Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Норвегия Корольдығы

Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Батысынның және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі – баренц теңізі, батысы – Норвегия, солтүстік теңіздер, оңтүстігін Скагеррак бұғазы. Солтүстік Мұзды мұхиттағы Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхиттының солтүстік бөлігіндегі Ян-Майен, оңтүстік бөлігіндегі Буве аралдары Норвегияға қарайды.

Мемлекеттік құрылысы. Норвегия – конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1814 жылы 17 мамырда қабылданған. Мемлекеттік басшысы – король Формальды түрде корольдың билігі зор: премьер-министр мен министрлерді т.б. қызмет адамдарын тағайындап босатуға, соғыс жариялауға бітім жасауға ерікті, қарулы күштеріне қолбасшы және мемлекеттік шіркеу басы да сол. Атқарушы өкімет билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Король мен барлық министрлер ерекше органы – мемлекеттік кеңес құрады. Ол айрықша заң жобалары мен ел басқару мәселесін қарайды. Король тағайындайтын фюлькесман, оның жанындағы фюлькестинг қала, село коммуналық кеңестерінің өкілдерінен тұрады. Коммуналарды жергілікті өкілдер басқарады.

Норвегия халқы– бұл ұлтты ел, халқының 98 проценті норвегтер. Олардан басқа саам, квен, оңтүстік аймақтарында шведтер, даттар, немістер тұрады. Ресми тілі – норвег тілі. Діні жөнінен Норвения тұрғындарының 97 проценті протестантизмнің лютерандық тобына жатады. Ресми күнтізбесі григориандық халқы 1963-1971 ж.ж. орташа есеппен жылына 0,8 процентке өсіп отырды.

Осло маңында 50 адамнан, елдің солтүстік бөлігінде 2 адамнан келеді. Халқының ½-і қалаларда, қалалық елді мекендерде тұрады. Ірі қалалары Осло, Берген, Тронхейм, Ставангер, Кристиансанн, Драммаен.

Табиғаты: Норвегия – таулы ел. Территориясының 2/3 бөлігі теңіз деңгейінен 500 м биік жатыр. Батыс жағалауы фьортармен тілімделген. Жағасы негізінен тік, биік жартасты келеді, Жайпақ жағалауының кей жерлерінде Тронхеймсфьорд және Осло-фьорд сияқты қойнаулар, көптеген ірі және шағын аралдар бар. Ел территориясының басым бөлігіне Скандинавия таулары жайласқан, жергілікті жерде фьелд аталатын бұның онтүстік жағы Ютунхеймен, Доврефьелль, Телемарк литол, таулы үстірттерден құралады.

Жаңа сөздер:

шіркеу-церковь

үкімет-правительство

аймақ-регион

ірі-крупный

жоба-проект

өкіл-представитель

деңгей-уровень

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзац бойынша оқыңыз.

2. Әр абзацқа тақырыпша беріңіз.

3. Әр абзацты сөздікпен аударыңыз.

4. Мәтіннен көсемше кездесетін сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

5. -ып, -іп, -а, -е жұрнақтарымен 6 сөйлем құрыңыз.

6. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

7. Екі топқа бөлініп сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

Негізгі әдебиет: [1.7:6]; [1.7:15]

Қосымша әдебиет: [1.7:29]; [1.7:26]

ҮІ апта. Кредит 16-18.

Тақырып: Қазақстанның шетелдермен саяси, халықаралық қарым-қатынастағы қазақ билерінің рөлі.

Грамматика: Тұйық етістік.

Мәтіндер: Төле би (1663-1756)

Әлібекұлы Төле би – қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз-Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті Жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Төле би – кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.

Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтар үлес қосқан, жыл сайын өтетін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл – Қазақ пен Жонғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.

Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланасты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына байланысты біраз кақыт соларға тәуелді болады. бірақ оларға алым-салық төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, «ақ табан шұбырындыдан» кейінгі қазақ қайымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен азат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүнгізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым-салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, шақшақ Жәнібек батырмен, сондай-ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі – Сары Манджаның Төле бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай.

Төле би Россия мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынасы қалаптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Россияға қосылу ниетін білдіреді.

Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жонғар нойандарын алма-кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.

Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл – оның бүкіл қазақ халқынын тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы.

Жаңа сөздер:

тапқыр-находчивый, сметливый

өнегелі-воспитанный

шешен сөздер-красноречивые слова

ділмар (сөзге) – красноречивый

парасаттылық-здравомяслящий

дау-спор

айтыс-тартыс – распри

тыйым-запрет, предел

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Төле би қай жерде дүниеге келді?

ә) Төле бидің бабалары кімдер болған?

б) Төле би туып-өскен ортасынан қандай тәрбие алды?

в) Төле би халық арасына қалай танымал болды?

г) Қазақтың ежелгі құжаты «Жеті жарғы» туралы не білесіз?

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз: сөзге ділмар, шешен би, әділ шешен, бата алу, қазақтың ежелгі құжаттары, әдет-ғұрып дәстүрлері.

4. Жайлауында, өнегелі, парасаттылығы, жастайынан, шешендік сөздерін сөз құрамына талдаңыз.

5. Мәтіннен 2-3 жай сөйлемді анықтап, сөйлем мүшесіне талдаңыз.

6. Төле бидің «Бата – басқа, қына – тасқа, ақыл - жасқа» деген сөзін қалай түсінесіз?

7. Мәтінді мазмұндаңыз.