Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по казахскому 2008 РАП, РАФ, РА.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Еуразия құрлығының түкпіріндегі, Орталық Азияда орналасқан. Оның территориясы – 2.717.300 ш. км. Ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-шы орында (Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның ауданы Еуропадағы 12 мемлекеттің ауданынан да үлкен.

Қазақстанның: Қытай – 1460 км, Қырғызстан – 980 км, Түркменстан-380 км, Өзбекстан – 320 км, Ресей – 6467 км мемлекеттерімен шекарасы бар. Барлық шекарасының ұзындығы – 12187 км.

Қазақстанның территориясының мұхиттардан алыс жатуы және ауданының үлкендігі оның климатына қатты әсер етеді. Республиканың климаты күрт континентальды.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Астана халқының саны – 271 мың адамдай.

Қазақстанда 14 облыс, 84 кала, 160 аудан, 10 қала аудандары, 195 қалашық, 2150 ауылдық округтар бар.

Адам саны жағынан Қазақстан қалалары төмендегідей бөлінеді:

300-400 мың тұрғындары бар қалалар (Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Тараз, Өскемен)

200-280 мың тұрғындары бар қалалар (Орал, Теміртау, Қостанай, Ақтөбе).

110-160 мың тұрғындары бар қалалар (Жезқазған, Екібастұз, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Талдықорған). 50 мыңға дейін тұрғындары бар қалалар саны өте көп. Қазақстанда үлкен және кіші өзендер көп. Жеті өзеннің ұзындығы 100 км асады. Ең ірілері Орал, Ембі Каспий теңізіне құяды, Сырдария өзенінің суын Арал теңізіне апарады, Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері Республиканы қиып өтіп, Солтүстік мұзды мұхитқа барады.

Саяси тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық республикаға айналды. Өкімет жүйесі биліктің екі тармағынан тұрады: заң шығаратын өкімет – Парламент, атқарушы өкімет – Президент және Үкімет. Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі, Сенат – жоғарғы.

Қазір Қазақстан Республикасы дамыған, алыс, жақын шет елдерді қызықтыратын тәуелсіз мемлекет.

Жаңа сөздер:

түкпір – отдаленный уголок, окрайна

шекара-граница

мұхит-океан

тұрғын-житель

саяси-политические

Тапсырмалар:

1. Сөйлем құрастырыңыз, сан есімдерді жазбаша жазыңыз.

Қазақстанның Қытаймен 1460 км шекарасы бар.

Қазақстанның

Қазақстанның шекарасы бар

Қазақстанның

2. Республика климаты күрт континентальды ... сөйлемінен бастап өткен мәтін бойынша Қазақстан табиғаты жайлы мәтін құрастырыңыз.

3. Қазақстанда 14 облыс, 84 қала, 160 аудан, 10 қала аудандары, 195 қаланың, 2150 ауылдың округтар бар. Берілген сөйлемдегі сан есімдерді болжандық сан есім түрінде жазыңыз.

4. Мәтіннен ілік септіктегі сөздерді теріп жазып, оларға тіркес құрастырыңыз.

5. Народ, населения, страна, Родина сөздерін аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

6. Ел сөзімен бірнеше сөз тіркесін жасаңыз.

7. «Менің өлкем» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялады. Біздің еліміз демократиялық мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде мемлекеттік нышандары (рәміздері) бар. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.