу, таңертең, бүрсігүні, ертең, ерте.
6. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.
Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірме, уақытты үнемдеу.
7. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.
Негізгі әдебиет: [1.7:5]; [1.7:8]
Қосымша әдебиет: [1.7:9]; [1.7:12]
Ү апта. Кредит 13-15.
Тақырып: Адамның келбеті, адамгершілік қасиеті. Мінез-
құлқы.
Грамматика: Сын есім. Қатыстық, сапалық сын есімдер.
Мәтіндер: Менің досым
Менің ең жақын досым бар. Оның аты-жөні - Айжан Еркінқызы. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Айжанның туған күні үшінші тамызда. Досым университеттің шетел тілдері факультетінде оқиды. Айжанның достары көп. Ол достарына мейірімді, мінезі ашық, көпшіл.
Досым факультеттегі, университетегі қоғамдық жұмыстарға, мәдени шараларға белсене қатысады. Айжан үлкенмен де, кішімен де сыпайы, мәдениетті сөйлеседі. Ол көмекке қашанда дайын. Жақында досым Астанада өткен «Білімді студент» атты республикалық студенттер сайысына қатысып, жеңімпаз атанды. Айжан ана тілі мен ағылшын, неміс, орыс, француз тілдерін еркін меңгерген.
Ол келешекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білімін жетілдіруді армандайды. Айжан отбасында екі бауырына көп көңіл бөледі, анасына көмектеседі. Жан-жақты, еңбекқор, кішіпейіл досым факультеттің де мақтанышы. Сабақтан кейін Айжанды тек оқу залынан таба аламын. Менің досым тек отбасында ғана емес, туысқандарының ортасында да сыйлы, тәрбиелі. Айжан көркем әдебиетті сүйіп оқиды, шығармашылықпен айналысады. Мен досымды басқаларға үлгі тұтамын.
Жаңа сөздер:
мейірімді-любезный
көпшіл-общительный
қоғамдық жұмыс-общественная работа
мәдениетті-культурный
сайыс-конкурс
туысқан-родственник
адамгершілік-человечность
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз, құрамына қарай талдаңыз.
3. Айжан қандай студент? Сипаттап айтып беріңіз.
4. Мына сөздермен бірнеше сөз тіркестерін жазыңыз және аударыңыз: адамгершілік, сыпайы, мейрімді, мәдениетті, туысқан.
5. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз және мазмұнын айтыңыз.
6. «Менің досым» шағын әңгіме жазыңыз.
7. Досыңыздың сыртқы келбеті, жақсы қасиеттері жайлы әңгімелеңіз.
