
- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Құндылық қисығының түсініктемесі
Стратегиялық арқау компанияларға болашақты осы шақтан көруге мүмкіндік береді. Ол үшін компания құндылық қисығын түсіне білуі керек. Саланың құндылық қисықтарында істің ағымдағы жағдайы туралы және бизнестің болашағы туралы стратегиялық білімнің қазынасы жасырылған.
Көгілдір мұхит стратегиясы
Құндылық қисығының жауап беретін алғашқы сұрағы – бизнес табысқа жете ме? Компанияның немесе оның бәсекелестерінің құндылық қисығы көгілдір мұхиттың жақсы стратегиясының үш өлшеміне сәйкес келетін болса, бұл - компанияның дұрыс бағытта келе жатқанын білдіреді. Осы үш өлшем көгілдір мұхит идеяларының коммерциялық болашағын белгілей отырып лакмус қағазының қызметін атқарады.
Екінші жағынан, компанияның құндылық қисығына фокус жетпей жататын болса, оның шығынының құрылымы жоғары болуы әбден мүмкін, ал енгізу және жүзеге асыру саласындағы бизнес-үлгі – күрделі болады. Дивергенциясыз компания стратегиясы дағдылы болып, еш нәрсесімен ерекшелене алмайды. Тұтынушыларға бірдеңені хабарлайтын тартымды ұран болмаса, бұл - компанияны өзінің ішкі қуаты ғана қимылға келтіріп жатыр дегенді білдіреді, немесе ол - жақсы коммерциялық әлеуеті мен бәсекелестерін кәдімгі жолмен жеңетін шамасы жоқ, инновация - инновация үшін дегеннің классикалық үлгісі болып табылады деген сөз.
Алқызыл мұхитта батып қалған компания
Компанияның құндылық қисығы бәсекелестерінің құндылық қисығымен сәйкес келетін болса, бұл – компания мейірімсіз бәсекенің мұхитына батып қалды дегенді білдіреді. Компанияның эксплицитті немесе имплицитті стратегиясы бәсекелестерінен шығын немесе сапа жағынан озып кетуге тырысуын байқатады. Бұл – дамудың бәсеңдеуі туралы белгі береді, мұндайда кейбір жолы болғыш компаниялар өз бетінше өсіп келе жатқан сала есебінен ұтуы мүмкін. Бұл жағдайда компанияның дамуы стратегияға емес, сәттілікке байланысты.
Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
Компанияның стратегиялық арқаудағы құндылық қисығы барлық фактор бойынша жоғары көрсеткіштерді бейнелеп тұрса, мынадай сауал туындайды: компанияда бар нарық үлесі немесе пайдалылығы инвестиция көлеміне сәйкес келе ме? Егер келмесе, стратегиялық арқау компанияның сатып алушылар үшін инкременталды құндылықты арттыратын нәрседен тым көп ұсынып, өз клиенттеріне шектен тыс қамқорлық жасайтын болуы керек дегенді білдіріп тұр. Құндылық инновациясын өткізу үшін, құндылық қисығы басқалардан өзгешеленіп тұруы үшін, компания факторларды арттыру және жасауды ғана емес, қандай факторларды жою және азайту керектігін шешуі тиіс.
Когерентті емес стратегия
Компанияның құндылық қисығы ешбір ырғақсыз немесе белгілі бір себепсіз, спагеттиге ұқсап біресе жоғары, біресе төмен секіріп тұрса, ал ұсынысы «төмен-жоғары-төмен-төмен-жоғары-төмен-жоғары» деп сипатталса, бұл - компанияның бірізді стратегиясының жоқтығы туралы белгі береді. Бәлкім, оның стратегиясы бір-бірімен байланысы жоқ шағын стратегияларға негізделген шығар. Мүмкін, жеке-жеке тұрғанда олар мағынаға ие болып, адамдарды жұмыспен шұғылдандыру арқылы бизнесті жүргізуге септігін тигізетін болар, бірақ барлығы бірге компанияның басты бәсекелесінен ерекшеленуіне әкелмейді және болашақты стратегиялық тұрғыдан анық болжауға қол жеткізбейді. Көбінесе бұл – ұйым құрылысындағы атқарымдық және құрылымдық ақаулардың белгісі болып табылады.