- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәліметтер:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Баға туралы ақпарат:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері бағдарлама бойынша қарастырылмаған.
- •2.3. Семинар сабақтарының жоспары
- •Өзім туралы
- •Өмірбаян
- •Менің бөлмем
- •Жатақхана
- •Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
- •Уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
- •Уақытты бағалай біл
- •Адам келбетін суреттеу
- •Құрбым Тоғжан
- •Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов.
- •Шетел тілдері факультеті
- •Қазақстан Республикасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
- •Қазақ елінің әнұраны
- •Астана – Қазақстанның ел ордасы
- •Астаналар тарихы
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Қазақстан экологиясы
- •Жаңа сөздер
- •Тапсырмалар
- •Арал теңізі
- •Семей - Невада қозғалысы
- •Туған өлкенің өзен-сулары
- •Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)
- •Мағжан Жұмабаев
- •Қазақстанның ежелгі, тарихи қалалары Түркістан
- •Еуразия университеті
- •Резюме (түйін) Мұқажанов Ернұр Ерғалиұлы
- •Ел ертеңі – жастар
- •Мен елімнің патриотымын
- •Талғат Мұсабаев
- •Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
- •Қазақ халқының ұлттық ойын-сауықтары
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Халықаралық ытымақтастық
- •Қазақстан – Британ техникалық университеті
- •Ержан Біртанов – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы тұңғыш қазақ
- •Нидерландтар корольдары
- •Нидерланд табиғаты.
- •Норвегия Корольдығы
- •Қазыбек би (1665-1765)
- •Әйтеке би (1644-1700)
- •Вольтер Скотт
- •Вольтер шығармашылығы
- •Уильям Гершель (1738-1822)
- •Иоганн Вольфанг Гете (1749-1832)
- •Француз драматургы
- •Шолом Алейхем
- •Питер Брейгель
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
- •Оноре де Бальзак
- •Мұхтар Әуезов (1897-1961)
- •Фритьоф Нансен
- •Диего Родригес де Сильва Веласкес
- •Қазақстан және Германия қарым-қатынастары
- •Дипломатиялық қатынастар
- •Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі
- •Аймақтағы өркениеттер арасындағы қатынас
- •Ұлы ақын туралы дерек
- •Өздігінен аударуға арналған мәтін Как я изучаю языки
- •2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары (бағдарлама бойынша қарастырылмаған).
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •І апта. Соөж 1-3
- •Іі апта. Соөж 4-6
- •Ііі апта. Соөж 7-9
- •Іү апта. Соөж 10-12
- •Ү апта. Соөж 13-15
- •Үі апта. Соөж 16-18
- •Үіі апта. Соөж 19-21
- •Түркістан
- •Хіі апта. Соөж 34-36
- •Хііі апта. Соөж 37-39
- •Хіү апта. Соөж 40-42
- •Хү апта. Соөж 43-45
- •Хү апта. Соөж 31-33
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық өткізілуі
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •І вариант іі вариант
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны:
- •Пән туралы мәліметтер .............................................................3
- •2008 Жылғы 4-сәуірдегі №8 хаттамасы
- •2008 Жылғы 25-сәуірдегі №6 хаттамасы «қазақ тілі» пәні бойынша
Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Евней Арыстанұлы Бөкетов атақты металлург – ғалым және физик – химик, Қазақстандағы ғылым мен жоғарғы оқуды ұйымдастырушылырдың бірі, ақын, жазушы, аудармашы, және әдебиет сыншысы.
Е.А.Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Сергеев, қазіргі Шалақын ауданының Бағанаты ауылында дүниеге келген. Әкесі Арыстан Бөкетұлы діншіл болғандықтан ұлының атын Ибн Қабиден деп қойған болатын, ал анасы Бәлтәй Байжалқызы баласын еркелетіп Ебіней деп атайды. Содан оның есімі елге Евней болып тарап кетеді.
Ол 1941 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь ауданындағы Марьевка мектебінің 9 сыныбын бітірген кезде соғыс басталып, ол өмір жолын осы өңірлердегі мектептерде мұғалім болып қызмет атқарып бастайды. Кейін 1945 жылы Марьевка орта мектебінде орта білім жөніндегі аттестатқа шұғыл түрде емтихан тапсырған. 1945 – 1950 жылдары Алматы қаласындағы қазақ тау-кен металлургия институтын (Қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін) аяқтап, осы институттың аспиранты болады. 1954 жылы техника ғылымдарының кандидаты, 1967 жылы техника ғылымдарының докторы және профессор ғылыми атағы берілді.
1960 жылы ұстазы академик Қ.И.Сәтбаев Е.А.Бөкетовті Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы химия – металлургия институтына шақырып, ол 12 жыл осы институттың директоры болады.
1972 – 1980 жылдары жаңадан ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры.
Е.А.Бөкетов металлургия және химия саласындағы белгілі ғалым ғана емес, сонымен бірге көркем әдебиетке де құштар болған, тарихты да ұнататын еді. Іс – сапарларында, демалыста болғанда, тарихи өңірлердегі ескерткіштерді көріп, табиғатты тамашалайтын.
Евней Арыстанұлы: «Мен әдебиетті білмеген ғалымды нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашан да мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған», - деп жиі айтатын. Евней Арыстанұлы өзі осындай ғалым еді. Сонымен бірге ол қазақ тілін де, орыс тілін де жетік білді, екі тілде де еркін жаза алды.
Е.А.Бөкетов 406 ғылыми еңбек, 9 монография, «Досыма алты хат» автобиографиялық повесін, «Шоқанның жарқын істері», «Жас Қаныш» шығармаларын жазып, С.Есениннің «Анна Снегина» поэмасы мен өлеңдерін, В.Шекспирдің «Макбет» және «Юлий Цезарь» трагедиясын, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын қазақшаға аударды. Өмірінің соңғы кезінде Е.А.Бөкетов ғылым саласында Қарағанды көмірінен сұйық жанар май (мұнай өнімдерін) алу мәселесімен шұғылданған, өкінішке орай бұл жұмыстары аяқталмады.
1983 жылы 13 желтоқсанда ғалым Е.А.Бөкетов қайтыс болды. Марқұмның мәйіті Қарағанды қалалық зиратында жерленді.
Жаңа сөздер:
еркелету-баловать
шұғыл түрде-срочном порядке
құштар болу-стремление
іс-сапар - камондировка
Тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
а) Е.А.Бөкетов кім?
ә) Ол ғылымның қандай салаларына үлес қосты?
б) Е.А.Бөкетов мұражайында болдыңыз ба?
в) Академик есімі университетке қай жылы берілген?
г) Е.А.Бөкетов еңбектерін білесіз бе?
2. Мәтінен етістіктерді теріп жазыңыз, қай шақта берілгенін анықтаңыз.
3. Сын есімдерді теріп жазып сөз тіркесін құрастырыңыз.
4. Мына сөздерге синоним жазыңыз: атақты, ғылым, мұғалім, ұнату, еңбек, зират.
5. Төмендегі сөздерді жіктеңіз: ғалым, ұстаз, аспирант, аудармашы.
6. Мәтін бойынша Е.А.Бөкетов өміріне хронологиялық таблица жасап көріңіз.
7. Мұражай, әдебиет сөздерінің әрбір әрпіне сөздер жазыңыз.
