- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Палас-Театр
1914 жылы «Никельодеондардың» көгілдір мұхиты өзінің шарықтау шегіне жетті. Самуэль «Рокси» Ротапфель {Samuel Rothapfel) қозғалмалы бейнелерді орта және төменгі кластың өміріне әкелу туралы шешім қабылдап, Нью-Йоркте АҚШ-тағы бірінші Палас-Театрды (Palace Theater) ашты. Бұған дейін Ротапфельдің бүкіл ел бойынша көптеген «Никельодеондары» болды және ол бұларды қарсыласуға тырысқан кинотетарлардың орнында ашуымен танымал болды. Төменгі сұрыпты және қарапайым орындар деп саналатын «Никельодеондарға» қарағанда, Ротапфельдің Палас-Театрлары экстравагантты шырағдандары, айнамен қапталған холлдары және үлкен есіктері бар ғажайып кинозалдар болатын. Машиналарды тұраққа айдап барушылар, мақпалмен қапталған екі орынды дивандар және театралды сюжеттері бар ұзақ фильмдер – мұндай кинотеатрға бару театр мен опера сүюшілері үшін де ұятты болмады. Ал билеттердің бағасы айтарлықтай қолжетімді болды.
Сарай-кинотеатрлар коммерциялық табысқа жетті. 1914 жылдан бастап 1922 жылға дейін АҚШ-та төрт жүз Палас-Театр ашылды. Әрбір америкалық үшін оның табысына қарамай, кинотеатрға бару секілді сауық түрі маңызды болды. Рокси айтқандай «Адамдарға қалағанын беру дұрыс емес және қауіпті. Адамдар нені қалайтындарын өздері де білмейді... Оларға одан да жақсысын беріңіздер». Палас-Театрлар опералық театрдың ортасы мен «Никельодеондардың» мазмұнын – кинофильмдерді сәтті үйлестірді, бұл өз саласы үшін жаңа көгілдір мұхитты ашуға және жоғары мен орта класқа жататын жаңа көрермендердің ағымын тартуға мүмкіндік берді.25
1940 жылдардың соңында ұлттың игілігі өсе бастаған сайын және, әр қазанда бір тауық, әр гаражда бір көлік дегендей, америкалықтар қадалармен қоршалған өз үйіне ие болу туралы армандарын іске асыру үшін қала маңына көше бастаған уақытта, Палас-Театрлардың өсім тұжырымдамасын шектейтін факторлар пайда бола бастады. Қала маңдары ірі қалалар мен метрополийлерге қарағанда Палас-Театрлардың ажырамас бөліктеріне айналған зор көлемдер мен салтанатты интерьерлерді қамтамасыз ете алмады. Бәсекелестік күрестің нәтижесінде қала маңдарында аптасына бір фильм көрсетіп отыратын аса ірі емес кинотеатрлар пайда болды. Мұндай театрлар Палас-Тетарларға қарағанда «бағалық көшбасшылар» болғанымен, келуші жұрттың көзін байлай алмады. Олар адамдарға керемет өткен уақыттың әсерін бере алмады, сондықтан олардың табысты болуы тек көрсетілетін фильмге ғана тәуелді болды. Егер фильм табысты болмаса, адамдар кинотеатрға баруды жөн көрмеді, ал кинотеатрдың иесі ақшасынан айырылды. Кинотеатрлар дағдылы құбылысқа айналып бара жатты, олардың табысының өсімі тоқтап қалды.
Мультиплекс
Дегенмен жаңа көгілдір мұхиттарды жасаудың арқасында сала табысты өсім траекториясына қайта оралды. 1963 жылы Стэн Дюрвуд (Stan Durwood) бүкіл саланы аяғынан тік тұрғызған стратегиялық қадам жасады. 1920 жылы Канзас-Ситиде Дюрвудтың әкесі олардың отбасына тиесілі бірінші кинотеатрды ашты, ал Стэн Дюрвуд Канзастың сауда орталығында бірінші кинотеатрды ашып, бұл салаға жаңа өмір сыйлады, онда бірнеше «Мультиплекс»-зал болды. Мультиплекс тез арада танымалдыққа ие болды. Бір жағынан, олар көрермендерге фильмдердің анағұрлым кең түрін ұсынды, екінші жағынан – бір жерде түрлі көлемдегі бірнеше залды шоғырландырып, иелері осы залдарды қандай да бір фильмге деген сұранысқа қарай басқарып, тәуекелдерді төмендетіп, шығындарды азайтты. Нәтижесінде Дюрвудтың American Multi-Cinema, Inc. (AMC) компаниясы штаттан тыс қаланың кинотеатры мәртебесінен елдегі кинопрокатшылардың арасында екінші орынға шықты. Американы мультиплекстің көгілдір мұхиты жаулап алды.
