- •Обложка
- •Орыс тілді басылымға алғысөз
- •Авторлар алғысын білдіреді
- •Стратегиясы
- •1 Тарау Көгілдір мұхиттардың жасалуы
- •2 Тарау Аналитикалық құралдар мен үлгілер
- •Стратегиялық арқау
- •Төрт әрекет үлгісі
- •«Жою-азайту-арттыру-жасау» торы
- •Жақсы стратегияның үш сипаты
- •Дивергенция
- •Тартымды ұран
- •Құндылық қисығының түсініктемесі
- •Көгілдір мұхит стратегиясы
- •Алқызыл мұхитта батып қалған компания
- •Қайтарымы жоқ, шамадан тыс ұсыным
- •Когерентті емес стратегия
- •Стратегиялық қайшылықтар
- •Ішкі күштер көмегімен қозғалатын компания
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жасау
- •3 Тарау
- •Нарық шекарасын қайта құру
- •Бірінші жол: Балама салаларды қарастыру
- •Екінші жол: Саланың стратегиялық топтарын қарастыру
- •Үшінші жол: Сатып алушылардың тізбегіне қараңыз
- •Төртінші жол: Қосымша өнімдер мен қызметтерді қарастыру
- •Бесінші жол: Тауардың сатып алушылар алдындағы атқарымдық және эмоционалдық тартымдылығына талдау жасау
- •Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
- •Жаңа нарықтық кеңістікті ашу
- •4 Тарау Сандарға емес, жалпы көрініске назар аудару
- •Жалпы көрініске шоғырлану
- •Өзіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау
- •Бірінші қадам: Визуалды ояныс
- •Екінші қадам: Визуалды зерттеу
- •Үшінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
- •Төртінші қадам: Визуалды коммуникация
- •Корпоративтік деңгейдегі стратегияны визуалдау
- •Стратегиялық арқауды қолдану
- •Ізашар-қоныс аударушы-колонистің (іқк) картасын қолдану
- •Стратегиялық жоспарлаудың шектеулерінен өту
- •5 Тарау Қалыпты сұраныстың шеңберінен шығу
- •Клиент еместердің үшінші қабаты
- •Бірінші қабаттың клиент еместері
- •Екінші қабаттың клиент еместері
- •Үшінші қабаттың клиент еместері
- •Қамту аймағын кеңейтіңіз
- •6 Тарау Дұрыс стратегиялық реттілікті сақтау
- •Дұрыс стратегиялық реттілік
- •Айрықша пайдалылықты тексеру
- •Сатып алушы циклінің алты кезеңі
- •Пайдалылықтың алты тетігі
- •Айрықша пайдалылықтан - стратегиялық баға белгіленіміне
- •Бірінші қадам: Көпшілік үшін баға дәлізін белгілеу
- •Екінші қадам: Баға дәлізі шеңберіндегі деңгейді анықтау
- •Стратегиялық баға белгіленімінен таргет-костингке
- •Көгілдір мұхит стратегиясының пайда үлгісі
- •Пайдалылықтан, бағадан және шығыннан - енгізуге
- •Қызметкерлер
- •Бизнес-серіктестер
- •Кең аудитория
- •Көгілдір мұхит идеяларының индексі
- •Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыру
- •7 Тарау
- •Ұйымдастырудың басты бөгеттерінен өту
- •Әрекеттегі мақсатты көшбасшылық
- •Басты тетік: сәйкес емес әсер ету факторлары
- •Түсінбеушілік бөгетін жара өтеміз
- •«Электрлі кәріз жүйесімен» жүріп өтіңіз
- •Наразы клиенттеріңізбен сөйлесіп көріңіз
- •Ресурстардың жетіспеушілігін жеңеміз
- •Ресурстарды қызу нүктелерге аударыңыз
- •Суық нүктелердегі ресурстарды босатып алыңыз
- •Пайдалы айырбаспен айналысыңыз
- •Уәждеме тосқауылынан өтеміз
- •«Басты кеглилерге» көз тігіңіз
- •«Басты кеглилерді» аквариумға орналастырыңыз!
- •Ұйым өзін өзгерте алуы үшін, мақсатты бөлшектеп алыңыз
- •Саяси қастықты жоямыз
- •Періштелерді көмекке шақырып, жындарды тыйыңыз
- •Дәстүрлі көзқарасқа қарсы шығамыз
- •8 Тарау Жүзеге асыру үдерісін стратегияға кіріктіру
- •Нашар үдеріс стратегияның жүзеге асуын болдырмауы мүмкін
- •Әділ үдерістің үш «е» қағидасы
- •Екі зауыт туралы әңгіме
- •Әділ үдерістің маңыздылығы неде?
- •Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
- •Әділ үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
- •9 Тарау Қорытынды: Көгілдір мұхит стратегиясының тұрақтылығы мен жаңартылуы
- •Еліктеушілер жолындағы кедергілер
- •Көгілдір мұхит стратегиясы: еліктеуге қойылған тосқауылдар
- •Құндылық инновациясы тағы қашан қажет болады
- •А қосымшасы Көгілдір мұхит жасау паттерні туралы тарихи очерк
- •Автокөлік өнеркәсібі
- •Дженерал Моторс
- •Шағын да үнемді жапон автомобильдері
- •Chrysler минивэні
- •Компьютерлік индустрия
- •Табулятор
- •Электронды компьютер
- •Дербестендірілген компьютер
- •Compaq дк-серверлері
- •Dell компьютері
- •Кинотеатрлар
- •Никельодеон
- •Палас-Театр
- •Мультиплекс
- •Мегаплекс
- •В қосымшасы Құндылық инновациясы Стратегияға реконструкционистік көзқарас
- •С қосымшасы Құндылық инновациясының нарықтық динамикасы
- •1 Тарау
- •2 Тарау
- •3 Тарау
- •4 Тарау
- •5 Тарау
- •6 Тарау
- •7 Тарау
- •8 Тарау
- •Библиография
Дивергенция
Егер компания өз стратегиясын бәсекелестерінің әрекеттеріне орай реактивті түрде құратын болса, оның стратегиясы бірегейлігін жоғалтады. Бұған барлық ұшақтарда ұсынылатын тағамдардың ұқсастығы немесе бизнес-класс жолаушыларына арналған күту залдарының біркелкілігі дәлел бола алады. Сондықтан, стратегиялық арқауда реактивті стратегиялар, әдетте, бір бейінге ие. Soutwest бәсекелестерінің құндылық қисығы іс жүзінде бірдей, сол себепті де стратегиялық арқауда бір қисық арқылы бейнелене алады.
Осыған кереғар көгілдір мұхит стратегиясына ие компаниялардың құндылықтарының ауытқымалары ешқашан бір-біріне ұқсас болмайды. Төрт әрекет – жою, азайту, арттыру және жасау - көмегімен олар өз стратегияларын сала бойынша орташа көрсеткіштерден өзгеше қылады. Осылай, Soutwest шағын қалалар арасында тікелей ұшу саласында ізашарға айналды, бұған дейін мұндай маршруттар ауысып отыратын тораптар арқылы өтетін.
Тартымды ұран
Жақсы стратегияның айқын да тартымды ұраны болады. «Ұшақ жылдамдығы автомобильмен жүру бағасымен – кез келген уақытта». Soutwest Airlines-тің басты ұраны осындай – немесе осындай бола алар еді. Мұндайда компания бәсекелестері не айта алады? Тіпті ең тәжірибелі жарнама агенттіктері үйреншікті тағамдар үйлесімінен, орындар класының, күту залдарының және стандартты қызмет көрсететін сапарлардың түйісуін таңдауынан, ең жоғары деуге келмейтін жылдамдықтар мен арзан деуге болмайтын тарифтерден тартымды бірдеңе жасап шығара алмас еді. Жақсы ұран анық ақпарат беріп қана қоймай, ұсынылатын заттың шынайы жарнамасын да қамтуы тиіс, - олай болмаса тұтынушылар компанияға деген сенімі мен қызығушылығын жоғалтады. Басқаша айтқанда, стратегияның тиімділігі мен қуатын бағалау үшін оның елді иландыратын және шындыққа жанасатын ұраны бар екенін көру керек.
2-7 суретінде көрсетілгендей, Cirgue du Soleil-дің стратегиялық бейіні де көгілдір мұхит стратегиясының үш айқындауыш көрсеткішіне: фокусқа, дивергенцияға және ұранға сәйкес келеді. Cirgue du Soleil-дің стратегиялық арқауы оның стратегиялық бейінінің графикалық суретін басты бәсекелестерінің бейіндерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Арқау Cirgue du Soleil-дің цирк индустриясының дәстүрлі қисынынан қаншалықты ауытқығанын анық көрсетеді. Суреттен Ringling Bros және Barnum & Bailey-дің құндылық исықтары жалпы олардан гөрі ұсақ аймақтық цирктердің қисықтарынан өте ұқсас екені байқалады. Олардың басты айырмашылығы - аймақтық цирктердің қаржысы тапшы болғандықтан бәсекенің әрбір факторы бойынша ұсынымдары төмен.
2-7 СУРЕТ
Cirgue du Soleil-дің стратегиялық арқауы

Жоғары ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ringling Bros және Barnum & Bailey-дің құндылық қисығы
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Cirgue du Soleil-дің құндылық қисығы
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ұсақ аймақтық цирктер
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Төмен------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Баға Хайуандар Бірнеше Дүрлікпе Тақырып Қойылымдар
қатыстырылған аренадағы және түрлілігі
нөмірлер шоу қауіп
Жұлдыздардың Орындарды Шаттық Өткізетін Жабдықтар Басқа
қатысуы сауда жасауға пен орынның сәнділігі тұрпаттағы
жалға беру әзіл бірегейлігі музыка мен
билер
Ал Cirgue du Soleil-дің құндылық қисығы оқшауланып тұр. Оның құрамына тақырып, қойылымдар түрлілігі, сәнді жабдықтар және басқа тұрпаттағы музыка мен билер сияқты жаңа, цирктік емес факторлар енгізілген. Цирк индустриясы үшін мүлде дәстүрлі болып есептелмейтін бұл факторлар сауықтың балама индустриясынан – театрдан ауысқан. Бұл мағынада стратегиялық арқау саладағы бәсекеге ықпал ететін дәстүрлі факторларды және саланың стратегиялық арқауын өзгерткен жаңа нарық кеңістігін жасауға әкелген жаңа факторларды анық бейнелейді.
[уеllow tail], Cirgue du Soleil және Soutwest Airlines көгілдір мұхиттарды мүлде басқа бизнес-жағдайларда және салалық контекстерде жасады. Сөйте тұра, оларды стратегиялық бейіндеріне ортақ үш басты сипат: фокус, дивергенция және ұран ерекшелейді. Осы үш өлшем ол компаниялардың тұтынушылары үшін де, өздері үшін де құндылықты күрт арттыру мақсатында жүргізген қайта құру үдерісін басқарды.
