Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Уильям Гершель (1738-1822)

«Аспанның бұғауын қиратты» - деп жазылған оның құлпытасында. Ол күн жүйесін екі есеге кеңейтті. Күнді орнынан жылжытты және біздің галактикамыздың көлемін айқындады. Ағылшын астрономы Сэр Уильям Гершель бақылау астрономиясының Колумбысы мен Магелланы болды. Ал осының бәрі музыкаға деген сұйіспеншілікпен басталған еді. Фридрих Вильгельм Гершель 1738 жылдың он бесінші қарашасында, неміс қаласы Ганноверде, полк музыкантының отбасында дүниеге келді. Кішкентай кезінен бастап пол сол оркестрде гобойда, одан кейін скрипка мен органда ойнады. Алайда он тоғыз жасында әскерге алынудан тайқып, шешесінің батасымен Англияға кетеді, сөйтіп Отанымен мәңгілікке қош айтысты. Негізгі құнкөріс көзі нота көшіріп жазу болған жоқшылық азабын шегіп, ұзақ тентіреген Гершель ақыры Бристоль төңірегіндегі теңіз жағасындағы Бете қалашығында музыкант, композитор және оқытушы ретінде атағы шығып танылды. Ол Германиядан өзінің қарындасы Каролинаны шақыртып алып, екеуі бірігіп концерт қояды. Гершель музыка теориясымен шындап айналысты. Бұл қызығушылығы біртіндеп математика мен оптикаға ауысады. Солар арқылы астрономиямен танысты. Бірақ Вильямға кітап оқып қана қою жеткіліксіз болды. Ол бәрін өз көзімен көргісі келді. Гершель шағын телескоп сатып алды. Бірақ оның үлкейтіп көрсетуі мардымсыз еді. Ал үлкен құрал алуға қаражаты болмады. Сондықтан, бір оптика маманынан материалдар мен керек жарақтарың сатып алған Гершель өз қолымен телескоп жасауды ұйғарды. Осыдан бір жыл өткенде Вильям ұзындығы екі метр айнасының диаметрі жиырма сантиметрлік өз телескопының көмегімен Орион шоқ жұлдызындағы әсем, тұмандылықты тамашалады. Енді Гершельдің күндер – айна жасаумен, кештері – музыкамен, ал түндері – астрономиялық бақылаулармен өтетін болды. Ол тіпті концерт кезіндегі үзілістерде де ебін тауып, жұлдыздарға әйтеуір бір сәлем беріп қоятын. Уильямға өзінің дарынды механик інісі және бақылау нәтижелерін өңдеу жөніндегі қиын жұмысты атқарып әрі бүкіл үй шаруасын мойнына алған қарындасы Каролина баға жеткісіз көмек көрсетті. Үйдегі таза бөлмелердің шеберханаға айналуы, ол бауырларының шілтерлі манжеттерінің айнаны қырнап тегістеген кезде жаман боп бүлініп қалуы Каролинаны қатты қапаландыратын.

Бірде-бір беймәлім нысаннан көз жазып қалмас үшін Гершель аспан әлемін жүйелі шолып тұрды. Осындай екінші шолу кезінде оның музыканттық мансабына нүкте қойылды: 1781 жылдың он үшінші наурызында Гершель Уран планетасын ашты.

Гершель кәсіпқой астрономияға салтанатпен қадам басты. Лондонның корольдік қоғамының алтын медалі, шетелдіктерге сирек берілетін Оксфорд университетімен қоса, сарай астрономы қызметін атқарды.

1786 жылы ол Лондоннан отыз шақырым жердегі Слау қалашығына орнығып, өле-өлгенше қоныс тепті. Мұнда Гершель Сатурнның айналу мерзімін өте дәл өлшеді, оның шеңберін өлшеді, жаңадан екі серік ашты, сондай-ақ Марстағы полярлық бөріктер көлемінің маусымдық өзгерістерін анықтады.

Ол отыз жыл бойы әрбір ашық түнде өз бақылауларын тынбай жүргізді. Тек жасы жетпістен асып, ауыр науқасқа ұшырағаннан кейін ғана өз телескопының бақылау алаңына көтерілуін тоқтатты. Сэр Уильям Гершель 1822 жылдың жиырма бесінші тамызында, сексен үшке толған шағында көз жұмды.

Жаңа сөздер:

дарынды-одаренный

сирек-редко

өзгеріс-изменение

жүйе-система

сүйіспеншілік-любовь

музыкант-сазгер

бата-благославение

оқытушы-преподаватель

бақылау-наблюдение

нәтиже-результат

кәсіпқой-профессинальный

Тапсырмалар:

1. Мәтінді үнтаспадан тыңдаңыз.

2. Жаңа сөздермен танысып, қайталаңыз.

3. Мәтіннен бірнеше етістіктерді алып, ортақ етіс формасында сөйлемдер құрастырыңыз.

4. Мәтіннен сөйлемнің тұрлаулы мүшелерімен сөйлем құрастырыңыз.

5. Мәтін бойынша 8 сұраулы сөйлем жазыңыз.

6. Мәтіннің мазмұнын қысқаша мазмұндаңыз.

7. «Таңғажайып оқиғалар» тақырыбына ақпарат дайындаңыз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ҮІІІ апта. Кредит 22-24.

Тақырып: Еуропалық мәдениет. Неміс ойшылы Гете. Француз драматургы Гюго.

Грамматика: Үстеу.

Мәтіндер: Еуропалық мәдениет

Неміс халқының ұлы ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы Гете Иоганн Вольфганг бала кезінде үйінде арнаулы жан-жақты білім алды, жеті-сегіз жасынан бірнеше көне және еуропалық тілдерді меңгерді, француз мәдениетімен жетік таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерін бітірді. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер етті. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңіндегі бүлікшіл рыцарьдың бейнесін ашып көрсетті. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды.

1774 жылы Гете «Жас Вертердің азаптары» атты романын оқушы қауымға ұсынды. Бұл романында Гете жас кезіндегі күмәндану мен тынымсыз ақиқат іздеуден гөрі, тұрақты қалыптасқан бейнелерге көбірек бас ұрады. Ол Спиноза пантеизмінен әуестеніп, адамға деген шынайы махаббатымен дараланған Прометей, ізгіліктің жоғары моралін дәйекті ұсынған Христос, тынымсыз ізденістегі Мәңгі Еврей, Фауст бейнелеріне үңіледі. Гете антикалық классикалық мәдениетке үлкен мүдделілік танытады. Антикалық өнер мен әсемдік Гете бойынша, Ежелгі Грекияда мүмкін болған еркін мемлекеттегі тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділіктің көрінісі. Тек осы жағдайда адам адам бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар теңестіріп үйлесімділікпен шешеді. Үйлесімділік тұрғысынан кез келген саяси күштеу тұлғаның жан-жақты дамуына шектеу болып табылады. Сол себепті Гете француз төңкерісін қабылдамады, оған қарсы сатиралық пьесалар жазды.

«Соңғы Гомерид» болғысы келген Гете Илиадаға еліктеп «Ахиллеаданы» жаза бастады, бірақ аяқтамады. Веймарда Гете бірінші министр қызметін атқарды. Ол басқару қызметімен қатар, білім беру, денсаулық сақтау істерімен көп айналысты. Бұл кезеңде Гете табиғаттанушы ғалым ретінде салыстырмалы морфология (терминді өзі енгізген), физика (оптика мен акустика), минералогия, геология және метеорология салаларында маңызды жаңалықтар ашты.

Гетенің өсімдіктер мен жануарлар жүйелеріндегі құрылымдық бірлік туралы идеялары дарвинизмге жол ашты. Гетенің бүкіл еуропалық ағартушылық ойдың тұжырымдамасына жататын еңбегі – «Фауст» трагедиясы. Кейін Ф.Ницше жалпы батыстық мәдени типті фаустық адам деп атаған. Фауст бейнесінде ақиқатты тынбай іздеуші, азаттық үшін күрескер, рухы жоғары, нағыз жасампаз кейіпкер суреттелген.

Мефистофель болса, Гетенің өзіндік күмәндарын білдіреді. Гете еуропалық жаңа заман мәдениетін биік тұрғыға көтере білген тарихи-мәдени тұлға. Гете – еуропалық жаңа заман, мәдениетін биікке көтерген тұлға.

Жаңа сөздер:

әсер-влияние

кезең-период

кейіпкер, бейне-образ

ықпал-влияние

күмәндану-сомневаться

рухани-духовный

классикалық мәдениет-классическая культура

басқару-управлять

Тасырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз.

2. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.

3. Мәтін бойынша оқытушы сұрақтарына жауап беріңіз.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз: еуропалық тілдер, реформация кезеңі, француз мәдениеті, еркін мемлекет.

5. Мәтіннен үстеулер кездесетін сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

6. Мезгіл, мекен, мөлшер үстеулеріне 8 сөйлем құраңыз.

7. Мәтінді қысқартып, шағын мәтін жазыңыз.