- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Баға туралы ақпарат:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері бағдарлама бойынша қарастырылмаған.
- •2.3. Семинар сабақтарының жоспары
- •Өзім туралы
- •Өмірбаян
- •Менің бөлмем
- •Жатақхана
- •Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
- •Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
- •Уақытты бағалай біл
- •Адам келбетін суреттеу
- •Құрбым Тоғжан
- •Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов.
- •Шетел тілдері факультеті
- •Қазақстан Республикасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
- •Қазақ елінің әнұраны
- •Астана – Қазақстанның ел ордасы
- •Астаналар тарихы
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Қазақстан экологиясы
- •Жаңа сөздер
- •Тапсырмалар
- •Арал теңізі
- •Семей - Невада қозғалысы
- •Туған өлкенің өзен-сулары
- •Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)
- •Мағжан Жұмабаев
- •Қазақстанның ежелгі, тарихи қалалары Түркістан
- •Еуразия университеті
- •Резюме (түйін) Мұқажанов Ернұр Ерғалиұлы
- •Ел ертеңі – жастар
- •Мен елімнің патриотымын
- •Талғат Мұсабаев
- •Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
- •Қазақ халқының ұлттық ойын-сауықтары
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Халықаралық ытымақтастық
- •Қазақстан – Британ техникалық университеті
- •Ержан Біртанов – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы тұңғыш қазақ
- •Нидерландтар корольдары
- •Нидерланд табиғаты.
- •Норвегия Корольдығы
- •Қазыбек би (1665-1765)
- •Әйтеке би (1644-1700)
- •Вольтер Скотт
- •Вольтер шығармашылығы
- •Уильям Гершель (1738-1822)
- •Иоганн Вольфанг Гете (1749-1832)
- •Француз драматургы
- •Шолом Алейхем
- •Питер Брейгель
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
- •Оноре де Бальзак
- •Мұхтар Әуезов (1897-1961)
- •Фритьоф Нансен
- •Диего Родригес де Сильва Веласкес
- •Қазақстан және Германия қарым-қатынастары
- •Дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі
- •Аймақтағы өркениеттер арасындағы қатынас
- •Ұлы ақын туралы дерек
- •Өздігінен аударуға арналған мәтін Как я изучаю языки
- •2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары (бағдарлама бойынша қарастырылмаған).
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •І апта. Соөж 1-3
- •Іі апта. Соөж 4-6
- •Ііі апта. Соөж 7-9
- •Іү апта. Соөж 10-12
- •Ү апта. Соөж 13-15
- •Үі апта. Соөж 16-18
- •Үіі апта. Соөж 19-21
- •Түркістан
- •Хіі апта. Соөж 34-36
- •Хііі апта. Соөж 37-39
- •Хіү апта. Соөж 40-42
- •Хү апта. Соөж 43-45
- •Хү апта. Соөж 31-33
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық өткізілуі
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •І вариант іі вариант
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны:
- •Пән туралы мәліметтер .............................................................3
- •2008 Жылғы 4-сәуірдегі №8 хаттамасы
- •2008 Жылғы 25-сәуірдегі №6 хаттамасы «қазақ тілі» пәні бойынша
Оноре де Бальзак
Бальзак ХІХ ғасырдағы француз әдебиетіндегі өте ірі есім, реалистік романның алыбы, бірақ оны тану ол дүниеден өткеннен кейін біраз жылдардан соң ғана басталды. Оның өмірі – аса зор шыдамды еңбектің үлгісі. Алғашында ол өз бақытын баспагерлік саладан, газет шығарудан, ал 1826-1828 жылдары типографиялық шаруашылықтардан іздеді. Танылу сәті оған ондаған жылдар бойғы азапты ізденістерден, қажымас еңбектенуден, түңілу мен сәтсіздіктерден кейін ғана түсті. Бұл оның «Шуандар» (1829) романының жарыққа шығуымен байланысты болды. Жазушының одан кейінгі барлық өмірі қоғам тарихын іс-әрекет үстінде бейнелейтін өте кең ауқымды ойластырылған «Адам комедиясын» іске асыруға арналған жанын аямаған, аса қарқынды еңбекпен өтті. Бальзак, мүмкін болғанша, бүкіл Францияны жан-жақты да терең көрсетуге тырысты, ол барлық сословиені, барлық мамандарды барлық жастағы кейіпкерлерді суреттегісі келді. «Адам комедиясы» шығармасындағы тақырыптардың көпшілігі – адамды өзіне бағынышты ететін, оның жеке тұлғасын аздыратын, адамдардың өзара қарым-қатысын ұсқынсыздыратын ақшаның аса қатерлі жебір күші. Жазушы өз уақытының сот-биі ретінде шешендік танытты. Оның өзіне ең басты міндет етіп қойғаны – барлығын тек өмірден алу, өмірдің көшірмесін түсіру, оның «тарихшысы», «хатшысы» болу; бірақ бұдан да маңыздысы сол – Бальзак тұтастай алғанда өз заманындағы Францияның әлеуметтік тарихының фактілеріне сүйенді.
Алғашқы шығармаларын Бальзак әр түрлі бүркеншік аттармен бастырады. Фантастикалық кейіпкерлер, ойдан шығарылған жағдаяттар (ситуациялар) және «ажалмен ойнаған» құмарлықтар – міне, осындай сипаттаулар алғашқы кездегі шығармалардың сыр-сипаты. Ол өзінің шәкірттік жылдарын «Луи Ламберде» бейнелесе, өзі мен Ганская арасындағы романды «Альбер Саварюсте», өзінің қайыршылық жасөспірім кезеңін «Фачино Канде», өзінің сән-салтанатты қонақжайын «Еваның қызындағы» де Тийенің үйі арқылы, өзінің үлде мен бүлделі ұйықтайтын бөлмесін «Алтын шырақты қыздағы» лорд Дедлэяның қызының бөлмесі етіп бейнеледі. Бірақ прототиптерден гөрі нақты табиғи тұрғыдан суреттелетін портреттер, интерьерлердің маңыздылығы сол – Бальзактің тұтастай алғанда өз заманындағы Францияның әлеуметтік тарихи фактілеріне сүйенгенін куәландырады. Осы тұрғыдан алғанда, Бальзактің очерктерінің көтерер жүктері салмақтана түседі. Бальзак реализмнің өзіндік сын-сипатын ерекше көрнекті түрде екенін әсіресе, оның очерктерінен байқауға болады. Типтер, жинақтау – ХІХ ғасырдағы реалистік поэтиканың жон-жотасы. Ал Бальзак поэтикасында олардың көтерер жүгінін орны бөлек. Ол өз кейіпкерлері мен оларды қоршаған тұрмыстық жағдайлардың барлығының ортақ мәнділігін ашып көрсетуден жалыққан емес. Жазушыға әдеби табыс әкелген бірінші туындысы «Шуандар немесе Бретань» 1799 жылы (1829) романы Бальзактың енді жеке өзіндік сүрлеуге түскендігін дәлелдеді.
«Адам комедиясы» деп өз туындыларына осындай ат беру арқылы Бальзак өз еңбегінің қандай аса кең өрісті екенін баса көрсеткісі келген еді. Оның пайымдауынша, Дантенің ұлы туындысы ғасыр дәуірі үшін қандай мәнге ие болса, оның бұл еңбегі де өз уақыты үшін сондай мәнге ие болмақ еді. Ол сонымен қатар тақырыппен бірге өрілген иронияны да білдірмек болды.
Сәтті қойылған атаудан жазушы құдайшылыққа, о дүниеге, Дантенің адамдарға, адам қоғамының әлеуметтік шеңберіне тән қарама-қарсылықты байқатуға тырысқанын да аңғаруға болады.
Автор «Адам комедиясының» алғысөзінде эпопеяның құрылысын мазмұндаумен қатар, оны негіздей де білді: І-бөлім - құлықтар туралы этюдтар немесе адамгершілік этюдтары; ІІ-бөлім – философиялық этюдтар, ІІІ-бөлім аналитикалық талдау этюдтарынан құралды. Философиялық этюдтар автордың ойлағанындай болып шықпады, талдау этюдтары («Неке физиологиясынан» басқасы) жазылмады. Демек, «Адам комедиясы» шындығында, ең алдымен, «Құлық туралы этюдтар». Бұған енетін шығармалардың аса көптігі, кейіпкерлердің молдығы оны тағы да бөлшектеуге итермеледі, сондықтан да автор «Құлықтар туралы этюдтарды» жеке тұлғалық, ауылдық, Париждік, саяси, әскери және ауылшаруашылық өмірлер «сахнасына» таратты. «Құлықтар туралы этюдтар» тек қана ғажайып энциклопедиялық дүние емес, мүлде керемет ондағы барлық тұтастық іштей өзара әрекеттесіп жататын көркем шығарма. «Адам комедиясындағы» аса маңызды көңіл бөлуді құрайтын тек қана өмірді бейнелеу ғана емес, сонымен қатар өмірді қайталап көрсете білу және соған еліктеу (имитациялау).
Бальзак соңына бүтін бір қоғамның тарихын қалдырып кетті, кейіпкерлер бір томнан екінші томға ауыса береді. Оқушыларға бұрыннан таныс кейіпкерлердің келесі кітапта тағы пайда болуының өзі оқырмандарына хикаяның ойдан шығарылмағанын сезіндіреді, әңгімелеуді құжаттармен дәлелдеп отырғандай әсер етеді. Қайта көрінетін кейіпкерлер роман құрылымын байланыстырып отырады.
Жаңа сөздер:
іс-әрекет – действие
кейіпкер-образ
сот-би – судья
шешен-импровизотор
көшірме-копия
әлеуметтік-социальный
маңызды-актуальное
бүркеншік-псевдоним
құрылыс-структура
көркем шығарма-художественное произведение
оқырман-читатель
Тапсырмалар:
1. Мәтінді 3-ке бөліп, түсініп оқыңыз.
2. Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер жазыңыз.
3. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
4. Бальзак шығармашылығын кезеңдерге бөліңіз.
5. Оның өмірі туралы өз ойыңызды, шығармалары, жайында көзқарасыңызды жазыңыз.
6. Бальзактің басқа жазушылардан айырмашылығы неде? Оның ұстанымы (позициясы) қалай?
7. «Бальзак – ұлы есім» тақырыбына шығарма жазыңыз.