- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
Стратегияның визуалдануы корпоративтік стратегияға жауапты менеджерлерге кірістің ары қарай өсуін және көлемін болжалдау мен жоспарлауға да септігін тигізуі мүмкін. Біздің зерттеген компаниялардың – көгілдір мұхиттар жасаушылардың барлығы жаңа технологияларды жетілдіруде болмаса да, клиенттерге ұсынатын құндылықтарды жаңа межелерге жылжытуда өз салаларында ізашар болды. Егер «ізашар» метафорасының қолданылуын кеңейтсек, қазіргі кездегі бизнестердің ғана емес, келешек бизнестердің өсу әлеуетін көз алдымызға елестете аламыз.
Теңдессіз құндылықты ұсынатын бизнестер компанияның ізашарлары болып саналады. Олар - пайда өсімінің ең қуатты көзі болып табылатын көгілдір мұхит стратегтері. Осы бизнестердің клиенттері өте мол. Олардың стратегиялық арқаудағы құндылық қисығы бәсекелестерінің қисығынан ерекшеленеді. Спектрдің келесі басында саланың негізгі сипаттамаларына сәйкес келетін құндылықты ұсынатын бизнес колонистері орналасқан. Оларды «еліктеушілер» деп те атауға болады. Колонистер компанияның келешек дауына көп үлес қоспайды. Олар алқызыл мұхитта батып қалған.
Қоныс аударушылар әлеуеті шамамен ортада тұр. Бұл бизнестер клиенттерге азырақ ақшаға көбірек ұсыну арқылы саланың қисығын соза түседі, алайда шын мәнінде өзгеруге ниетті емес. Олардың ұсынатын құндылығы әдеттегі деңгейден жоғары болғанымен, инновациялық болып есептелмейді. Бұл бизнестердің стратегиялары алқызыл мен көгілдір мұхиттардың арасында орналасқан.
Пайда өсімін қамтамасыз етуге ұмтылатын корпорацияның басшылығына бизнестердің қолда бар және жоспарланған портфолиоларын ізашар-қоныс аударушы-колонист (ІҚК) картасында суреттеу пайдалы болады.
Осы жаттығудың мақсаты үшін ғана колонистер деп еліктеуші-бизнестер, қоныс аударушылар деп – ұсыныстары нарықтағылардың ішіндегі ең үздігі болып саналатын бизнестер, ал ізашарлар деп – клиенттердің басым көпшілігі еретін бизнестер ғана аталатын болады. Егер қолда бар портфолио да, жоспарланатын ұсыныстар да негізінен колонистерден тұратын болса, компанияның өсуі төмен болады. Өзі алқызыл мұхитқа бауыр басып қалғандықтан, оны құндылық инновациясына итермелеу қажет. Бүгінгі күні компанияның тасы өрге домалап тұрса да, ол бәсекелес бенчмаркингтің, еліктеменің және қарқынды баға бәсекесінің тұзағына оп-оңай түсіп қалуы мүмкін.
Қазіргі және жоспарланған ұсыныстарда әрекеттенетін қоныс аударушылардың саны көп болса, айтарлықтай өсімді күтуге болады. Алайда компания өзінің бүкіл өсу әлеуетін іске қоспайды және құндылық инновациясымен шұғылданатындар тарапынан жолдың жиегіне шығып қалуы ғажап емес. Біздің тәжірибеміз салада колонистер саны неғұрлым көп болса құндылық инновациясын және жаңа нарықтық кеңістіктің көгілдір мұхитын жасайтын мүмкіндіктер де молырақ болады дегенді аңдатады.
Бұл жаттығу ертеңгі күнге, қызметінің бүгінгі көрсеткіштерінің шеңберінен тыс жерге көз тастағысы келген менеджерлер үшін әсіресе пайдалы. Кірістер, пайдалылық, нарық үлесі және клиенттердің қанағаттандырылуы – осы көрсеткіштердің барлығы компанияның қазіргі ұстанымын бейнелейді.
Дәстүрлі стратегиялық ойлаудың не ұсынатынына қарамастан, бұл көрсеткіштер болашаққа апарар жолды белгілей алмайды; бізді қоршаған әлемдегі өзгерістер аса жылдам тез жүреді. Сол сияқты, бүгінгі күнде орын алып тұрған нарық үлесі ұйымның өткен уақытта қаншалықты жақсы жұмыс істегенінің көрсеткіші болып табылады.
Америкалық жаңалықтар нарығына СNN шыққан кезде, стратегияларда және нарық бөліктерінің үлестірілуінде қандай түбегейлі өзгерістер болғанын елестетіп көріңізші. АВС, СВS және NВС-нің – осы нарықтың қомақты үлестерінің барлық дәстүрлі иегерлерінің күл-талқаны шықты.
Жоғарғы басшылыққа «құндылық» пен «инновацияны» өздерінің бизнес портфолиосын басқаруында аса маңызды өлшемдер ретінде пайдаланғаны жөн. Инновацияның қажеттілігі ол жоқ болған кезде компаниялар бәсекелік «жақсарту» тұзағына түсіп қалатынымен түсіндіріледі. Құндылықсыз инновациялық идеялар өздерінен-өздері кіріс әкелмейді – олар сатып алушылардың ақша төлеуге дайын тұрған нәрсесімен байланыста болуы тиіс. Жоғары менеджменттің компанияны болашақ портфолиодағы теңгерімді ізашарлар пайдасына қарай жылжытуға мәжбүрлеуге тырысу керектігі айдан анық. Пайдалы өсуге апаратын жол дәл осындай. ІҚК картасында (4-6 суреті) он екі бизнестен тұратын ағымдағы портфолио өзгеріске ұшырап, басым көпшілігі колонистер болған саннан қоныс аударушылар мен ізашарлар пайдасына қарай ойысудағы компанияның портфолиосындағы бизнестердің жобалап қайта үлестірілуін бейнелейтін траектория көрсетілген.
4-6 СУРЕТІ
Бизнес портфолиосының өсу әлеуетін тестілеу
Ізашарлар
Бүгін Ертең
Қоныс
аударушылар
Колонистер
Әйтсе де, жоғары басшылық ізашарларға аса мән бергенмен, өсу әлеуетінің нашарлығына қарамастан, колонистердің қазіргі кезде компанияға ақша келуінің басты генераторлары болып табылатынын түсінуі қажет. Ізашарлар, керісінше, өсудің жоғары әлеуетіне ие, бірақ өсу мен кеңеюдің алғашқы кезеңінде қаражының көп келуін қажет етеді. Жоғары басшылықтың негізгі мақсаты - өзінің бизнестер портфолиосын уақыттың кез келген нақты сәтінде пайданың өсуі мен ақшаның келуі арасында ақылға қонымды теңгерімнің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп басқару екені анық.
