- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Компьютерлік индустрия
Дүние жүзі бойынша жұмыс ортасының басты құрамдас бөлігін жеткізіп отыратын компьютерлік индустрияны қарастырайық. Америкалық компьютерлік индустрия 1890 жылы, Герман Холлерит (Herman Hollerith) АҚШ-тағы халық санағы кезінде мәліметтерді жазу және талдау үдерісін қысқартуға тырысып, перфокарталармен жұмыс істейтін табулятор жасаған кезде басталды. Холлериттің табуляторы мәліметтерді өңдеу жұмысын алдыңғы санаққа қарағанда бес жыл бұрын аяқтауға мүмкіндік берді.
Біраздан кейін Холлерит халық санағымен айналысуды қойып, өз табуляторларын АҚШ-тың және басқа мемлекеттердің үкіметтік мекемелеріне сататын Tabulating Machine Company (ТМС)-ті құрды. Ол кезде бизнес саласында Холлериттің табуляторларына сәйкес келетін нақты нарық болған жоқ: мәліметтер қарындаш пен гроссбухтың көмегімен өңделетін; қарапайым, арзан әрі сенімді. Холлериттің табуляторы өте тез және дәл істегенімен, оның бағасы да қымбат болды, пайдаланылуы да күрделі еді, осыған қоса, ұдайы профилактикалық қызметті талап етіп тұрды. Патентінің қолдану мерзімі аяқталғанда Холлерит басқа бәсекелестерге кезікті, осыдан кейін оны тағы бір жайсыз жағдай күтіп тұрды – АҚШ үкіметі ТМС-тің жоғары бағалары үшін онымен қызметтес болудан бас тартты. Нәтижесінде Холлерит компаниясын сатты, бұл компания өзге екі компаниямен бірігіп, 1911 жылы олардың негізінде CTR пайда болды.
Табулятор
1914 жылы CTR-дың табуляторлық бизнесі шағын әрі пайдасыз күйінде қала берді. Жағдайды өзгертуге тырысқан CTR бұрын National Cash Register Company-дің басшыларының бірі болған Томас Ватсонның (Thomas Watson) көмегіне жүгінді. Ватсон табуляторға орасан зор әлеуеттік сұраныс бар екенін сезді, себебі бұл машиналардың көмегімен компанияларға тауарлық және бухгалтерлік есеп жүргізу ісін едәуір жақсартуға болар еді. Сонымен қатар, аса көлемді жаңа техника осы уақытқа дейін қарындаш пен гроссбухтарды місе тұтқан ұйымдар үшін тым қымбат әрі күрделі екенін түсінді.
Ватсон компьютерлік өнеркәсіп үшін есептеу нүктесіне айналған стратегиялық қадам жасады: табулятордың қасиеттерін қарындаштар мен гроссбухтардың қарапайымдылығымен және төмен құнымен біріктірді. Ватсонның басқаруымен CTR бұрынғыға қарағанда қарапайым және модульды табуляторлар өндіре бастады, оған қоса компания қолданушыларға соларға барып қызмет көрсетуді, пайдаланушыларды оқыту мен қолдау беруді ұсынды. Клиенттер табуляторлардың жылдамдық және тиімділік сияқты артықшылықтарын пайдаланды, сөйте тұра олар қызметкерлерін оқыту үшін мамандарды немесе сынып қалған машиналарды жөндеу үшін қыруар техниктерді жалдауға мәжбүр болған жоқ.
Осыдан соң Ватсон табуляторларды сатудың орнына оларды жалға беруді ұйғарды – бұл инновация табуляторлық бизнес үшін жаңа баға үлгісін белгілеуге септігін тигізді. Бір жағынан, бұл - ұйымдарға көлемді капитал шығынынан құтылуға жол ашты және ең үздік үлгілерді шығара сала пайдалану мүмкіндігін берді. Екінші жағынан, бұл клиенттерге қолданыста болған машиналарды бір-бірінен сатып алуға жол бермей, CTR-ға қайта-қайта пайда түсіруге жағдай туғызды.
Алты жылдан соң компанияның пайдасы үш еседен көп ұлғайды. 1920 жылдардың ортасына қарай CTR-ге АҚШ-тағы табулятор нарығының 85 пайызы тиесілі болды. 1924 жылы, компанияның өсіп келе жатқан халықаралық деңгейін бейнелеу мақсатында, Ватсон CTR-дің атауын International Business Machines Соrр. (Халықаралық компьютерлер корпорациясы) немесе IBM деп өзгертті. Табуляторлардың көгілдір мұхиты ашылды.
